Сделать свой сайт бесплатно

Реклама

Создай свой сайт в 3 клика и начни зарабатывать уже сегодня.

@ADVMAKER@

ҚР МЕН ЕО САЯСИ – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

12.05.2015

Кіріспе

1 ҚР МЕН ЕО САЯСИ – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1.1 ҚР МЕН ЕО САЯСИ – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ (1993 – 2007 жж.)

1.2 ҚР МЕН ЕО ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕЛІСІМДІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ

1.3 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ГЕОСАЯСИ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҮРДІСІ

2 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАҒА ЖОЛ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

2.2 ЕО МЕН ОА: ЖАҢА ӘРІПТЕСТІКТІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН САРАПШЫЛЫҚ КӨЗҚАРАС

2.3 ҚР МЕН ЕО КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕРІКТЕСТІГІ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДАСТЫҚ КЕЛЕШЕГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ САЯСИ – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1.1 ҚР МЕН ЕО САЯСИ – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ (1993 – 2007 жж.) КЕЗЕҢІНДЕ

ХХIғасырға аяқ басу мен 2006 жылдың 16 желтоқсанында тойланған мемлекеттің егемендігін жариялаған он бесінші мерейтойдан кейін, Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық қатынастардағы толық құқықты және дербес субъект ретіндегі алғашқы тәжірибесінің қорытындысын шығарды.

Егемендік алумен, әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды мойындауы, тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренаға шығуы және тікелей белсенді қатысушының рөлін атқаруы, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы жаңа мемлекеттің жаңа жүзжылдықта және жаңа мың жылдықта маңызды және қайтымсыз үрдісін айқындады.

Қазақстанның қазіргі ұстанымы көпвекторлы ынтымақтастық пен әріптестік жолын таңдаған, соның бірі еуропалық бағытта, Еуропалық Одақпен жемісті және сындарлы ынтымақтастықты нығайту. Еуропа территориясында стратегиялық және ұзақ мерзімді бағыттағы орныққан интеграцияның жоғарғы деңгейіне акцент жасау, тіпті Президент Н.Ә.Назарбаев 1995 жылдың өзінде Еуропалық Одақты «Қазақстанның ұзақ мерзімді келешегіндегі ерекше қызығушылық» екендігін анықтап айтты [34, 52 б.].

ҚР мен ЕО екі жақтық ынтымақтастығының дамуына ерекше орын беріледі. Қазақстанның сыртқы саясатында басым бағыттардың бірі ҚР – дың ЕО мен саяси, экономикалық және мәдени қатынастарының дамуы.

ЕО мақсатын айқындаудағы айтарлықтай маңызды рөлдердің бірін Қазақстанда көмірдің зерттелген және потенциалдық қорының бай болуы әсер етті. Сәйкесінше, Орталық Азия аймағындағы Қазақстанның стратегиялық рөлін Еуропалық Одақ мемлекеттеріне энергетикалық ресурстарды тасымалдаушы сипатындағы жалпы артушы рөлі арқылы анықтайды. ЕО мемлекеттерімен ықпалдастық сонымен қатар республикадағы шикізатты қайта өндіруде, ауыл шаруашылық өндірісінде қуаттылығын арттырды және де ортақ несие нарығын қалыптастырды.

1993 – 1995 жж Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы екі  жақтық қарым – қатынастың концепциясы құрыла бастаған еді, ол бастапқы кезде мынадай басымдылыққа ие болды, мемлекетте саяси демократизация үрдісі мен қатар экономикалық либерализацияны қолдау, басқару стратегияларын әзірлеуге байланысты, заңнама саласында және т.б. салаларда консультациялық кеңестер беру [137, 125 б.].

1993 пен 2000 жж арасында екі жақ мақсаттары, мүмкіндіктері мен талаптары  айқындалмаған болса, бүгінгі күні ЕО тек Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда да «бақылаушы» рөлінен «қатысушы» рөліне ауысты. Сол жылдары Қазақстан тарапы ЕО – ның Кеңес Үкіметінің құрамындағы бұрынғы мемлекеттерге қатысты саясатының қандай екендігін және де ЕО – ның ортақ стратегиясының негізі неге байланысты екендігін, Еуропалық Одақ құрамындағы ортақ саяси бағыты бар,әрбір еуропалық мемлекеттердің саяси және экономикалық қызығушылықтары қандай деңгейде өзара қатынаста екендігін нақты ажырата білмеді. Еуропалық Одақтағы секілді, ТМД мемлекеттерінде де демократиялық және нарықтық өзгерістер қарқынына қатысты бұлыңғыр түсініктер орын алды.

Жалпылай, ЕО – ның ОА мемлекеттеріне қатысты қатынасын шартты түрде 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:

Бірінші кезеңінде (1993 – 1999 жж.) ЕО – ның Орталық Азия мемлекеттеріне бағытталған стратегиясы келесідей бағыттарды қамтыды:

       Орталық Азия республикаларында ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығы;

       Әр түрлі демократиялық инновациялар мен еуропалық мораль үлгісін қолдау;

       Жаңа демократиялық республикаларға экономикалық көмек көрсету мен қатар, олардың нарыққа кіру үрдісіне және сыртқы экономикалық қатынастарын дұрыстауда үлес қосу;

Бұл мақсаттардың орындалуы үшін жоғарыда аталған бағыттар бойынша мемлекет аралық келісімдерге отыру, соның ішінде пайызсыз несие мен қарыз беру және қаржыландыру арқылы ғана жүзеге асады.

ЕО қаржылық көмекпен қатар ішкі саяси жағдайға халықаралық және еуропалық ұйымдардың көмегімен мониторинг жүргізіп отырды (мысалы, ЕҚЫҰ, Еуропалық Парламент, Еуропалық Комиссия, босқындар бойынша БҰҰ Комиссариаты, Еуропа Кеңесі және т.б.).

Мұндай саясат өзі – ақ көктей бастады, өйткені Орта Азиялық мемлекеттерге көрсетіліп жатырған қаржылық көмек орнына, бұл елдер де еуропалық стандарт бойынша реформалар жүргізілуі қажет екендігін өздері – ақ түсінді. Осы орайда «ТАСИС» бұрынғы КСРО республикаларына көмектесуге арнайы бағытталған бағдарламаны ерекше атап өткен жөн.

Аймақтағы республикалардың ішкі саяси жағдайына Батыстық орнатылған идеология өзіндік тұрақсыздық жағдайын алып келді. Демократияның Батыстық стандарты аймақта діни ренессанстың үрдісін орнатты, бұл көп параметрлер бойынша аймақтағы республикаларда мемлекетке қарсы көтерілістердің генераторына айналды [136, 65 б.].

Екінші кезең 2000 – 2004 жж парапар келеді, бұл кезеңде ЕО өзінің басты мақсаттарына қол жеткізу үшін, бағдарламаларын қайта бастауы:

       Орталық Азия республикаларында демократиялық қоғамның қалыптасуы мен дамуы;

       Аймақ республикаларын ЕО мемлекеттеріне және сәйкесінше ЕО жүргізіп отырған саясатқа «байлау» мақсатымен қаржылық көмек көрсету;

       Орталық Азия республикаларында ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру;

Үшінші кезең (2004 – 2007 жж.) қазақстандық – еуропалық қатынастардың «жаңа кезеңі» ретінде анықталды және де ол ЕО – мен Орталық Азиядағы және Каспий аймағындағы жалпылай саясатты әртараптандыруға бағытталды. Бүгінгі таңда ЕО Орталық Азия стратегиясын, оның аймақ ретіндегі келешегін өзіндік үлгіде қарастырады, аймақ апиын тасымалында, заңсыз миграцияда, діни экстремиз мен қазіргі қоғамның басқа да мәселелерінде тосқауыл бола алады.

2001 ж 11 қыркүйектегі АҚШ – та болған оқиғадан кейін, Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты саясатын түбегейлі түрде қайта қарастырды, яғни енді назар жалпылай аймақтық ынтымақтастықты күшейтуге акценттелді. Осының салдары ретінде, ЕО – ның көмек көрсету стратегиясы мен сұлбасы өзгертілді.

Осылайша ТАСИС бағдарламасы да қайта қаралды. 2002 – 2004 жж индикативтік бағдарлама ЕО – да кешенді тәсілдерді енгізудегі жаңа инициативаларды Орталық Азия аймағымен екі – жақтық қатынастарда қабылдағаннан кейінгі шыққан алғашқы бағдарлама болды.

Қазақстанның қазіргі жағдайы көпвекторлы саясат пен әріптестікті таңдауға бағытталған. Қазақстан Республикасының еуропалық мәселелер мен оқиғаларға деген қызығушылығы негізсіз емес. Ең алдымен, ҚР – ның Еуропалық Одақпен ынтымақтастыққа қызығушылығы Батыс Еуропадағы интеграцияның жоғарғы деңгейіне байланысты. Ал, екінші себебі ҚР кейбір бөлігі еуропалық континентте орналасқан және Қазақстан Еуропада орын алып жатқан іс – шараларға қызығушылық танытуы. Сондай – ақ, Қазақстанның ЕО – мен қатынасындағы қызығушылықтарының бірі, республиканың экономикасын жандандыру, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу; сауда – экономикалық қатынастарын кеңейту; өзінің сыртқы саясатын анықтауда және жүргізуде ЕО – ның интегративтік тәжірибесін қолдану және т.б.

Еуропалық Одақтың қазақстандық бағытында экономикалық ынтымақтастық басым болды және болып келеді де. Басты тірек Қазақстанда кәсіпорындарды жекешелендіру мен өзгертуді қолдауға қойылды. Бұл кіші және орта кәсіпорындардың дамуы, қаржы құрылымдарының модернизациясы мен көтерілуі ретінде түсіндірілді. Бұл жерде Қазақстан экономикасының қайта құрылысы ТАСИС қатысуына байланысты болды. 

ЕО – ның Қазақстанға қатысты саясаты әу бастан – ақ, республиканы біртіндеп ортақ еуропалық стратегияға тартуға, аймақта еуропалық қаржылық және саяси институттардың күшейуіне, аймақ мемлекеттерінде мемлекеттік үлгінің демократизациясына байланысты ішкі саяси үрдістерді қолдануға негізделген.

ЕО мен ҚР арасындағы ресми байланыс бастамасы 1992 ж 3 наурызына сәйкес келеді, осы уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев бұрынғы вице – президент Ф.Адрияссен бастаған Еуропалық қауымдастық Комиссиясы делегаттарын қабылдады. Кездесу барысында екі жақ та тікелей байланыстың орнатылуына талпыныстарын растады. 1992 ж соңында Алматыда, ЕО – ның ТАСИС бағдарламасы аясында ҚР – ға техникалық көмек көрсетуге байланысты Үйлестіру Бюросы ашылды. Содан кейін, ЕО Комиссиясы мен Қазақстан Үкіметі арасында «Қаржыландыру туралы Меморандум» – ға қол қойылды, ал бұл ТАСИС бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асуына бастама болды [138, 35 б.].

1993 жылдың 1 – 2 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Брюссельде ресми сапары болып өтті, сапар барысында Еуропа Комиссиясы Президенті Ж.Делормен екі жақтық келіссөздер жүргізді.

ҚР мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 1993 жылдың 15 сәуірінде Бельгия Корольдігінде ашылған ҚР – дың елшілігі ерекше  рөлге ие болды.  Қазақстанның Брюсселдегі дипломатиялық өкілдігі Еуропаның қақ ортасында орналасуын Еуропамен саяси және экономикалық қатынастарды тереңдете түсу үшін, сондай – ақ, Қазақстанда экономикалық реформалар өткізуде ЕО – ның мобилизация көмегін алу және де ЕО – ның институттарымен тұрақты байланыс орнату сияқты іс – әрекеттерді максималды түрде пайдалануға тырысты. ҚР мен ЕО – ның арасындағы тиімді қатынастар елшіліктің ашылуымен өз дамуында жаңа тыныс алды.

Алайда, ҚР мен ЕО – ның алдағы қатынастарын анықтаушы фактор, Н.Ә.Назарбаевтың 19 қаңтар 1994 жылғы Бельгиядағы ҚР – дың елшілігіне ҚР – ға Өкілдік ету атты жаңа міндет артуы және ҚР – дың Төтенше және Өкілетті Елшісі А.М.Кырбасовты Бельгия Корольдігінде Өкілдік Төрағасы ретінде қоса атқарушылық қызметін орнатқан Жарғысы екі жақтық қатынастарға жаңа серпін бергені айғақ.

ҚР мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың одан ары дамуына ЕО – ның дипломатиялық Өкілдігінің ҚР – да ашылуы болды. Еуропалық Комиссияның Өкілдігі 1994 ж қарашада Алматы қаласында Р.Кремер бастамасымен ашылды және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа желтоқсан айында сенім грамотасын тапсырды.

Осылайша, 1994 жылдың соңында Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы экономикалық – саяси және дипломатиялық ынтымақтастыққа барлық жағдай жасалды. Бұл қажеттілік екі тараптан да сезіліп тұрды. Бұл кезде ЕО – ның Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіздік алған республикаларына қатысты толық стратегиясы бар еді. Қажеттілік туындаған жағдайда, бұл стратегия Орталық Азия аймағындағы әрбір мемлекетке бейімделе алады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ЕО арасындағы қатынастарын жоғарғы деңгейге көтеру үшін барлық мүмкіндікті қолдан жібермеді, Брюсселде ҚР – дың Өкілдігі ашылды, ынтымақтастық пен техникалық көмек салаларында бағдарламалар қабылданды және олардың орындалуында да максималды деңгейде жағдайлар құрылды. Осы арқылы, ЕО Қазақстан тарапынан белсенді және келешегі зор әріптесті кездестірді және Қазақстанның саяси аренасында, екі жақтық ынтымақтастықта ешқандай кемшілігі болмады.

Одан кейін Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы екі жақтық қарым – қатынастар позитивті түрде дамыды. Себебі, осы кезеңдерде Қазақстан халықаралық келісімдер мен келіссөздер жүргізе бастады, ал бұл ЕО – мен тиімді қатынастар орнатуға көп көмек етті.

1995 жылдың қаңтарында Брюсселде Президент Н.Ә.Назарбаев пен ЕО – ның Кеңес Төрағасы Ж.Сантер, Серіктестік пен Ынтымақтастық жөнінде (СПС) келісімге қол қойды, ал ол 1999 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Келісімге қой қойылу кезінде Қазақстан Президенті Назарбаев ТМД мемлекеттері 4 еркіндікке негізделген Еуропалық Одақ мысалы жолына түсу қажет деп атады, яғни олар: тауардың, жұмыс күшінің, қызметтің және капиталдың еркін қозғалысы. «Біз ЕО – дан магистралды, ХХI ғасырға бағытталған экономикалық және саяси интеграцияның ең келешегі мол, тиімді бағытын көреміз, яғни ЕО еліктеуге лайықты тәлім» – деп атап өтті Қазақстан Президенті Назарбаев [138, 55 б.].

Қазақстан Республикасы мен қарым – қатынастар орнату барысында ЕО – ның басты мақсаттарының бірі тоталитарлық жүйеден арылуға және демократиялық қоғам орнатуға жәрдемдесу, сондай – ақ аймақта тұрақтылықты сақтау. Топтық экономикадан, мемлекеттік меншікке негізделген нарықтық экономикаға ауысу және Еуропа елдері мен тығыз саяси, экономикалық, құқықтық және де басқа салалардағы қатынастарды орнату ҚР – мен дипломатиялық қатынастар орнатудағы басым салалар болды.

Бұл ЕО мен ҚР дипломатиялық қатынастарындағы екі жақтық ынтымақтастықты орнатуындағы маңызды этаптар болды.

Қазақстандық – еуропалық қатынастардың құрылу және даму эволюциясын зерттей келе автор келесідей тұжырымдамаға келді:

ҚР Үкіметі Еуропада болып жатқан барлық интеграциялық үрдістерді құптайды; ҚР мен ЕО расындағы екі жақтық қатынастарға, саяси – дипломатиялық, экономикалық, мәдени қатынастарға ерекше орын бөлінеді, Қазақстанның сыртқы саясатында ҚР мен ЕО – ның энергоресурстар, экология салаларындағы ықпалдастығы приоритетті болып келеді; Еуропалық интеграция үрдісі Орталық Азия мемлекеттері үшін үлгі бола алады.

Кезеңнің аяқталуымен ҚР мен ЕО арасындғы қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп, динамикалық түрде дамиды. Осылайша, 2002 жылы 6 мамыр мен 8 мамыр аралығында Еуропалық Одақтың Техникалық Комиссиясы делегаттары Астанаға келді, олардың күн тәртібіндегі басты мәселесі Қазақстанда ЕО елдерінің елшіліктерінің жаңа астанаға ауысуына байланысты кешенді бағалау беру болатын.

Техникалық Комиссия делегаттарын келу барысында Қазақстанның бұрынғы Сыртқы Істер Министрі Қ.К.Тоқаев қабылдады. Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстваның басшысы Қазақстан үшін ЕО мен қатынастың приоритті екендігін атап өтті. Тараптар, ҚР мен ЕО басшылығының саяси ерігі саяси диалогтың, экономикалық қатынастардың, әр түрлі деңгейдегі ғылыми – техникалық және гуманитарлық салаларда белсенді даму мен бекітілуі тиіс екендігін атап өтті. «Аталған жұмыс тұрақты саяси байланыспен бірігіп күш салуды қажет етеді. Осы мақсатта Еуропалық Комиссияның Өкілдіктерінің және еуропалық мемлекеттердің елшіліктерінің жаңа астанаға орын ауыстыру мәселесі шешіліп жатыр және бұл жоба тәжірибе жүзінде орындалу саласында» – деп Қ.К.Тоқаев атап көрсетті [152].

ҚР мен ЕО арасындағы қатынастардың дамуына ҚР Президенті Назарбаевтың Брюсселге келген сапарлары жаңа серпін берді, яғни ол 2000 ж маусымда және 2002 ж қарашада келді және сапар барысында ол ЕО – ның сыртқы саясат мәселесі бойынша Жоғарғы Төрағасы Х.Солана мен және Еуропалық Комиссия Президенті Р.Проди мен кездесті.

2000 жылы 24 маусымда болған кездесуде, ҚР Президенті Назарбаев «Қазақстанның сыртқы саясатында әлемдік саясат пен экономикада лидерлік позицияны ұстанатын ЕО – мен ықпалдастыққа аса ерекше орын бөледі. Қазақстан Республикасы Еуропалық Одақпен жоғарғы деңгейдегі қатынастарды қолдау приоритетті бағыттардың бірі» – деп атап кетті [70].

Кездесу барысында екі жақтық қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегі, сонымен қатар, екі жақтық қатынастардың стратегиялық серіктестік кеңістігіне өткізілу мүмкіндігі де талқыланды. Кездесу соңында ҚР мен ЕО арасында «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Экономикалық Қауымдастық арасындағы тоқыма мата бұйымдары тауары жөніндегі Келісім өзгертілді және де ҚР Үкіметі мен атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық арасында басқармалы ядролық синтез саласындағы Келісім парафирленді».

Ал, 2002 жылғы кездесуге келер болсақ, ЕО штаб – пәтерінде ҚР Үкіметі мен атом энергиясы бойынша Еуропалық Одақ арасында басқармалы термоядролық синтез саласында Келісімге қол қойылды.

2003 жылы қазан айында бұрынғы Сыртқы Істер Министрі Қ.К.Тоқаев жұмыс сапарымен Брюсселге келді, сапар барысында 2002 жылғы қарашада болып өткен ҚР Президенті Назарбаев сапарынан кейінгі ЕО мен ҚР арасындағы ықпалдастықтың маңызды қорытындылары жасалды, әрі Қазақстан мен ЕО арасында ықпалдастықтың жаңа перспективалары аталды.

Екі жақтық қатынастардағы маңызды оқиға 2004 жылғы Еуропалық Комиссия сыртқы байланыс бойынша комиссары К.Паттенның соңғы 8 жылда алғаш келуін атап өтуге болады, бұл ЕО – ның жалпылай аймақ пен әсіресе Қазақстанға деген ерекше қызығушылығын айқындайды. К.Паттен, ЕО Қазақстанды Пост Кеңестік аймақтағы бірден бір лидер мемлекет ретінде танитындығын және «маңызды, әрі өте кемел геостратегиялық әріптес ретінде» қарайды деп атап кетті [153].

ҚР – ның қазір 27 мемлекет мүше болып отырған, 2004 жылдың мамырынан бастап – Словакия, Литва, Словения, Венгрия, Чехия, Польша, Эстония, Латвия, Мальта, Кипр және 2007 жылдан бастап Болгария және Румыния сияқты мемлекеттер мүше болып отыған Еуропалық Одаққа қатысты сыртқы саясаты бұл аймақтық бірлестіктің әлемдік саясатта, экономика мен мәдениеттегі рөліне байланысты. Бүгінгі күні ЕО өзініе мүше 27 мемлекет атынан сөйлейді.

Еуропалық Одақтың кеңейтілуіне байланысты, 2004 жылдың 30 сәуірінде «ЕО кеңейтілуі туралы Протоколға» қол қойылды, бұл СПС – тың қызметін Еуропалық Одақтың жаңа мүше – мемлекеттеріне таратты. 2005 жылдың 30 маусымында ҚР Парламенті Протоколды ратификациялағаннан кейін, Назарбаев аталған Протоколдың ратификациясы туралы Заңға қол қойды.

Ал, 2005 жылдың мамырында ҚР Парламентінің бұрынғы спикері Н.Абыкаев белгиялық әріптесі Анн – Мари Лизин және сыртқы саясат пен көршілік туралы еуропалық саясат жөніндегі ЕО комиссары Бенита Ферреро – Вальднер мен кездесті. Қазақстандық тарап «Қазақстан саяси реформалардың тереңдеуі үшін пәрменді әдістерді қабылдауға дайын екендігін және мұның Президент Назарбаевтың Қазақстан халқына деген жолдауында көрініс тапқандығын» атап өтті [154]. Еуропалық Одақ жақындасу саласында техникалық көмек көрсету, ЕО мен ҚР заңнамасын модификация мен гармонизация мақсаттарында республика аумағында стратегиялық және заңды мәселелер бойынша сабағаттық кеңес (консультациялық кеңес) құру туралы ұсыныс жасады.

Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық жаңа дейгейге өтіп отыр, бұған куәлік ретінде 2005 жылы шілде де Орталық Азия мемлекеттерінде ЕО – ның арнайы өкілдігінің лауазымын ЕҚЫҰ – ның бұрынғы Бас Хатшысы Ян Кубиш иеленді. Жаңа лауазымның құрылуы ЕО мен Орталық Азия арасындағы екі жақтық қатынастарды бекіту мен аймақта интеграцияны тереңдетуге жәрдемдесу. ЕО – ның Арнайы Өкілінің пікірінше, басты мақсаттардың бірі, ОА – ның лидер мемлекеттерінің бірі Қазақстан мен қатынастарды күшейту, ҚР қызығушылықтарын алға тарту мен қатар ҚР – ның 2009 жылғы ЕҚЫҰ да төрағалығына қол жеткізу. ЕО бірнеше рет ҚР – дың ЕҚЫҰ – ға төрағалық ету талпынысын құптайды деп хабарлады. Өзінің жаңа лауазымдағы қызметін Я.Кубиш жеткілікті түрде белсенді бастады. Сол жылдың тамызында ол протоколды, ал қазанында Астанаға ресми сапармен келді, ал желтоқсанда президенттік сайлауда бақылаушы ретінде қатысты.

Қазақстанның ЕҚЫҰ – да төрағалық ету туралы өтінішін 2009 жылы қарастыру барысында ЕО ҚР – дың саяси үрдісітеріне назар аударуы күшейді. ЕО Қазақстанның өлім жазасына байланысты мерзімсіз мораторий жариялауын, сот және пенитенциарлық жүйесіндегі реформаларын, жаңа дәстүрлі емес қауіп түрлерімен, ең алдымен терроризммен, апиын айналымымен, коррупциямен, трансұлттық қылмыс пен күресін, сондай – ақ визалық жүйені жеңілдетуі сияқты қадамдарын жоғары түрде бағалайды.

ЕҚЫҰ – дағы Қазақстанның төрағалық етуіне кандидатурасын қолдауға қатысты ЕО өз позициясын айқын анықтаған жоқ. Бір жағынан, сыртқы саясат жөніндегі Еуропа Қауымдастығы Комиссиясының Комиссары Бенита Ферреро – Вальднер 2005 жылы «Еуропалық Одақ атынан» 2009 жылы ЕҚЫҰ – да Қазақстанның төрағалық етуін қолдайтындығын атап өтіп, еуропалық тарап ЕҚЫҰ – да Ресейге қатысты мәселелердің шешілуінде Қазақстанның бітістіруші рөліне сенім артатындығын атап өтті.

ЕО Қазақстанның демократиялық дамуына үлкен қолдау көрсетіп келеді, осылайша 2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен Президент сайлауына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (БДИПЧ) аясында Еуропалық Парламент мүшелері мен Еуропалық Комиссия Өкілдігінің қызметкерлері бақылады.

Кейін 2006 жылдың қаңтарында Еуропалық Парламенттің сайлау бақылауы бойынша делегаттар басшысы С.Стивенсон Сыртқы Істер бойынша Еуропарламентке бақылаушылар Тобынан Қазақстанда өткен Президент сайлауы бойынша қорытынды есеп берді, есепте теңдестірілген бағалар берілді және онда алда өткен сайлауларға қарағанда прогрестің бар екендігі көрсетіліп, сайлау комиссияларының жоғарғы кәсібилігі аталып өтті. С.Стивенсон Еуропалық Парламентті ҚР – ды Еуропалық Одақтың маңызды стратегиялық серіктестерінің біріне айналдыруға шақырды.

Ал, Еуропалық Одақ ЕҚЫҰ – ға қарағанда, ҚР – да өткен президент сайлауына қатысты салмақты бағалау берді. Назарбаевтың қайта сайлануына байланысты, ЕО – ның Кеңесінің Бас Хатшысы Х.Солана, Еуропарламент Президенті Х.Борелл Фонталлес, Еуропарламенттің бірінші вице – президенті А.Видал Квадрас Рока, Орталық Азия мемлекеттеріндегі ЕО – ның Арнайы өкілі Я.Кубиш өз құттықтауларын жіберді.

ҚР – дың Президентіне сайлаудан кейін, сыртқыбайланыс бойынша Еуропалық Қауымдастықтың Комиссиясы Бас директоры Э.Ландабуру ЕО Қазақстанның 2009 жылғы ЕҚЫҰ – ға төрағалық ету ниетін қолдады. Ол өз сөзінде, Ұйымға позитивті өзгертулер қажет деп, «ЕҚЫҰ үшін Қазақстан секілді мемлекеттің төрағалық етуі маңызды» деп атады. Дәл сол уақытта, Орталық Азия мемлекеттеріндегі ЕО – ның Арнайы өкілі Я.Кубиш, ЕҚЫҰ мүше – мемлекеттері қазандық төрағалыққа қатыстыпозицияларын айқындаған жоқ деп азырақ оптимистік танытты.

Одан ары қарай, 2005 жылы 13 тамызда Алматы қаласында бұрынғы Сыртқы Істер Министрі Қ.К.Тоқаев пен Ян Кубиш арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында тараптар қазақстандық – еуропалық қатынастардың алға бағытталған сипатын және ҚР мен ЕО арасындағы қарым – қатынастар мәселесін талқылады [155]. Осындай қатынастар өз негізінде көрнекті іргетасқа ие, ол тек ұстап қалу емес, сондай – ақ ықпалдастықтың одан ары дамуына да кепілдік бере алады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 60 – шы сессиясы аясында Нью – Йоркте, Люблянада бұрынғы Сыртқы Істер Министрі Қ.К.Тоқаев пен сыртқы байланыс бойынша ЕО Комиссары және көршілік туралы Еуропалық саясат Бенита Ферреро – Вальднер арасында кездесулер өткізілді. Сондай – ақ сыртық саясат бойынша ЕО – ның Бас Директоры Э.Ландабуру және оның орынбасары М.Ли, сонымен қатар ОА мен Кавказ сыртқы мемлекеттерімен байланыс бойынша бөлім басшысы К.Юля мен кездесулер болып өтті.

Қарастырылу кезеңі барысында ЕО Кеңесімен де, сыртқы экономикалық байланыс, біріккен сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты бойынша ЕО Бас Директоры Р.Купер мен де, Еуропалық ОдақКомиссиясы Президенттің Кабинет Басшысы В.Де Алмейда мен де, ЕО Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Кеңесі басқарма басшысы Ю.Лескела мен белсенді түрде диалог дамыды.

Брюсселдегі Нәтижелі және Қаныққан еуропалық құрамдас сапарлардың бірі бұрынғы Сенаттың Төрағасы Н.А.Абыкаевтың кездесулері болды. Оның сыртқы байланыс бойынша ЕО комиссары Б.Фрреро – Вальднер, Еуропарламенттің бірінші вице – президенті А.Видал – Квадрас пен және Еуропарламенттің  ОА және Моңғолия сыртқы байланысы Делегаттар Басшысы О.Юкневичене мен келіссөздері болып өтті. Сондай – ақ 2005 жылдың 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Д.В.Клебанова Брюсселде өткен Еуропалық Одақтың таныстыру бағдарламасына қатысты.

2005 жылдың қазанында Қазақстанға Еуропарламенттің Бірінші Вице – президенті А.В.Квадрас Роканың сапары болып өтті, және маңызды оқиға оның Еуропалық Парламенттің толық мәжілісінде сол жылдың 17 қаңтарында сөйлеген сөзінде, ҚР – мен ықпалдастқыты арттыру және ҚР – ды аймақтағы стратегиялық әріптес ретінде бекіту туралы сөз сөйледі.

2005 жылдың 26 қазанында Мәжіліс Төрағасының орынбасары С.А.Дьяченко мен Я.Кубшин арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында ҚР мен ЕО арасындағы динамикалық түрде дамып келе жатқан екі жақтық қатынастар атап өтілді және де Қазақстанның ЕО – ның басшыларының орта азиялық аймақпен түбегейлі қатынастарды белсендіруге тырысуында қолдауы. Кейін, Ян Кубишті ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қабылдады. «Біздің тарап үшін Қазақстанның Еуропалық Одақпен барлық бағыттағы сәтті дамыған қатынастарына қызығушылығы өте маңызды. Біз жоқтан бастаған жоқпыз, керісінше кең ықпалдастыққа иеміз енді сол қатынастарды тереңдете түсеміз. Қазақстанның осындай позициясы мен президентпен болған кездесуде айтылған сөздер менің ОА – да ЕО – ның Өкілі ретіндегі жұмысыма жақсы алғышарттардың бірі»  – деп айтты Ян Кубиш кездесуден соң [152].

2006 жылдың 24 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжіліс Төрағасы У.Б.Мухамеджанов пен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Еуропа Комиссиясының Өкілдік Басшысы Адрииан ван дер Меер мен кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР мен ЕО – ның арасындағы заң шығарушылық саласында тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ван дер Меер мырза Еуропалық Одақтың Қазақстанға қатысты саясатын құптады және Еуропарламент пен ҚР Парламенті арасында депутаттар арасындағы байланысты кеңейтудің қажеттілігі туралы айтты.

2007 жылдың 15 қаңтарында Астанада қазіргі Сыртқы Істер Министрі М.Тажин ЕО – ның Қазақстанда аккредиттелген мүше – мемлекеттерінің елшілерімен кездесу өткізді. Өткізілген кездесу барысында, тараптар қазақстандық – еуропалық ықпалдастықтың жағдайы мен келешегін, қазіргі халықаралық қатынастардағы актуалды мәселелерді, әсіресе аймақтық саясат пен энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды [79].

ЕО өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген өзгерістер болып жатыр, әрі Қазақстан Батыстық әлемнен түскен импульсты дұрыс қабылдап, қазіргі таңда ОА аймағында лидер атанып отыр. Бенита Ферреро – Вальднер 2006 жылғы 19 қазанда өткен кездесуде «Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі экономикалық дамуы – экономикалық реформалар мен қаржылық қызметтің жоғарғы деңгейінің арқасында үлкен жетістікке айналып отыр. Қазақстан өзін әлемдік аренада мемлекетті шеберлікпен басқаруда және ядролық қарудан бас тартуда басқа мемлекеттерге үлгі болып отыр және өзін жақсы көрсете білді» [75].

Сонымен, Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастардың құрылу кезеңі аяқталды және Қазақстан мен ЕО қатынастары жаңа деңгейге өтті деп айтуға толық негіз бар. СПС – тан басқа, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында 2000 – 2007 жж аралығында бірқатар келісім – шарттарға қол қойылды.

Тағы да ЕО мен ҚР арасындағы ықпалдастықтың көптеген нақты мысалдарын келтіруге болады. Жалпы алғанда, ҚР мен ЕО – ның қатынастары ортақ бір сипатқа ие – ЕО – ның тәжірибесін тиімді түрде пайдалану және Қазақстан да экономикалық реформалар өткізу үшін ЕО – ның потенциалды мүмкіндіктерін мемлекеттік қызмет жүйесінде бекіту, кризистық құбылыстарды еңсеру, құрылымдық қайта құрылысты жүзеге асыру, экономиканың либерализациясы мен тұрақтануы, әлемдік шаруашылық байланыстарын да нарықтық құрылымдар мен интеграцияны қайта құру.

Өз сөзінде қазіргі Сыртқы Істер Министрі М.Тажин атап кеткендей, «Біз мықты әрі тұрақты, динамикалық экономикасы мен халықаралық қауымдастықта мықты позицияларға ие мемлекет құрдық. Таңдалған басым тәсілдер мен алға қойған мақсаттарға жетудің жүйелілігі, сондай – ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамсыздандыру факті арқылы Қазақстанды әлемде құрметтейді, әрі бағалайды. Бүгінде Қазақстан қиын аймақтық геосаяси жағдайдың, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің шиеленісуі, әлемдік орталықтардың аймақтық мәселелерде әсерінің өршіген уақытында сәтті үлгісіне айналды. 2006 жылды қорытындылай келе М.Тажин жаңа жетістік ретінде ЕО мемлекеттерімен әріптестік диалогтың жаңа сапаға көтерілгендігін айтып, Қазақстанның халықаралық позициясында қосымша тұрақтылық беретін Орталық Азиядағы маңызды әріптестің статусын бекітті – деп хабарлады [79].

 

Сонымен қатар, Қазақстан ЕО – ның Орталық Азия мемлекеттеріне қатысты жаңа стратегиясын дайындау үрдісінде ат салысып келетіндігін де айта кеткен жөн. «Біз ҚР Сыртқы Істер Министрлігінен концепцияның жетік зерттемелерін қамтитын құжат алдық, бұл мәліметтер біз үшін өте құнды» – ГФР СІМ статс – министрі 2006 жылы Қазақстанда ресми іс – сапармен болған Г.Эрлер хабарлады [156].

2007 жылы Германияның ЕО – да төрағалық етуі кезінде Орта Азиялық бағытты дамыту туралы ниетін жеткізді. «Біз ЕО үшін Орталық Азия бойынша жаңа стратегия дайындауға бекінді және оны 2007 жылдың бірінші жартысында қабылдау туралы ұйғардық», – деп хабарлады СІМ статс – минисрі ГФР. «Мен Қазақстанның жаңа саяси концепцияны белсенді түрде қолдайтындығына ризамын» – деп атап өтті өз сөзінде Г.Эрлер мырза. Сондай – ақ бұл мәселеде ЕО Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынастарда болатындығына есептейді. Г.Эрлер мырзаның айтуынша, бұл стратегия Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтуге және аймақтық әріптестікке бағытталады [157].

ҚР мен ЕО арасындағы қатынастарға жаңа серпін берген қорғаныс саласындағы, терроризм мен жаңа ғасырдың қауіптерімен күресу жолындағы ынтымақтастық. Қатынастардағы басым бағыттар ретінде апиынның таралуына кедергі қою, КАДАП және БОМКА бағдарламалары арқылы шекараны бекіту болып танылды. 2003 – 2007 жж аралығына 15 жоба жоспарланды, қаржыландыру сомасы да күрт артты (36,5 млн. еуро) Еуропалық Одақ жобалалардың орындалуын оптимизациялау үшін жұмыстар жүргізіліп, әрбір мемлекетте басқармалы бағдарламалар тағайындалып үздік жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, заңсыз қаржы операцияларын арнайы органдар арқылы қадағалау мәселесі бойынша сұрақ бірнеше мәрте талқыланды. Сондай – ақ Орталық Азиядағы апиын саудасы мен күрес туралы мақсатты Бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңыздылық та аталып өтті. ЕО  Қазақстанда әділет Министрлігі басшылығымен құрылған Мемлекеттік Комиссияның заңсыз миграция мен күресу шараларындағы ізденіс жолдарын құптайды. ҚР – дың «босқындар туралы» және «ақшаның ізін жасыру мен күресу туралы» жаңа заң жобаларының дайындалуы басты назарда. Соған қарамастан, Еуропалық Одақ Қазақстанның коррупциямен күрес атты Халықаралық Конвенцияға қосылмағандығын да ескертті.

Еуропалық Одақ аймақта орын алған әр түрлі экономикалық дамудың деңгейіне түсіністікпен қарап, Қазақстанның аймақтық интеграциядағы айқын локоматив екендігін де атады. Осы мақсатта Орталық Азия мемлекеттерінің Одағының құрылу туралы Назарбаевтың идеясы қызығушылықты тудырып отыр.

1.2 ҚР мен ЕО арасындағы ықпалдастықтың құқықтық базасы

Бұл бөлім ҚР мен ЕО арасындағы келісімдік – құқықтық базаның құрылуы мен дамуын зерттеуге бағытталған. Ең алдымен, бұл 1989 ж 18 желтоқсанда «Кеңес Одағы Социалистік Республикалары мен Еуропалық экономикалық қауымдастық пен атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастықтың сауда, коммерциялық және экономикалық ықпалдастық жөніндегі Келісімі» бұл ҚР мен ЕО арасындағы қарым – қатынастарда негізін қалаған құжат[15,12-31 б.].

Сауда және соған қатысты мәселелер бойынша ҚР мен ЕО арасындағы, серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылып, оны ЕО мүше – мемлекеттерінің ұлттық парламенттері мен Еуропалық парламент [16] ратификациялағанға дейін Уақытылы келісім, Еуропалық энергетикалық хартия (ЕЭХ) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы халықаралық құжат (сондай –– ақ Еуропалық Энергетикалық Хартияға қосымша келісім – шартқа қол қойылды, келісім – шарт бойынша ЕЭХ – ның барлық мүшелеріне ұлттық режимді жүзеге асыру үшін және энергетикалық секторға инвестицияны құюға жағдай тудыру туралы) [17] – осы құжаттар ЕО мен ҚР арасындағы қатынастардың негізгі құқықтық базасына айналды.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы екі жақтық келісімдер ықпалдастықтың әр түрлі саласындаға қатынастарды реттейді, мысалы «ҚР мен ЕО арасындағы тоқыма өнімдері жөніндегі Келісім» 1993 жылы парафирленген [19],1999 жылғы «ҚР мен көмір мен болат Еуропалық қауымдастығы арасындағы болаттан жасалған кейбір бұйымдардың саудасы» [20] және бұл келісімді өзгерткен жаңа 2000 жылғы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастығы арасындағы басқармалы ядролық синтез саласындағы ықпалдастық» [22] және оны алмастырған 2002 жылғы [23], [24] құжаттар Қазақстан мен ЕО арасындағы ықпалдастығының құқықтық базасын құрады.

Бұл құжаттар ҚР мен ЕО арасындағы келісімдік – құқықтық базаны құруда негізгі құжаттар болып табылады.

Алайда, ҚР мен ЕО арасындағы маңызды құжат ықпалдастық пен серіктестік туралы Келісім. 1995 жылдың 23 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ЕО Комиссиясы Төрағасы Ж.Сантер Брюсселде ықпалдастық пен серіктестік  туралы Келісім (СПС) қол қойды. Аталған келісімді Парламент 1997 жылдың мамырында ратификациялады және 1999 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді [138, 54 б.]. СПС туралы келісім ҚР дипломатиясы мен сыртқы саясатының ортақ еуропалық маңызы бар, ең үлкен жетістіктерінің бірі саналады. СПС Қазақстан мен Еуропалық Одақ мүше – мемлекеттері арасында ұзақ мерзімдік серіктестікті орнатты, міндеттерін, Қазақстанда өткізіліп жатқан реформаларға жәрдемдесуге бағытталған ЕО салалары мен инструменттерін анықтады.

Серіктестік пен ықпалдастық жөніндегі келісім – саяси, экономикалық және мәдени қатынастардың дамуындағы екі жақтық қатынастардың негізі. СПС екі жақтың демократияны нығайтуға арналған ұмтылыстарын, адам құқықтарын сақтау, заң билігі, сондай – ақ нарықтық экономика, сындарлы саяси диалогтың негізін құру және тараптар арасында ашық сауда және инвестициялық режимін бекітті.

СПС – тың мақсаттары: ЕО мен ҚР арасындағы саяси қатынастардың дамуына тиесілі құрылымды құру; демократияны нығайтудағы ҚР іс –әрекеттерін қолдау; заңның жоғарғы үрдісі және экономиканың дамуы; сауда мен инвестициялауға қолғабыс; заңнамалық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық және ғылыми, технологиялық пен мәдени салаларда ынтымақтастықты ынталандыру және т.б.

Қазақстанның халықаралық және сауда қатынастарындағы маңызды келісімнің бірі СПС екендігін атап кеткен жөн. Сауда, заңның жоғарғылығы, нарықтық экономиканың даму мен реформалар модернизациясы мәселелерінде СПС Қазақстан алдында маңызды міндеттерді қойып, сондай – ақ Қазақстан алдына қойылған мақсаттарға жәрдемдесуге қосымша көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстанның құқықтық дамуы үшін көп салалар біршама жаңа болып табылады. Және бұл жерде Қазақстанның дамуында айтарлықтай салымды «ҚР серіктестік пен ықпалдастық жөніндегі келісімді қолдау» жобасы атқарды.

Келісімнің мағынасы ең алдымен ЕО – ның халықаралық экономика мен саясаттағы рөлімен, оның экономикалық күшімен, құрамына жаңа мемлекеттердің кіруі арқылы шекарасының ұлғаюы, еуропалық мәдениет потенциалымен, әлеуметтік – экономикалық дамуының көп жылдық тәжірибесімен анықталады. Маңызды мағыналарының бірі ЕО – ның ҚР территориясымен салыстырмалы түрдегі жақындығы, ЕО – ның ҚР – да өткізілетін реформаларды құптауындағы маңызды рөлі.

Қазақстан мен ЕО арасындағы екі жақтық қарым – қатынастарды рәсімдеудің тағы бір шарты оның ЕО мүше – мемлекеттерімен жақсы қарым – қатынасы. СПС – ке қол қоюы ЕО – ның әрбір мемлекетімен үкімет аралық келісім – шарттарды құруды тездетті.

Сонымен қатар, СПС – тың тұжырымдалуы ҚР мен ЕО арасындағы қатынастардың жаңа кезеңге өтуіне және салалық сипаттағы келісім – шарттарға қол қоюға себеп болды, мысалы ЕЭҚ пен тоқыма бұйымдары бойынша Келісім, Еуроатом мен ядролық заттар саудасы мен ядролық қауіпсіздік туралы Келісім, ЕОУС пен болат саудасы бойынша Келісім, интелектуалды, өндірістік және коммерциялық меншікті қорғау бойынша Декларация, тоқыма бұйымдары, болат өнімдері бойынша Келісім, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық көмек туралы Келісім, сауда жөніндегі Уақытылы келісім, кедендік мәселелерде әкімшілік органдар арасында бірігіп қызмет атқару бойынша Протокол және т.б.

СПС – ке қол қоюдың экономкиалық ықпалдастықтың дамуында саяси және заңнамалық маңызды мағынасы бар, яғни Қазақстан аумағында еуропалық компаниялардың іс – әрекетіне қатысты. Құжаттың мәтінінде тараптар өз компанияларына ұлттық режим ұсынатындығы жазылған, сондай – ақ біріккен сауда саласында режим беруде оңды жағдай тудыру. Ең үлкен назардаҚазақстанда шикізатты қайта өндіру күшін дамыту, ауыл шаруашылық өндірісін, ортақ нарық несиелерін құру. Келісімге қол қою Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялардың ағуы секілді мықты серпін беріп қана қоймай, сондай – ақ, еуропалық және қазақстандық компаниялар арасында ықпалдастықтың көп түрлі формаларының дамуына алып келді.

ҚР мен ЕО қатынастарының дамуының келешегіне келер болсақ, Келісімде мындай мәтін бар, яғни кедендік іс – шараларда ықпалдастық атты Протокол қосылған, бұл еркін сауда туралы Келісімге қол қоюдың басты негізі, осы арқылы Қазақстанды ортақ еуропалық нарық үрдістеріне тартуға болатындығын көрсетеді.

Серіктестік пен ықпалдастық туралы келісімнің мәтіні СПС мәтіні Преамбуламен қосқанда 100 баптан, 9 бөлімнен тұрады; кедендік мәселелерде әкімшілік органдар арасында бірігіп қызмет атқару бойынша Протоколдан; үш қосымша мен қорытынды актіден тұрады.

СПС – тың бастапқы қызмет атқару кезеңі 10 жыл. Аталған уақыттан кейін, егерде Қазақстан мен ЕО тоқтатпаса, СПС автоматты түрде созылады. Келісім аталған мерзім ішінде толықтырылып немесе өзгертіле алады.

СПС – тың мазмұны аталған халықаралық – құқықтық құжаттың масштабтылығында, оның Қазақстан мен ЕО үшін жүйелік сипатында. Аталған құжатта ҚР мен ЕО арасындағы қатынастың жаңа концепциясы қамтылған, оның мәні тең құқылы, әрі өзара тиімді серіктестік деңгейіне шығуы. СПС ҚР мен ЕО арасындағы қарым – қатынастың толық спекторын ғана көрсетіп қоймай, ҚР мен ЕО арасында азаматтық саласында ықпалдастықтың негізін құрды. СПС – тың міндеті – Қазақстанға нарықтық экономикаға өтуге жәрдемдесу және де ЕО барлық мемлекеттері мен тығыз қарым – қатынастарды орнатуға көмектесу.

ҚР мен ЕО арасындағы СПС – тың басты мақсаттары (СПС туралы 1 бап):

       Саяси мәселелерде тұрақты диалог орнату арқылы тығыз саяси қатынастарды дамыту;

       Сауда, инвестициялық және үйлесімді экономикалық қатынастарды құру;

       Екі жақтық тиімді экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми, технологиялық және мәдени ықпалдастықтың негізін құру;

       Қазақстанның демократияны нығайту жөніндегі күшін қолдау және дамыту;

Келісімнің I бөлімі (2–3 баптар) тараптар арасындағы қатынастардың негізін қалайтын жалпы принциптерден тұрады. Сондай – ақ, демократияны, БҰҰ Жарғысында, Хельсинкий Қорытынды актісінде, Жаңа Еуропаға арналған Париждық Хартия мен анықталатын халықаралық құқық пен адам құқығын құрметтейтіндігі туралы айтылады.

IIбөлім (4–7 баптар) Келісім тараптарының саяси диалогының сипаты мен қарқындылығы формасын анықтайды. Саяси салада СПС – қа сәйкес, саяси диалог және халықаралық қатынастардың барлық спекторына қатысты сабағаттық жүйе құрылады. Саяси диалогтың мақсаты ҚР мен ЕО арасындағы саяси байланысты нығайту.

Саяси диалог ҚР мен ЕО арасындағы байланысты нығайтып, тараптардың халықаралық мәселелерге қатысты, осы арқылы қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейтеді, Қазақстанда болатын саяси және экономикалық өзгерістерді құптайды, ықпалдастықтың жаңа формаларының құрылуына, демократия принциптерінің орындалуын, адам құқықтарының сақталуын және атап айтқанда ұлттық азшылықтардың құқын сақтау сияқты позицияларда тараптарды біріктіреді.

СПС – қа сай, саяси даилог үкімет мүшелері, сыртқы істер министрлері деңгейінде жүргізіледі. Бұл диалог құрылған ықпалдастық Кеңесі шеңберінде жүзеге асады, әлемдік саясаттың көкейтесті мәселелерінде, әсіресе бітімгершілік саласында ЕО – ның координациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай – ақ, ЕО мен ҚР – дың лауазымды тұлғаларына да жүйелі түрде сабағаттық (консультациялық) кеңестері қаралады және сарапшылар арасында тұрақты жұмыс байланысын сақтау. Байланыс арнасын кеңейту және мұндай маңызды жұмысты бірігіп атқару үшін ҚР Парламенті тарапынан депутаттар және Еуропарламент мүшелерінен арнайы топтар жасақталады, олардың мақсаты – заңнамалардың барынша жақындатылуы мен үйлесімділігі, Қазақстан Парламенті депутаттарымен, Еуропа Парламенті мүшелерінен арнайы жұмыс топтарын құру.

Келісімнің III бөлімінде (8–18 баптар) ҚР мен ЕО арасындағы сауда ықпалдастығы туралы айтылады. Осы бөлімге сәйкес тараптар сауданың барлық салаларында бір – біріне ең көп деген жағдайлар туғызуы тиіс (РНБ), экспорттық және импорттық салық салуда өзараРНБ қолданысында жұмыс атқаруға міндеттеледі. РНБ қолданысы ҚР мен ЕО – ға үшінші мемлекеттерден келген тауарларға кез келген артықшылықтар, жәрдемақылар мен иммунитеттерге, соның ішінде экспорттық – импорттық қатынастарға қатысты қолданылады. Бұл біріншіден, Қазақстан импортына ЕО – ның минималды кедендік салықтарын беруге байланысты.

Ішкі заңдар мен жиналымдар қатынастарына қатысты, сондай – ақ ішкі нарықтардағы импорттық тауардың реализациясына байланысты ережелер мен талаптарға да тараптар бір – біріне ұлттық режим құқын береді. Сол себепті де қазақстандық тауарларға ЕО – ның ішкі нарығында ЕО мемлекеттерінен келетін тауарларға қарағанда салық онша көп салынбайды.

Келісімге сәйкес, Қазақстанның қазақстандық нарыққа айрықша құқығы бар. СПС – та Қазақстан кез келген жаңадан енгізілген квоталар жайлы ЕО тарапын хабарландыруы тиістігі туралы жазылған.

IV бөлім (19 – 42 баптар) кәсіпкершілік пен инвестицияға арналған. СПС Қазақстанға ЕО – дан инвестицияларды тарту үшін және қазақстандық шаруашылық етуші субъектілерді ЕО – дағы инвестициялық іс – әрекетіне тұрақты жағдайлар жасайды. Әсіресе бұл бөлімде инвестиция мен қызмет көрсетуге қатысты маңызды тұрақты және қолайлы жағдайды туындатушы маңызды ережелер бейнеленген.

СПС – ға сай, ЕО Қазақстанның және оларға еншілес компаниялар үшін өзінің басқа да әріптестерінің компанияларына сияқты жағдайларды көрсетеді; мысалы компаниялар мен еншілес компанияларды құру үшін ұлттық режим орнату үшін РБН. Сонымен қатар, қазақстандық компанияда құрылғаннан кейін РБН – ға ие бола алады, оған ЕО компанияларына да берілетін реттеу ережелері кіреді. Қазақстан болса, отандық және шет елдік компанияларға ұсынатын ең жақсы деген жағдайларды ЕО – ның компанияларына және еншілестеріне де жасайды.

ЕО мен ҚР бір – біріне бизнесте қолайлы жағдайлар жасап отырғандығына қарамастан, арада әлі де шектеулер де кездеседі. СПС ЕО мен ҚР – ды қазақстандық немесе ЕО компанияларының іс – әрекеттеріне кедергі келтіретін шешімдерді қабылдамауға шақырады. Осыған байланысты, СПС – қа қол қойған күннен бастап, жаңа шектеулерге тыйым салынады, алайда мұндай шектеулер аса ерекше жағдайларда орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстан ЕО компанияларына жағдайды жақсартуын азайту туралы заңнаманы қабылдайтын болса, ЕО – ны алдын ала ескертуі қажет. ЕО мұндай заңнаманың жобаларын сұратып, ҚР мен консультация жүргізуіге құқылы. Келісімде сондай – ақ, Қазақстанда заңды күшіне ие болған жаңа шектеулер ЕО – ға қатысты үш жыл мерзім ішінде қолданылмайды.

 СПС – қа сай, жеке және заңды тұлғалар тауар саудасына, қызмет көрсету немесе адамдарды қатынастыруға байланысты төлемдерін тәуелсіз конвертацияланатын валютада жүзеге асырады. Сондай – ақ, белгілі бір бизнестің құрылуына немесе жүргізілуіне байланысты капиталдың аударылымына да рұқсат бар.

Келісім тараптардың интелектуалды жекеменшігін қорғауға қатысты әр түрлі көп жақты конвенцияларда қатысуымен және аталған салада ықпалдастық ниетіне байланысты міндеттерінорындауға деген ықыласын қолдайды. СПС аталған құқықтарды қорғаудың тәжірибесін бекітеді, алайда Қазақстанның үшінші бір мемлекеттермен қатынасында құқықтарының көлемі мен деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Осы себепті ЕО аумағында зияткерлік меншікке қатысты қазақстандық құқықтар сақталуына жәрдемдеседі, алайда алдыңғы жылдары мұны іске асыру мүмкін емес болатын, себебі нақты аталған шет елдік құқықтардың қорғалуының анаогиясы Қазақстанда болмады.

ҚР мен ЕО арасындағы СПС – тың V бөлімі (43 бап) заңнама саласындағы ықпалдастыққа қатысты. Келісімнің бұл бөліміне сәйкес, ҚР мен ЕО тығыз экономикалық қатынастар үшін екі мемлекеттің қазіргі және болашақтағы заңдарының ұқсас болуы маңызды болып табылады.

Кедендік заңнама; кәсіпорындар туралы заңнама; банктық заңнама; компаниялардың есеп – шоттары мен салықтары; зияткерлік меншік; еңбек қорғау; қаржылық қызметтер; бәсекелестік ережелері, саудаға әсерін тигізетін кез келген мәселелер мен іс – әрекеттерді қоса есептегенде; мемлекеттік сатылымдар; жануарлардың, өсімдіктердің және адамдардың, өмірі мен еңбегін қорғау;қоршаған ортаны қорғау; тұтынушылар құқын қорғау; жанама салық салу; техникалық нормалар мен стандарттар; ядролық салада заңдар мен нормативтік актілер, сондай – ақ ядролық қауіпсіздік саласын реттеу және транспорт – аталған салалардың барлығы екі тараптың заңнамаларының бірігу үрдісі Келісімде бекітілген.

Келісімнің VI бөлімі (44 – 70 баптар) ҚР мен ЕО қатынастарының ықпалдастығының экономикалық саласын қамтиды. Бұл бөлім сауда және экономика саласындағы ықпалдастықтың сәтті түрде дамуында маңызды орын алады. СПС экономикалық реформалар үрдісіне, Қазақстан дамуына, ЕО мен ҚР экономикалық қатынастарының нығайтуы мен дамуына жәрдемдеседі.

Әсіресе, СПС ҚР мен ЕО арасындағы ықпалдастықтың кең саласын анықтайды. Осы мақсатта Келісім экономикалық әрекет етудің ортақ заңды шеңберін және басым бағыттарын келесі салаларда анықтайды: индустриалды ықпалдастық; инвестицияны тарту және қорғау; мемлекеттік қамсыздандыру; сәйкестіліктің стандарты мен бағалауы; тау – кен ісі мен шикізат; ғылым мен технология; білім беру мен үйрету; ауыл шаруашылығы; энергетика; қоршаған орта; транспорт; космос; пошта қызметі мен телекоммуникациялар; қаржылық қызметтер; ақшаның ағылуы мен күрес; аймақтық даму; әлеуметтік ықпалдастық; туризм; кіші және орта кәсіпорындар; ақпарат пен коммуникация; тұтынушыларды қорғау; кеден; статистика саласында ықпалдастық; экономика; апиын мен күрес; заңсыз іс – әрекеттердің алдын алу саласында ықпалдастық; мәдениет саласындағы ықпалдастық.

Келісімнің VII бөлімі (71 бап) мәдени ықпалдастыққа арналады. Бұл екі тараптың да мәдени салаға аса жоғары мән беретіндігін көрсетеді. Мұндай ықпалдастықтың түрі Қауымдастықтың мәдени ықпалдастығының жобалары негізінде, бір немесе бірнеше ЕО мүше – мемлекеттері негізінде дамиды; сондай – ақ тараптардың біріккен қызығушылықтары негізінде іс – шаралар да өткізіледі. СПС – қа сай, тараптар мәдени ықпалдастыққа жәрдемдесу және даму бағытында көмектеседі.

Келісімнің VIII бөлімінде (76 – 100 баптар) ҚР мен ЕО арасындағы СПС – тың ортақ, институционалды және қорытынды ережелерін анықтайды. Келісімге сәйкес, 3 жұмыс органдары бекітілді, олар Ықпалдастық Кеңесі, Ықпалдастық Комитеті және Ықпалдастықтың Парламенттік Комитеті.

Келісімге сай, «тараптар» термині бір жақтан Қазақстан Республикасын білдірсе, екінші жақтан Қауымдастық немесе мүше – мемлекеттер дегенді білдіреді.

Бұл бөлімде, әрбір тарап екінші тараптың жеке және заңды тұлғаларына дискриминациядан тәуелсіз түрде компетентті сот пен әкімшілік органдарға өзінің жеке және меншік құқықтарының қорғалуы үшін шағымдануға толықтай негіз бар делінеді.

ҚР мен ЕО арасындағы серіктестік және ықпалдастық туралы келісім екі данада, қазақ, дания, голланд, ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, грек, португал тілдерінде құралған.

Келісім СПС – тың ажырамас бөлігіне айналған үш Қосымша мен Протоколдан тұрады.I Қосымша Қазақстанның Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттерге артықшылықтарының индикативтік тізімін анықтайды. II Қосымшада Қауымдастықтыңерекшеліктері, ал III Қосымша зияткерлік, өнеркәсіптік және коммерциялық меншіктің қорғалу құқықтарынан тұрады.

Кедендік іс – шаралар бойынша бірігіп жәрдемдесушілік туралы Протокол 15 баптан тұрады, олар келесідей аспектілерді қамтиды: қолдану аясы; сауал бойынша жәрдемдесу; сауалсыз жәрдемдесу; құжаттарды жеткізу (ескерту, хабарлама); көмек туралы сауалнаманың формасы мен құрамы; жәрдемдесу туралы сауалнаманың жүзеге асуы; ақпаратты жеткізу формасы; көмек көрсетудегі ерекшеліктер; құпиялықты сақтау міндеттемесі; ақпараттың қолданылуы және т.б.

Міне, ҚР мен ЕО арасындағы басты ережелер осындай. Келісім Қазақстан мен ЕО арасында саяси, экономикалық диалог орнатып, екі тарапқа да барлық салаларда қарым – қатынастарды тереңдету және ақпараттандыру, жетістіктерге алып келді.

Толықтай алғанда, серіктестік пен ықпалдастық туралы Келісім Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты ықпалдастықтың берік негізін қалады.

Толықтай Келісімге баға берер болсам, оның Қазақстан, Еуропалық Одақ және ортақ еуропалық ықпалдастық үшін де үлкен маңызға ие екендігін айта кету қажет.

Біріншіден, СПС – ке қол қойылғаннан кейін Қазақстан мен Еуропалық Одақ мүше – мемлекеттері арасында бірігіп әрекет етудің мықты негізі мен ұзақ мерзімді серіктестіктің қиырына ориентир алған ЕО саясатын ұсынды. Екіншіден, Қазақстанда реформаларға жәрдемдесуге, тиімді нарық экономикасын құруға, азаматтық қоғам және демократиялық мемлекет құруға бағытталған Еуропалық Одақтың міндеттері, саласы және саясат құралдары анықталды. Үшіншіден, бір – бірінің нарығында Қазақстандық және Батыс еуропалық компаниялардың қызметі мен кәсіпкерлік іс – шараларына оңтайлы жағдай туындатты, ал ол болса өз кезегінде Қазақстан экономикасын дамытып, әлеуметтік және нарықтық реформалар өткізуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, қазақстандық тауарлардың бірте – бірте еуропалық нарықта пайда болуына және кеңейтілуіне жағдай тудырды.

Өз кезегінде, Еуропалық Комиссия қазақстандық тараптан СПС ережелерін орындауды қадағалап келеді. Еурпалық Одақ кез келген сәтте Қазақстан билігінен СПС ережелерін орындау бойынша түсіндірулер мен жүзеге асу туралы консультация талап ете алады. Қазақстан Республикасы да өз тарапынан, Еуропалық Одақтың Келісімге сай міндеттемелерін орындауын тексереді.

Брюсселде 1995 жылғы 5 желтоқсанда қол қойылған Уақытша келісім одан бұрын ЕО мүше – мемлекеттерімен бекітілген келісімді ратификациялауға бастама болды.

Осылайша, сауда және соған қатысты мәселелер бойынша бекітілген Уақытша келісімге қол қойылуы серіктестік пен ықпалдастық туралы Келісімнің саудаға қатысты ережелерінің тез жүзеге асуына себепкер болды.

2004 жылы бастау алған ЕО – ның кеңейтілуі ҚР мен ЕО келісімдік – құқықтық қатынастарына объективті адаптацияның қажет екендігін және жаңадан туындаған жағдайларға дайындықтың қажеттігін көрсетті. Осы мақсатта 2004 жылы 30 сәуірде Брюсселде серіктестік пен ықпалдастық жөнінде арнайы Протоколға бір жақтан Қазақстан тарапы, екінші жақтан Еуропалық Қауымдастықтар және мүше – мемлекеттер қол қойды, осы себепті жаңадан қабылданған ережелер ЕО – ға жақында кірген 10 мемлекетке де қатысты. Осыған байланысты, Қазақстан мен ЕО мемлекеттері арасындағы қатынастар кеңейе түсті, барлық салаларда одан ары қарай қатынастардың маңызды кезеңі басталды.

Қол қойылу кезеңінде ЕО – да төрағалық еткен Ирландия болатын, сол себепті еуропалық тараптың атынан Протоколға Ирландияның Тұрақты өкілі елші П.Гуннинг және Еуропалық Комиссияның сыртқы қатынастар бойынша Бас Директордың орынбасары К.В.Жигалов қол қойды [158].

«СПС Қазақстан мен ЕО қатынастарының дамуында екі жақтық саяси диалог пен экономикалық ықпалдастықтың құқықтық негізін қалайтын іргетас болып саналады. Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап, Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды, әрі басым векторы ЕО мен байланыс. Тараптар бөлінісіндегі демократия принциптері, заңның және адам құқықтарының басымдылығы; гуманизм идеяларына жақтаушылық, әлем үшін ұлт аралық және конфессия аралық келісім, халықтардың қауіпсіздігі мен дамуы; әлемдік мәселелердің кешендік амалдары, ұқсас интеграциялық күш салу, экономикалық біріккен қызығушылықтар да қазақстандық – еуропалық қатынастардың көп жақтылығын және келешегін айқындайды. ЕО Қазақстанның 2003 жылғы ең үлкен сауда және инвестициялық серіктесі болды және соңғы 10 жаңа мемлекеттің қосылуы соңғы жылдардың динамикасын күшейтетіндігі анық. Ортақ еуропалық экономикалық кеңістіктің жаңа артықшылықтары мен пайдасы, әлемнің ең алып ортақ нарығы қазақстандық компаниялардың еуропа нарығын белсенді түрде игереді» – деп атап кетті Протоколға қол қою барысында ЕО жанындағы ҚР елшісі К.В.Жигалов [159].

Қазақстан мен ЕО арасындағы ең басты құжатты талдай отырып, мынадай қорытынды шығады: Қазақстан мен ЕО арасындағыхалықаралық және сауда қатынастарындағы маңызды келісім екендігін атап өтуге болады. Оның сауда мәселелерінде, заңның жоғарылығы, нарықтық экономиканың дамуы және модернизация реформалараына қатысты мәселелерге ден қою СПС – тың Қазақстан тарапына маңызды міндеттерді ғана жүктеп қоймай, сонымен қатар қойылған міндеттерге жету үшін Қазақстанға қосымша көмек те ұсынып отыр. ЕО – ға бірте – бірте саясат пен заңды жақындатуға бағытталған заңнама СПС – тың маңызды аспекті болып саналады. Сондай – ақ, құқықтық дамудың көптеген аспектілер Қазақстан үшін жаңа екендігі де белгілі.

Энергетика саласында өзара түсінушілік туралы Меморандум мен бейбіт бағытта ядролық энергины қолдану бойынша ықпалдастық Келісімі 2006 жылы қабылданған – бұл Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы ықпалдастықтың құқықтық базасын құрайтын маңызды соңғы екі құжат болып табылады.

1.3 Ықпалдастық механизмы

ҚР мен ЕО арасындағы СПС – қа қол қойылғаннан кейін, Келісім бойынша (76 – 83 баптарға сәйкес) ҚР мен ЕО арасында конструктивті диалогты орнатуға бағытталған маңызды үш органның құрылуы жарияланды: Ықпалдастық Кеңесі орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары деңгейінде (Үкімет басшылары деңгейінде), ықпалдастық Комитеті жоғарғы лауаызмды тұлғалар деңгйеінде (басшылар орынбасарлары, министрлер деңгейі), парламенттік ықпалдастық Комитеті (жұмыс тобы).

Ықпалдастық Кеңесі ЕО – ның министрлер Кеңесінен, Еуропалық Комиссия өкілдерінен және Қазақстан үкіметінен тұрады. Кеңес қызметі СПС – тың орындалуын реттеу бойынша жыл сайын кездесуге және Келісім тараптарының арасында туындаған кез келген мәселе бойынша зерттеуге негізделген. Кеңесте Төрағалық ету әрбір екі жыл сайын Қазақстаннан ЕО – ға ауысып отырады және Қазақстан үкіметі мүшесімен ЕО өкілі арасында кезекпен жүзеге асады. Ықпалдастық Кеңесі өзінің кез келген құқын ықпалдастық Комитетіне табыстай алады және оның қызметінің тәртібін анықтауға құқылы.

СПС – ке сай, ықпалдастық Кеңесі өз қызметінің орындалуына жәрдемдесе алатын кез келген басқа органның құрылуы туралы шешім қабылдауға және ол органның міндетін, құрамын анықтауға құқы бар.

Ықпалдастық Комитеті ықпалдастық Кеңесіне оның міндеттерін орындауға жәрдемдеседі және осы арқылы Кеңес отырыстарының ауыспалылығын қамтамасыз етеді. Ықпалдастық Комитеті құрамына бір жағынан Қазақстан Үкіметі өкілдері, ал екінші жақтан Еуропалық Қауымдастық Кеңесі және басқа жақтан Еуропалық Қауымдастық Комиссиясы мүшелері әдетте жоғарғы рангты шенеуніктері кіреді; белгілі бір мәселенің нақты талқылауына қатысты шағын комитеттер құрылу мүмкін. Төраға қызметінде Қазақстан мен Қауымдастық мүшелері болады.

Ықпалдастық Комитеті ықпалдастық Кеңесінің отырыстарының дайындығына және уақытылы өтуіне жауап береді.

Парламенттік ықпалдастық Комитеті СПС – те ҚР Парламенті мүшелері мен ЕО арасында ой алмасу және кездесулер үшін құрылған форум. Парламенттік ықпалдастық Комитеті кезек бойынша ҚР мен Еуропалық Парламент мүшелері арасынан процессуалдық норма ережесіне сәйкес тағайындалады. ПАрламенттік ықпалдастық Комитеті отырыстарында ҚР мен ЕО парламентарийлері арасында саяси диалог жүргізіледі.  Парламенттік ықпалдастық Комитетінің отырыстарының қашан өткізілетіндігін Комитеттің өзі анықтайды. Сондай – ақ, парламенттік ықпалдастық Комитеті ықпаладстық Кеңесімен ақпарат алмасып, оған ұсыныстар да жібереді. СПС – қа сай, парламенттік ықпалдастық Комитеті кез келген ақпаратты ықпалдастық Кеңесінен Келісімге қатысты сұраныс жібере алады.

Жоғарғыда аталған органдардан басқа, «ҚР – ЕО» Біріккен комитеті болған, ол ҚР мен ЕО арасындағы СПС – тың жүзеге асуын қадағалайтын орган еді. Біріккен комитет 1996 жылдың 29 сәуірінде құрылған және де аталған комитет өз қызметін СПС – тың 77 бабына сәйкес ықпаладстық Кеңесі құрылғанға дейін атқарған.

Осылайша, тағайындалған біріккен органдардың шеңберінде жемісті еңбек мақсатында СПС – тың қолданылуы маңыздыкезең болып табылады.

ҚР мен ЕО арасындағы қатынастардың белсендірілуінің басты негізі ретінде «ҚР – ЕО» біріккен Комитетінің отырысы саналады. Алғашқы отырыс 1996 жылы Брюссельде маусым айында болды. Екінші отырыс 1997 жылы Алматыда мамыр айында болып өтті. Отырыстар барысында ҚР мен ЕО арасындағы ықпалдастықтың ары қарай дамуының жолдары жасақталды, ҚР экономикасына инвестициялардың ағымын жіберу және екі жаққа тиімді сауда қатынастарын орнатуға бағытталды. ҚР мен ЕО серіктестігінің тереңдеуіне, сауданың дамуына, эконмоиканың әр түрлі салаларында ықпалдастықтың кеңейтілуіне және заңнамалардың үндестігіне байланысты жұмыс жобалары бойынша келісімдерге келді.

Ықпаладстық Кеңесінің алғашқы отырысы 1999 жылдың 20 шілдесінде Брюссель қаласында болып өтті. Ықпаладстық Кеңесінің алғашқы отырысының маңыздылығы ҚР мен ЕО арасындағы СПС – тың күшіне енгенінен кейін небәрі 3 аптадан кейін өткізілгендігінде болып отыр.

Алғашқы отырыс барысында СПС контекстіндегі ҚР мен ЕО қатынастарының дамуына ерекше орын бөлінді. Отырыстың маңызды қорытындысы ретінде ҚР мен атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы Келісімді және ҚР Үкіметі мен ЕОУС арасындағы болаттан жасалған бұйымдар саудасына байланысты Келісімнің парафирленгендігін атап өтуге болады. Келісім осыған дейін орын алған ЕО квоталарын автономды импорттар жүйесіне ауыстырды.

Кейін қазақстандық – еуропалық қатынастар позитивті түрде дами бастады, ҚР мен ЕО арасындағы саяси диалогтың тереңдеуіне және дамуына себеп болған «жаңа кезең» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуропалық Комиссияға 2000 жылы 26 – 27 маусым аралығында келген ресми сапарын атауға болады [160].

2000 жылы 11 маусымда Брюссельде премьер – министрдің бірінші орынбасары А.Павловтың бастаған делегациясы келді, делегаттар «ҚР – ЕО» ықпалдастық Кеңесінің екінші отырысына қатысты. Ықпалдастық кеңесінің екінші отырыс барысында ҚР мен ЕО арасындағы саяси диалогтың дамуының кезекті кезеңін талқылады. Сонымен қатар, Президент Н.Ә.Назарбаев пен Еуропалық Одақ төрағасы Р.Проди ресми кездесуінен кейінгі қабылданған алғашқы қадамдарға тоқталып өтті. ҚР Преизденті Назарбаев пен Еуропалық Одақ төрағасы Р.Проди кездесуінде келісімге келген мәселелердің іске асуы бойынша алғашқы қадам ықпалдастық Кеңесінің тең төрағасы А.Павловтың айтуы бойынша аймақтық контекстіде екі жақтық ықпалдастықтың дамуы бойынша кешенді бағдарламалардың жасақталуы атап көрсетілді [138, c.85].Сондай – ақ, шешімі қиын мәселелер бойынша, яғни ҚР тауарларының ЕО нарығына экспортқа қатысты (балық өнімдері, икра, мата, болат және т.б.) екі жақтық өзара түсінушілікке келді. 

Өз тарабынан Қазақстан делегациясы сауда – инвестиция ықпалдастығының жақын арадағы келешегіне бірінші реттік міндеттерін айқындады: ҚР – ды «нарықтық экономикасы бар мемлекет» статусымен мойындау, Еуропа нарығында қазақстандық тауардың мүмкіндігін кеңейту, ҚР инвестициялық заңнамасының үндестігі, соның ішінде шет елдік инвесторлардың қатысуымен халықаралық арбитраж мәселелерінде.

«ҚР – ЕО» ықпалдастық кеңесінің екінші отырысының жұмысы барысында Орталық Азияттық аумақта Қазақстанның лидерлік рөлі де атап көрсетілді. Бұрынғы бірінші вице – министр Н.Абыкаев Қазақстанның ҚР мен ЕО ықпалдастығының болашақтағы ортақ стратегиясының құрылуына сенетіндігін және соның шеңберінде екі жақтық, көп жақтық ықпалдастықтың жаңа жолдары анықталатындығы және Қазақстанның аймақтық ықпалдастық пеен қауіпсіздік саласында, жоспарланған қылмыс пен күресте, терроризм мен апиын бизнесінде және қоршаған ортаның қорғанысында потенциалы бар екендігін айтты.

2001 жылы 17 маусымда Брюссельде «ҚР – ЕО» ықпалдастық Кеңесінің 3 – ші отырысы болып өтті. ҚР делегациясын Ауыл шаруашылығы министрі А.Есимов басқарды. Аталған отырыс ҚР мен ЕО арасында СПС – тың жүзеге асуының тағы бір қадамы болып аталды. Отырыс барысында сауда мен инвестиция салаларында, демократия дамуында, әділ сот, сондай – ақ, өзара қызығушылыққа ие халықаралық саясаттың кейбір мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, А.Есимов ҚР мен ЕО қатынастарының даму келешегі туралы ерекше маңыздылыққа ие стратегиялық серіктестікке өтуі деп атады [138,87 б.].

Отырыс қатысушылары сонымен қатар ТАСИС бағдарламасының әрі қарай келешектегі дамуының жүзеге асуын талқылап, қазақстандық тарап аталған бағдарлама бойынша қаржының көлемін түсіруге болмайтындығын ерекше атап көрсетті. Апиынның заңсыз айналымы мен күрестің халықаралық сипатқа ие екендігін ескере отырып, қазақстандық тарап «ҚР – ЕО» ықпалдастық Комитеті маңында апиын мәселелері бойынша шағын комитеттердің құрылуы туралы және соның шеңберінде Орталық азиаттық республикалар мен ЕО арасындағы заңсыз апиынның айналымы мен жоспарланған қылмыс пен күрес атты қабылданған Мастер – планның жүзеге асуын және тиімді мониторинг жүргізе алатын шағын комитет қажет екендігін жеткізді. Өз тарапынан ЕО мұндай шағын комитеттің құрылуының жөн екендігін айтып өтті [161].

2002 жылы 23 маусымда Брюссельде «ҚР – ЕО» ықпалдастық Кеңесінің төртінші отырысы болып өтті. Қазақстандық делегацияны Ауыл шаруашылығы министрі А.Есимов басқарды. Отырыс шеңберінде ҚР Үкіметі мен көмір және болаттың кейбір бұйымдары бойынша Еуропалық Қауымдастықтың арасында Келіміге қол қойылды. Екі тарапта, СПС – ты толық қолдану арқылы өз қатынастарын дамытуға құштар екендігін айтып жеткізді. Осы контекстіде тараптар диалогты жалғастыруға және нығайтуға бекінетіндігін, әсіресе әділ сот пен ішкі мәселелерде, энергия мен транспорт салаларында ықпалдастықты дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.

Отырыс барысында демократияны, халықаралық құқық пен адам құқын құрметтеу Қазақстан мен ЕО қатынастарының басты негізі болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне қатысты, отырыс қатысушылары БАҚ – тың бостандығы дипломатияның ашықтығының басты құралы екендігін және каналдардың жұмыстарының қайта жандануы екендігін айқындады. ҚР Үкіметі мен Еуропалық Комиссия арасында қазақстандық инвестициялардың заңнамалық реттеу мәселелері бойынша жемісті диалог аталып өтті. Еуропалық Комиссия 2004 жылдың соңына қарай Қазақстанға зияткерлік, өнеркәсіптік және жеке меншікке қорғаудың деңгейін жақсартуды және мұндай құқықтардың орындалуының тиімді тәсілдерін қоса алғанда талап етті [162]. 

ҚР – ЕО ықпалдастықтың 5 – ші отырысында 2003 жылы 22 маусымда Қазақстан мен Еуропалық Одақтың саяси және экономикалық ықпалдастығының кең шоғыры талқыланды. Конструктивті серіктестік аясында күн тәртібіндегі саяси одақ бойынша ой алмасу болып өтті. Еуропалық тарап Қазақстанның демократиялық өзгерістерде және адам құқықтарын қамсыздандыруда үлкен прогресін атап өтті. Қазақстандық делегацияны А.Есимов басқарды. Сондай – ақ Қазақстандық делегация тарапынан бұрынғы ЕО – дағы Қазақстан елшісі Т.Сулейменов, бұрынғы әділет министрі О.Жумабеков, экономика мен бюджетті жоспарлау бірінші вице – министрі Н.Коржов, сыртқы істер вице – министрі В.Зверьков, ҰК ЖАҚ «ҚазМұнайГаз» атқарушы директоры К.Кабылдин кірді [163].

Еуропалық Одақ делегациясы отырысы барысында Қазақстанның терроризм мен, жоспарлы қылмыс пен, апиын айналымы мен, заңсыз миграциямен аталған бағыттарда ықпалдастығын дамытуды көздеді. Еуропалық Одақ өкілдері ЕО – ның Қазақстан мен өзара тең ықпалдастығына қызығушылық танытатындығын, Орталық Азиаттық аумақта маңызды мемлекет деп таниды. Тараптар Қазақстанның инвестициялық жағдайы туралы ой алмасып, сауда, энергетика және транспорт салаларының жүзеге асуына ықпалдастыққа жәрдемдесіп, Қазақстанның ДСҰ – ға кіру үрдісін тездетуге ықпал етті.

Отырыс қорытындысында делегациялар 2003 – 2004 жылдарға ықпалдастықтың дамуы туралы біріккен қорытынды құжат қабылдады. Жалпы еуропалық тарап диалогтан толықтай қанағаттанғандықтарын жеткізді. Сондай – ақ, Қазақстан мен ЕО келешегіне оптимистік көз қарас пен қарауға толық негіз бар екендігін айтып жеткізді.

2004 жылы 13 маусымда ықпалдастық Кеңесінің алтыншы отырысы болып өтті. Бұл кездесуде ықпалдастық Кеңесі өзінің саяси, экономикалық және сауда қатынастарының дамуын қолдаудағы талпынысын қайта қуаттады.

2005 жылы 19 маусымда Брюссельде ықпалдастық Кеңесінің жетінші жиынында ҚР мен ЕО арасында Қазақстанның халықаралық нормалар мен стандарттарға, соның ішінде ЕҚЫҰ стандарттарына, әсіресе құқықтық жүйе, демократия және адам құқығы, баспасөз бостандығы, саяси партиялардың мемлекетте еркін қызмет атқаруы және ҮЕҰрегистрациясы міндеттеріне сай келуінің қажет екендігі аталып өтті. Осы кездесуде Еуропа мәселелері бойынша британдық министр, Парламент мүшесі Д.Александр төрағалық етті, қазақстандық тарапты ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі А.Есимов, ал еуропалық Комиссияны энергетика бойынша Комиссия мүшесі Андрис Пиелбагс өкілдік етті [155].

Ықпалдастық Кеңесі Орталық Азияда келіспеушілектердің алдын алып, аймақтың экономикалық дамуы үшін аймақтық ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар әр түрлі аймақтық инициативалар да Қазақстанның белсенді рөлінің артуын да құптады. Сондай – ақ транспорт және аэрокосмостық салаларында, инвестиция саласында, иноовациялық жаңалықтарда қатынастарды одан ары қарай дамытуға келешектің зор екендігін де растады. ЕО басқармалы ядролық синтез саласындағы екі жақтық Келісімге сәйкес ЕО тарапынан Координациялық Комитет құрылғандығын, ал қазақстандық тараптың қосылуы үшін ішкі процессуалдық іс – әрекеттерін бітіруге шақырды.

2006 жылдың 26 маусымда Брюссельде «ҚР – ЕО» ықпалдастық Кеңесінің 8 – ші отырысы болып өтті және отырыста төрағалық еткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Есимов. Еуропалық тарапты Финляндия Сыртқы Істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы П.Торстила сол жылдықта Еуропалық Одақта төрағалық етуші мемлекет ретінде басқарды. Еуропалық Комиссияны сыртқы істер мәселесі мен Еуропалық көршілік саясат бойынша ЕО Комиссары Бенита Ферреро – Вальднер және ЕО Кеңесінің бас хатшылығы тарапынан сыртқы экономикалық байланыс, саяси және әскери мәселелер бойынша бас директор Р.Купер де қатысты. Қазақстандық делегация басшысының тарапынан басты назар ҚР – ЕО қатынастарының сапалық жаңа деңгейге шығаруы болып табылады. «ЕО – Орталық Азия мемлекеттері үштігі» форматындағы диалогты құптау сөзінде және немістік президенттік инициативасын қолдай отырып 2007 жылдығ мамырында министрлік кездесу өткізуге шақырда А.Есимов, сондай – ақ, ол ЕО мен Қазақстан сауда айналымының көлемі басқа Орталық Азияның 7 мемлекеті мен күнгей Кавказ елдерінің барлығынан жоғары екендігін атап өтті. ҚР ЖІӨ Орталық Азиаттық мемлекеттердің барлықтарының ЖІӨ қосқанда да Қазақстан ЖІӨ – сі 2 есеге көп [164].

Тараптар ҚР – дың 2009 жылы ЕҚЫҰ – ға төрағалық ету бойынша сұранымына айтарлықтай назар аударды [165].

1.3 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ГЕОСАЯСИ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҮРДІСІ

ХХ жүзжылдықтың екінші жартысының сексенінші жылдарынан бастап, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының Батыспен қарым – қатынастары әр түрлі болып қалыптаса бастады, яғни сыртқы саяси координациясы механизмы мен сыртқы экономикалық стратегиялары жақсара түсті, алайда бұл екі тараптан да үнемі түсіністікке тап бола бермеді. Көп мемлекеттердің кеңестік жарқыл – жұлды сезімдерден шаршағандығы, формализмнен, дайындалып қойған ұйымшылдықтан, кезекті көп нәрсені сөз ететін, мысалы: Келісім, Коммюнике және Келісім – шарттар сияқты құжаттардан әбден қажып біткен еді.

Саясаттағы нақты түрдегі алғашқы қадам Кеңес Одағының ыдырауынын бастау алды, оның салдары Шығыс пен Батыстың қатынастарының өзгеруіне, халықаралық экономикада үрдістерді радикалды түрде қайта қарап шығуға алып келді. Кешегі күні дәстүрлі түрде табу болған нірсе, әдеттегі нақты реальды кез және тәжірибе ғана болып саналды, бұған дәлел ресми сипатқа айналып бара жатқан жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттердің Еуропа мен байланысы, әсіресе Қазақстанның Еуропалық Одақпен және басқа да халықаралық қауымдастықтар мен кеңейтіліп жатқан қатынастарын атауға болады.

Салыстырмалы түрде өте аз уақыт ішінде Еуропалық Одақ халықаралық аренада мықты мемлекет аралық бірлестікке айналды, тек федаративті сипаттағы, заңды және саяси еркіндігі бар мемлекеттер ғана емес, сондай – ақ, еркін түрде бірігуді және саяси, әлеуметтік – экономикалық, тарихи – мәдени және ғылыми – техникалық салалардың дамуында тең құқылы ықпалдастық құқы бар мемлекеттер кіреді.

Еуропалық Одақтың бейбітшілікті сақтау және қорғау, жан – жақты ықпалдастықтың халықтар мен ұлттар арасындағы дамуы туралы халықаралық ұйым ретіндегі инициативасы өте кең резонансқа тап болды.

Еуропалық Қауымдастықтар негізінде Еуропалық Одақтың құрылуы туралы Халықаралық Келісім – шарт 1992 жылы Маастрихтте (Нидерланды) қол қойылды. Ресми түрде ЕО 1993 жылдан бастап қызмет атқарады. Оның құрамында 15 мемлекет болды: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Голландия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Португалия, ФРГ, Финляндия, Франция және Швеция.

Осымен қатар қауымдастырылған құқығында, оның тең құқылы мүшесі ретінде тағы да 14 мемлекет кірді: Болгария, Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Марокко, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Чехия, Эстония.

ЕО – ның құрылу негізінде Еуропалық мелмекеттердің бейбітшілік және келісім идеясы, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздікке кедергі келтірмейтін ішкі және құқықтық саясаттағы ықпалдастығы негіз болды.

ЕО идеялары:

а)      Еуропа ұлттарының тығыз одағын құру, тең және ұзақ мерзімді экономикалық үрдісіне жәрдемдесу, әсіресе ішкі шекараларсыз кеңістік құру арқылы;

ә)       экономикалық валюталық одақ құру үшін экономикалық және әлеуметтік ықпалдастықты нығайту, бір валютаны құру – еуро (1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылданды және айналымға енді);

б)      халықаралық салада өзіндік ұқсастықты бекіту, әсіресе біріккен сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында саясат жүргізуде, ал келешекте біріккен қорғаныс саясатын да құру;

в)      ЕО – ның демократиялық институттар шеңберінде азаматтық қоғам мен одақ деңгейіндегі «айқын» шешім қабылдаушы органдар арасында, ортақ еуропалық, ұлттық және аймақ ішілік деңгейлерде қызмет атқаратын саяси интеграциялық құрылымы;

г)       ортақ игілікті сақтау және арттыру;

Еуропалық Одақ қазіргі заманғы деңгейінде – халықаралық экономиканың, нағыз интеграциялық ұйымды көрсететін, өзіндік басқаратын атқарушы аппараты және өзінің сыртқы саясаты мен қоғамдық – саяси өмірдің әр түрлі салаларында бірден бір орталығы бар бірден бір ұйым болып отыр.

Экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардың кеңейтілуімен бүгінгі таңда еуропалық мемлекеттердің бірлестігі әлемдегі ең алып сауда блогына айналып отыр; әлемдік сауданың 20% ЕО – ға тиесілі. Ломейлік конференция шешімне сәйкес, Еуропалық Одақ (ЕО) көмек пен сауда келісімдері бойынша Африканың, Кариб бассейні және Тынық мұхит аймағы 70 тей мемлекеттерімен байланысады. Сондай – ақ, 60 тан аса мемлекеттер мен әр түрлі екі жақтық келісім – шарттармен, 130 дай мемлекетпен дипломатиялық байланысты ұстанады, БҰҰ бақылаушы статусы бар, экономикалық және қаржылық мәселелерде «Үлкен сегіздіктің» әр жылдық кездесулерінде белсенді түрде қатысады.

Сонымен қатар, жаһандық әлемде бастаушы үш күштің біріне ие бола отырғандығына қарамастан, ЕО өзіндік табиғи ресурстары жоқ, сол себепті де оның экономикалық жағдайы халықаралық сауданың еркіндігіне байланысты. Егерде жүз жыл бұрын Батыс территорияның 49% ал халық санының 48% басқарса, 2020 жылға қарай сарапшылар пікірі бойынша, бұл көрсеткіш 24% те 10% – ға ие болады, ал әлемдік экономикада 70% орнына өндрістің 30% кенеледі, қайта өндіру өнеркәсібі 84% орнына 25% алмасады [67].

Міне, осы себепті де ЕО – ның ауымпалы кезеңдегі мемлекеттерге, әсіресе Қазақстанға басты назар аударуының себебі де осында.

Жаңа Еуропалық одақта көлемі 80 мың беттен тұратын ішкі заңнаманың бюрократиялануыны мен шақырылған экономикалық тоқырау қаупі төніп тұр. Осының нәтижесінде Орталық Еуропалық  мемлекеттер өздерінің дамуының баяулығынан зардап шекті. 2004 жылы ЕО 15 мүше – мемлекеттерінің экономикалық өсімі 2% аз, ал дәл сол кезде американдық экономиканың өсімі 4.5% құрады [68].

Бұл мақсатта ЕО – ның ТМД мемлекеттерімен қатынастарын орнатудың белгілі бір қызығушылығы түсіндіріледі.

Москвада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшыларының, еуропалық мемлекеттердің елшілері мен уақытша сенімді өкілдерінің алғашқы кездесуі 1991 жылдың маусымында болып өтті, ал желтоқсан аяғында Еуропалық парламенттің делегациясы КСРО мен байланыс Комитетінің төрағасы бастаған М.Хофф Алматыға келді, осы кездесу барысында ЕО мен Қазақстан арасындағы тығыз әрі екі жаққа да тиімді ықпалдастықтың қатынастарын орнату туралы келісімге келді.

Осы уақыттан бастап 1991 жыл Еуропалық қауымдастықпен тең құқылы қатынастардың орнатылған күні болып есептеледі, өйткені 31 желтоқсан күні ЕО – ның бұрынғы Кеңестік республикаларының мойындауы туралы және міндеттерді орындауға дайын екендіктері «Шығыс Еуропа жаңа мемлекеттері мен Кеңес Одағы арасында мойындау принциптерінде» көрсетілді.

Эссенде өткен мемлекеттердің жоғарғы тұлғалар деңгейіндегі кездессу барысында стратегия туралы Құжат қабылданды, бұл құжат одақтың саясатын бірнеше жылға анықтауы қажет болған. Құжатта орталық орынды ЕО – ның Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен ықпалдастық пен интеграцияға негізделген жаңа бағыттары алды. Бұл аймақтан басқа ЕО Орталық Азиаттық мемлекеттерімен, әсіресе Қазақстанмен ықпалдастыққа да үлкен мән берді.

Соның ішінде, Еуропалық кеңес болатқа қатысты өзінің ортақ стратегиясын айқындайтын позициясын бекітті. Ол ең біріншіден, Ресейге, Украринаға және Қазақстанға бағытталған және де бұл елдерден келетін болат өнімдеріне 1995 – 1996 жж импорттық квоталар орнату туралы болды. Квотаның бұрынғы Кеңес Одағы республикаларына, тиісінше Ресейге, Украинаға және Қазақстанға бөлінетіндігі бекітілді және оның көлемі 1995 жылы 35% – ға, ал 1996 жылы 15% көбейді. Ол 330 000 тоннаны құрап, соның ішінде 5% Қазақстанға тиесілі болды. Өндірістің көбейуіне бірден бір мұқтаж ол Қазақстан еді, өйткені Қазақстанның ЕО – ға жасаған экспорты 1994 жылы 131 мың тоннадан 23 мың тоннаға дейін түсіп қалды, ал бұл тіпті 1992 жылдық көрсеткіштен де аз еді. Мұны Қазақстан мен ЕО Келісімге қол қояр алдындағы жақсы сигнал ретінде қабылдады [69].

Осылайша, ТМД – ның көп мемлекеттері, соның ішінде Қазақстанда еуропалық экономикалық және саяси қызығушылықтар перифериисі арасында қалды.

Осындай байланыста ҚР Президенті маңындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтымен келіспеске болмайды, олардың пікірінше, 90 – шы жылдары Батыс еуропалық мемлекеттер көбіне аймақта өздерінің саяси позициясын бекіту үшін геосаяси ұстанымдарды басым қоймады, керісінше келешек экономикасы мен табиғи ресурстарға бай мемлекеттер мен өзінің жеке прагматикалық қызығушылықтары үшін қатынастар орнатты деді.

Еуроодақ саясатында нәтижесін берген механизм көршілік саясатының шығысқа қарай кең аясын алуы, бұл бірінші кезекте ЕО – мен шекаралас мемлекеттерде жүйелі түрде қатынастар орнату. Мысалы, пост кеңестік кеңістіктегі Молдова, Украина және күнгей Кавказ елдері аталған ойға қосылды, соңғылардың қосылуында Еуропалық Парламент пен Еуропалық Кеңес инициатива көрсетті. Украина мен Молдоваға келер болсақ, олар ЕО – ға мүшелік етуге талапкер мемлекекттердің қатарында.

Ресми ақпараттар бойынша Еуропалық комиссия Молдоваға қаржылық көмек көрсетуін арттырып келеді және тағы да 254 млн. еуро бөлмекші. Мұндай шешімге Молдоваға донор мемлекеттер Еуропалық Комиссия мен Әлемік Банктың біріккен отырысында келді. Еуропалық Комиссия 4 жыл ішінде Молдоваға «Молдова – Еуропалық одақ бағдарламасы іс – әрекеттеріне» реформасының қолдауы мен енгізілуіне 209 млн. еуро бюджеттен бөлді. Ал, 2007 – 2008 жылдары Молдоваға төлеу балансының проблемаларын шешуге 45 млн. еуро бөлуді жоспарлап отыр. Еске сала кетсек, Еуроодақтың 1991 жылдан бастап, Молдоваға көрсеткен көмегінің соммасы 320 млн. еуроны құрады.

ЕО – ның Орталық Азиаттық аймаққа деген қызығушылығы, әсіресе Қазақстанға әр түрлі деңгейде айқын бейнеленіп жүр. Бұған мысал ретінде ықпалдастықты белсендіру мақсатында және көп жоспарлы диалогты күшейтуге қатысты Орталық Азия мемлекеттерімен қатынастарында арнайы өкілді тағайындауы болып отыр.

Батыс Еуропалық одаққа кіретін жаңа мүшелерге шоғырланып топталып жатқанда, шығыста орналасқан Пост кеңестік аймақтағы мемлекеттер 1999 жылдан бастап дамудың ерекше жоғарғы деңгейлеріне қол жеткізді. Бұрынғы Кеңес Одағы 9 республикасы (Ресей, Украина, Қазақстан, Молдова, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан және Тәжікстан) соңғы бес жылдықта орташа есеппен жылдық даму көрсеткішін 7% – ға өсірді.

WashingtonPostҚазақстан, Ресей және Украинаны «жаңа барыстар» атай отырып, Польша, Венгрия және Чех Республикасын қоса алғанда көп нәрсеге қол жеткізді деп жазды [70].

ЕО – ның әр түрлі құрылымдарының ТМД мемлекеттерімен байланыстары қарқынды түрде дами бастады. 1994 жылдың сәуір айының басында Еуропалық одақтың ортақ стратегиясы аясында Москваға сыртқы саяси байланыстар бойынша комиссар Ван ден Брук келді. Ресей басышылығымен байланыстар барысында және алып саяси партиялар лидерлерімен ықпалдастықтың негізгі бағыттарын бойынша келісімге келіп, біріккен ықпалдастық бойынша Келісімге дайындау рәсімдерін жүргізді. Содан кейін Украина мен ЕО арасындағы серіктестік туралы Келісім парафирленді, мұнда жалпы ортақ принциптерді атай кетсек: демократиялық құндылықтардың маңыздылығы, адам құқығын және нарықтық экономика принциптерін сақтау. Қазақстан тарапы үшін Украиналық тәжірибенің орны ерекше еді, өйткені олар да ұқсас аналогтық проблемалар бар еді, алайда ЕО үшін Украина географиялық және мәдени дістүрлер жағдайынан алғанда Еуропаның потенциалды серіктесі болып табылады.

ТМД мемлекеттерімен қатынастар тәжірибесі негізінде ЕО Комиссиясы Ресей және жаңадан тіуелсіздік алған мемлекеттер мен ықпалдастықтың әрі қарай дамуына кейбір ортақ ережелерді жазып шығарады. Комиссия серіктестік пен ықпалдастық туралы Келісімнің бірте – бірте еркін сауда зонасына айналдыру приоритетіне негізге алу керек деп шешті. Сондай – ақ, Комиссия Ресей мен ТМД елдеріне айқын болашақта ЕО – ға тең құқылы мүше болу туралы ойға сүйенбеуге шақырды.

Еуропалық Комиссия (ЕК) немесе Еуропалық қауымдастықтар Комиссиясы оның екі маңызды атқарушы институттарымен – Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) және атом энергиясы бойынша Еуропалық қауымдастық (Еуроатом) 1967 жылы құрылып, өз үкіметтерінің қызығушылықтарына өкіл ететін 5 жылдық мерзімде қызмет атқаратын 25 комиссардан тұрады. Қабылданған Конституцияға сәйкес, 2014 жылдан бастап, Еуропалық Комиссия құрамында 18 мемлекеттің өкілі болуы мүмкін, ал бұл тең құқылы дотация принциптері негізінде ЕО мемлекеттерінің 2/3 – ін құрайды. Сондай – ақ, Еуропарламентке өтетін 2009 жылғы сайлаудан кейін ЕК құрамына комиссияның вице – президенттерінің бірі міндеттерімен қатар, Одақтың қайта тағайындалған Сыртқы істер министрі кіреді деп жоспарлануда.

Ал, ТМД-мен қатынастарына қатысты Еурокомиссия үш басты іскерлік сызығын айқын белгілеп алды:

а)        Экономикалық ынтымақтастықты күшейту және ТАСИС-пен көпжақты ынтымақтастықтың басқа да түрлерімен толықтыру;

б)        Саяси ынтымақтастықты одан әрі күшейту; Ресей мен ТМД елдері ЕО-ның «бірлескен сыртқы және қорғаныс саясатының» мәнін түсінуі керек;

в)        Ынтымақтастықты ішкі істер және құқықтық мәселелер бойынша бірлескен саясат шеңберінде жүргізу [71]. 

 

Еуропалық қауымдастық посткеңестік кеңістіктегі егемен мемлекеттердің бәрін дерлік мойындап, Ресейді КСРО-ның барлық халықаралық құқық пен міндеттерінің орындалуына жауап беретін мемлекет-ізбасар ретінде қабылдайды.

 

Еуроодақтың Комиссиясы Кеңес Одағы билігі ыдырағаннан соң, бірден Ресейге, одан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрған мемлекеттерге бұрынғы ынтымақтастық пен серіктестік туралы Келісімдердің орнын алмастыратын жаңа сапалы келісімдерге отыру ұсынысымен келді.

 

Мысалы, қазіргі уақытта Ресей мен Еуропалық одақтың өзара қарым-қатынастары келесі басым келісімдерді анықтайды:

 

        ынтымақтастық пен серіктестік туралы келісім (СПС);

        ЕО-ның Ресейге қатысты ұжымдық стратегиясы;

        Ресей мен ЕО қатынастарының орта мерзімді перспективаға арналған стратегиясы (2000 – 2010 жж.);

        ТМД елдеріне техникалық ықпалдастық Бағдарламасының бөлігі болып табылатын техникалық ықпалдастық туралы индикативті бағдарлама (ТАСИС)

        төрт ортақ кеңістік құрастыруға арналған жол картасы:

1)        бірнеше салалар бойынша секторлық келісімдер (тоқыма, болат, энергетика, ғылым мен техника, қылмыспен күрес, қарусыздану) және басқа да қарым-қатынасқа маңызды прогресс бере алатын салалар;

2)        дипломатиялық байланыстарды күшейту үшін көптарапты экономикалық, мәдени ықпалдастық және адекватты құқықтық базаны құруға арналған жаңа саяси-құқықтық негіз қалыптастыру;

3)        капитал қозғалысы үшін бір-біріне жоғары ыңғайлы жағдай қалыптастыру;

4)        шетелдік инвестициялар мен еркін сауданы орналастыру және қолдану.

Қазіргі күні екі мемлекетте де жоғарыда аталған құжаттарды өміршең қылатын институционалдық механизм анықталған және берік келісімдік негізде ынтымақтастық жүйесі реттелген. Алайда, ескерте кету керек: ынтымақтастық пен серіктестіктің жаңа қатынастары, негізінен,  қалыптасқан саяси және экономикалық және СПС шарттарын іске асыру бойынша мәселелермен байланысты айырмашылықтарға қатысты қиындықтар және кедергілерсіз өтпейді.

 

ЕО мемлекеттері басшылары және іскер шеңбер өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді де мақұлдады.

 

Ортақ еуропалық нарықты қалыптастыру мақсатында, тек Қазақстан мен Еуроодақ арасында ғана емес, сонымен қатар басқа да Еуропалық қауымдастықтармен де ресми қатынастар қалыптастыруға қатысты бірсыпыра сұрақтар блогы туындады. Ал бұл өз кезегінде экономика, ғылым мен техника, әлеуметтік-мәдени және саяси даму салалары бойынша республика үшін бұл қадамның келесі салдарларына максималды толық болжам жасау қажеттілігін туындатты.

 

         Еуропалық қауымдастықтың аймақтағы экономикалық қызығушылықтары айқандалған. Еуропалық комиссияның ЕО-ның атқарушы органы ретінде көп мемлекеттерде өкілдіктері бар. Қазақстанда мұндай өкілдік 1994 жылы Алматыда ашылды, ал 2005 жылдан бастап үш Орталықазиялық республикалар үшін басты болып саналатын өкілдік  Астанада жұмыс істеді, сонымен қатар Бішкек пен Душанбеде филилиалдары бар.

                Еуроодақ саясатының  Қазақстандық бағытында басымдыққа, ең алдымен, бірінші іс-әрекет сызығы: экономикалық ынтымақтастық ие болды, өйткені Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы ең үлкен серіктесі ретінде белгілі. Қазақстандағы өндіріс орындарын жекешелендіру мен қайта құруға басты көңіл бөлінді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) дамытуы, қаржылық құрылымдарды жақсарту мен модернизациялау қажет екендігімен түсіндіріледі.

         Қазақстандағы адам ресурстарын көбейтуге қатысты ЕО саясаты үш басты шиеленіске негізделді:

      Мемлекеттік аппаратта нарықтық экономикаға мүдделі қызмет адамдарынан таза шыншылдықты ояту мақсатымен кадрлар дайындау;

      Білім саласында реформалар жүргізуге тұрақты көмек көрсету;

      Мемлекеттік аппарат реформаларына белсенді көмек.

ТАСИС бағдарламасында көрсетілген мақсаттар таза экономикалық және техникалық ынтымақтастық шеңберінен шығып, экономика мен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларына әсер ететін саяси салаға еніп кетті. ТАСИС қызметінің басты бағыты әрекеттегі реакторлардың қауіпсіздігін күшейту және басқа да азаматтық ядролық қондырғыларды нығайту болып қалады.

         1994 жылы 22 сәуірде Еуропарламент ТМД елдеріне көмек көрсету резолюциясын қабылдады. Резолюция сауда либерализациясы, валюталық жүйені тұрақтандыру, арнайы мақсаттарға қаржы бөлу,1995 жылға арналған ТАСИС регламентін қайта қарау талаптарын қарастырды. Резолюцияда 1990 жылы қыркүйек пен 1993 жылы желтоқсан аралығында ЕО ТМД елдеріне барлық көрсетілетін көмектің 78%-ын көрсеткендігі аталып өтті.

         Техникалық жәрдемдесу Еуропалық комиссиясы Қазақстанға қатысты өнеркәсіпті демонополизациясы мен модернизациясы инициативасын білдірді. Бұл жобаның басты мақсаты Қазақстанда жаңа экономикалық құрылымдарды жылдамдату, салалық және аймақтық монополияларды бәсекеге қабілетті топтарға айналдыру, бағаларды реттеу жүйесін бірыңғайлау болды.

         Бір ай өткеннен кейін Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық пен серіктестік туралы Келісімге қол қойды, бір аптадан кейін дәл осындай құжат Қырғызстан Республикасымен қойылды. Қазақстан және Қырғызстанмен жазылған құжаттар Украина және Ресеймен қойылатын құжаттарға қарағанда біршама ерекшеленетіні айтылды. Олар Еуропалық Кеңес директивасы шеңберінде 1992 жылы 5 қазанда жазылған еді.

ЕО Келісімдерінің басты өзгешеліктері, олар «аралас» құжаттар деп аталады және Қауымдастықпен және де мүше-мемлекеттермен де құрастырылады. Еуропарламенттен басқа ЕО мемлекеттерінің ұлттық парламенттері де ратификаттауы қажет. Өйткені, бұл барлық рәсімдердің іске асуы екі жылға дейін созылуы мүмкін, ұжымдық ратификатталу кезінде «уақытша келісімдерге» келу де қолға алынады. Олардың күшіне енуі үшін Еуропарламент пен ЕО сыртқы істер министрлері Кеңесінің келісімі қажет.

Комиссия Қазақстан мен Қырғызстан үшін келесі салаларды қамтитын: саяси диалог, тауарайналым, бизнес пен капиталқұюды дұрыс жүргізу, трансшекаралық қызметтерді жеткізу, төлемдер мен капиталдар, интеллектуалды және өнеркәсіпті жекеменшілікті қорғау, барлық салаларда ауқымды экономикалық ынтымақтастық сияқты ұқсас ахуалды ұсынды.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан мен Қырғызстанға қатысты ынтымақтастық пен серіктестік туралы келісімдер Украина мен, әсіресе, Ресейге қатысты келісімдердегідей міндеттелінген элементтерден аулақ. Жеке алсақ, Қазақстан мен Қырғызстанға атомдық өнеркәсіпті бақылау мен антидемпингтік тәжірибені шектеу туралы талаптар қойылмады [72].

         Өзара қарым-қатынасты нығайту жолында ТМД мен ЕО арасындағы әскери-саяси ынтымақтастық аспектісі маңызды орынға ие. Еуропалық Одақ саясатын ТМД елдеріне қатысты Батыстың қауіпсіздікпен байланысты және геосаяси стратегиясына байланысты барлық мәселелердің ортақ контексінен бөлек алып қарастыруға болмайды. Бұлар келесідей мәселелер: НАТО-ның кеңеюі, ядролық қару мен қарусыздануға бақылау, «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасы және Орталық Азия елдерінің НАТО-мен ынтымақтастығы, Батысеуропалық одақ мәселесі және т.б. Осындай халықаралық саясат пен қауіпсіздік мәселелері жиынтығы Қазақстан мен Еуропа қарым-қатынастарына сөзсіз өз таңбасын қалдырып отырды. Бұл байланыста қысқаша атаулы мәселенің кейбір аспектілеріне тоқталып өту керек. 

         Бәрімізге мәлім болғандай, 1994 жылғы қаңтарда НАТО басшылары кездесуінде  альянсты кеңейту доктринасы қабылданып, «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасы бойынша инициатива ұсынылды. Мәскеуде осы бағдарламаға байланысты шулап жатқан толқынды масаттану есебінен Қазақстан бұл бағдарламаға өз келісімін берді. 1997 жылы наурызда Қазақстанға НАТО-ның бас хатшысы Х. Солана келіп кетті. Бұл сапар АҚШ пен Ресей Президенттері Б. Клинтон мен Б. Ельциннің Ресей тарапынан блоктың кеңеюіне жағымды формуласын қалыптастыру үшін жоспарланған кездесуі алдында өтті. Альянс басшылары басқа да ТМД елдерінің Достастықтың шекарасына қарай НАТО-ның кеңеюі туралы ойларымен бөлісті. Жалпы алғанда Қазақстан позициясы байсалды болды. Қазақстан блоктың кеңеюі шарасыздығынан құтыла алмайтынын сезген соң, еуропалық қауіпсіздік жүйесінің нығаюына акцент қойды. 

         Айта кетерлік жайт, еуропа елдері арасында НАТО-ның кеңеюіне байланысты біркелкі ой болмады. Бірақ, 1993-1994 жылдары Батыс басшылары, сонымен қатар ЕО-ның ірі елдері де Мәскеу бұрынғы КСРО республикаларына қатысты өте қатаң саясат ұстанады және бұрынғы Одақтың кейбір аймақтарына, яғни Орталық Азияға да бақылауын қайта орнатқысы келетіндігін мойындады. Сонымен, Батыстың стратегиясы, ең алдымен, ТМД-ң Ресей ықпал ету аймағына айналып кетпеуін қадағалауды мақсат етті.

         1990- жылдардың басынан Батыс Еуропа саяси өмірінде өз дамуының парадигмасын өзгерту, яғни, бұрынғы Шығыстық блок елдері аймағымен тығыз қарым-қатынас орнатуға бағдарлау байқалады. Көп жағдайда бұл Шығыс Еуропа елдеріне, аз мөлшерде – Кеңес Одағының азиаттық республикаларына қатысты болды. Бірақ, не дегенмен бұл парадигма Орталық Азияға да арналған еді.

         1996 жылы күзде ФГР сыртқы істер министрі К.Кинкель Германияның сыртқы саяси басымдықтарын тұжырымдады. Оның айтуы бойынша, «Германия , басқа Батыс Еуропа елдері сияқты, Закавказ және Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынасқа түскісі келеді және осы аймақта өз экономикалық қызығушылықтары бар екенін мойындайды. Германияның ұзақ мерзімді перспективасы үшін ТМД Орталық Азия мен Каспий теңізіндегі энергия және шикізат көздерінің қомақты қоры ретінде маңызға ие. Сол үшін де бұл мемлекеттердің бейбіт және тұрақты дамуы Германия қызығушылықтарына жауап береді». К.Кинкель акцент қойған мәселелердің барлығы да Орталық Азияға байланысты ЕО стратегиясына қатысты.

         Еуропалық сарапшылар Азияның саяси және экономикалық салмағы одан әрі дамиды деп есептейді. Бірақ, Азияның қауіпсіздігі жағынан бәсекелестік аймағына, яғни, Еуропа ХХ ғасырдың ортасында бастан кешірген шиеленістер аренасына айналуы мүмкін. Германия азияттық саясатын қайта қарастырған бірінші еуропалық мемлекет болды. ЕО Бонна Азияда келесі мақсаттарды қарастырды:

      Еуропаның Азиядағы қатысуын күшейту;

      Азиядағы аймақтық кооперацияға бағытталған қолданылып жатқан шараларға қолдау көрсету;

      Халықаралық істерге азиаттық мемлекеттерді араластыру және олардың бейбіт пен қауіпсіздікті сақтау бойынша белсенді іс-қимылдарын мадақтау;

         Орталық Азиядағы ЕО саясаты толығымен осы стратегия шеңберінде қарастырылады. ЕО басшылары әрқашан Одақ болжамды және сенімді серіктестерге мұқтаж екендігін басып айтады. Автомагистральдар, теміржолдар, сонымен қатар энергетикалық және коммуникациялық жүйелерді салуға аса зор маңыз бөлінеді. Орталық Азияға қатысты еуропалық саясаттың тағы бір аспектісін айтып өту қажет: Осман империясы құлағаннан бері исламдық өлшем күшейе түсуде. ЕО өз серіктестерінің исламдық ұқсастығына қатысты мәселелермен бетпе-бет келіп қалуда, бұл, көбінесе, ЕҚЫҰ-ға кіретін Босния, Кавказ және Орталық Азия аймақтары.

         Сөзсіз, келіссөздерде басты тақырыптың бірі еуропалық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі болып саналатын қарусыздану мәселесі болды. 1995 жылы Қазақстанмен ядролық қарулармен саудаласу және ядролық қауіпсіздік пен ядролық синтез саласы бойынша екіжақты Келісім болып өтті. Еуропарламенттегі жалынды сөзталастыруларда кейбір ЕО топтары Комиссияның Одақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы өте «жасық» деп санайтындарын көрсетті. Шынымен де, 1995 жылы АҚШ-тың Кеңес Одағы республикаларынан, әсіресе Қазақстаннан ядролық қарусыздану мәселесі бойынша албырт саясат ұстанып, жетістікке жеткендігі салдарынан, ЕО саясаты белсенді болып көрінбейді.

         Радиоактивті материалдар мәселесінде уранның ауқымды қоры бар Қазақстан үшін ядролық аспектінің халықаралық қауіпсіздік жүйесінде маңызы бар екендігін айтып өту қажет. 1996 жылы қараша айында Еурокомиссия ядролық қауіпсіздік саласындағы ЕО пен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімнің ақырғы нұсқасын дайындап шығарды. Келісім келесідей базалық құжаттармен негізделеді:

а)      1991 жыл 17 шілдедегі Кеңес Одағымен ядролық саладағы келісімдер және 1994 жыл 22 желтоқсандағы Ресей Федерациясымен Келісімге сәйкес шешу;

б)      Еуропалық кеңестің осы мәселеге байланысты Қазақстанмен келіссөздер жүргізу туралы комиссия директивасы шешімі;

в)      Еуропалық кеңестің директиваларына сәйкес Қазақстанмен эквивалентті ресейлік текстпен келісуге қол жеткізу;

г)       Келісімнің міндеттерін анықтау туралы өзара келісім: атомдық объектілер мен ядролық реакторларда ядролық қауіпсіздікті сақтау, радиациядан қорғау, ядролық қалдықтарды қорғау, ядролық құрылғыларды бөлшектеу және ядролық материалдарды сақтау кепілдемесін қамтамасыз ету;

д)      Қазақстанды ядролық қаруды таратпау Келісімі мен барлық МАГАТЭ кепілдіктеріне қосу;

е)       Комиссияның барлық жоғарыда аталған фактілерді негізге ала отырып, Евроатом мен Қазақстан арасында Келісімге келуге деген ұсыныс.

Ядролық қауіпсіздік саласы бойынша келісім ядролық қауіпсіздіктің барлық аспектілерін шолып өтуге талпынған он бап пен үш қосымшадан тұрады. Жалпы алғанда ядролық қауіпсіздік жөніндегі Келісім Қазақстан үшін ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың келесідей салаларын: АЭС-те қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жоғары энергия физикасы мен термоядролық реакторларды құруды қоса алғандағы жоғары технологиялық салаларда зерттеулер жүргізу сияқты жаңа ауқымды мүмкіндіктерге жол ашты. Мұның барлығы Қазақстанның экономикалы дамуы ме оның ғылыми-техникалық потенциалын қайта қалпына келтіру үшін маңызы өте зор.

         Еуроодақ Қазақстанның уран өнеркәсібіне қомақты инвестиция құю мүмкіндіктерін талқыға салуда. Сарапшылардың ойына сүйенсек, Қазақстан үшін жаңа үлкен тұтынушының пайда болуы өтіс нарығындағы қауіптерді қысқарту мен уран қайта өндіру орындарына жоғары технологияларды тарту үшін қажет.

         Еурокомиссия Еуропалық Одақ кеңесіне Қазақстанмен бейбіт әрі өзара табысты ядролық энергияны қолдану бойынша келісімді тез арада қабылдау бойынша ұсыныстар жасауда. Бұл келісім ядролық энергетика саласында біріккен жобалар жасау, маман және технологиялармен өзара алмасу, сонымен қатар Еуроодақтан  500 миллион еуроға жуық он жылға арналған инвестиция тарту мәселелерін қарастырады.

         Мамандар Қазақстан үшін тағы да бір «ойыншының» мемлекеттегі ядролық шикізатты өңдеуге қатысуы керек құбылыс, өйткені бұл стратегиялық маңызды саланы қауіптер және сонымен байланысты тұтынушылардың шектеулі шеңберіне қандай да бір қысым жасауға мүдделі қылмайды.

          «Шешуші өнім дайындамау тұрғысынан қарағанда әлемдік нарықта үлкен ойыншы болмауымызға байланысты – біз көпвекторлы саясат ұстануға қызыығамыз,-деп мәлімдейді АО «Казатомпромның» вице-президенті. – Белгілі бір мемлекеттің нарығына тәуелді болып, даму немесе дамымауда да немесе кепілді өтіс нарығына айналу бізге тән емес».

         Қазіргі күні қазақстандық уранның ең басты тұтынушысы- Ресей. Қазанның ортасында бірінші ресей-қазақстандық уранды байытуға арналған өнеркәсіп орны жұмысын бастады. Тағы бір бірлескен өнеркәсіп Буденовское кен орнында кен қазумен айналысса, келесісі- жаңа заман ядролық реакторларын өңдеумен айналысады. 

         Бірақ, өсіп келе жатқан ЕО мен Жапония сияқты елдердің ядролық шикізатты өндіру мен қайта өңдеуге деген қызығушылықтары есебінен Ресей Қазақстанның уран өнеркәсібінде басым позицияларынан айырылуы мүмкін.

         Ішкі еніп жатқан урандық шикізаттың тек үш пайызын ғана Қазақстаннан импорттайтын Еуропалық Одақ жақын арада осы стратегиялық өндірістік материалдың ірі тұтынушысына айналуы мүмкін.

         Соңғы жылдары осы саладағы жоғары қатаң лоббимен жүргізіліп жатқан  Жапонияның белсенділігін байқауға болады, енді тамыз айындағы Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Дзюнитиро Коидзумидің ресми сапары көп жағдайды өзгертуі мүмкін. 2007 жылдың өзінде қазақстан-жапондық уранды өңдеу Мыңқұдық кен орны жұмыс істеуге берілді.

         Қазақстандық даму институты директоры, профессор Магнат Спановқа сүйенер болсақ, ғылымды қажет ететін шикізатты өңдеу және қайта өңдеу салаларына арналған жоғары технологияға ие мемлекеттермен ынтымақтастық уранды қайта өңдеуге ғана емес өндірудің көлемін арттыратын технологиялары жоқ Қазақстан үшін осы технологияларға қол жеткізуге де керек.

         Зерттелген мәліметтер бойынша, соңғы жеті жылда мемлекетте уранды өндіру бес есеге ұлғайып, жылына мөлшермен төрт мың тоннаны құрады. Қазақстанда қуатты жоспарлар бар: 2010 жылға қарай уран өндірісін он бес мың тоннаға дейін көбейту.

         Қазақстан әлемде уран қоры бойынша екінші орынды иеленеді, өңдеу үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Біріншіден, уран бағасы өсіп келеді, соңғы үш жылда ол 4 есе өсті. Екіншіден, әлемде атомдық станциялардың ауқымды құрылысы күтілуде, өйткені бүгінгі күні ол энергияның ең тиімді және экологиялық таза өндірушісі. Сондықтан болашақтың 50-60 жылдығы- атомдық станциялармен байланысты.

         Жақын болашаққа көз жүгірте отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективті саласы атомдық энергия саласы болады деп сеніммен айтуға болады.

         Қазіргі күні Еуропаны «қоректендіріп отырған» ресейлік мұнайға Каспий теңізіндегі көмірсутегі потенциалын басты альтернатива ретінде қарастыратын ЕО осы салада өз ынтымақтастығын кеңейткісі келетіндігін жасырмайды. Бірақ, еуропалықтардың зор үміті бейбіт атомды қолдануда басымырақ.

         2006 жылы Қазақстанның бейбіт энергетика мен минералдық ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов және энергетика бойынша Еурокомиссия комиссары Андрия Пиебалгс бейбіт мақсатта ядролық энергияны қолдану саласы бойынша үкіметаралық келісімді парафирледі.

         Қазіргі күні осы салада екі келісім жұмыс істейді, олар бойынша Еуропалық Одақ қазақстандық тарап ресурсы есебінен өзінің энергетикалық қажеттіліктерінің үш пайызын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, Еурокомиссия өкілі айтып өткендей, ҚР әлемде уранды өндірушілер қатарында үшінші орынға ие, ал 2010 жылы осы салада көшбасшыға айналуы мүмкін.  Сол үшін де дәл қазір перспектива түзетулерімен ынтымақтастыққа арналған заңдық базаларды ойластыру қажет.

         «Келісім Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы өзара табысты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтеді, өйткені біздің елдерімізде жылудың үштен бірі атомдық электростанциялардан өндіріледі. Сонымен қатар, ядролық энергетикаларын белсенді дамытып келе жатқан Финляндия, Болгария, Франция сияқты мемлекеттерде жаңа реакторлар салынады. Сондықтан да парафирленген келісім перспективалы болып табылады»,- деп Андрис Пиебалгс мәлімдейді.

         Ұқсас ойды қазақстандық министр де ұстанды, ол брифингте әлемдегі уран қорының жиырма пайыздан астамына иелік ететін Қазақстанның ядролық өнеркәсібіне тек еуропа елдері ғана емес, әлемдегі көптеген елдер қызығушылықтарын танытатындығын айтып өтті. Қазақстан жылына уран шикізатын 14-15 мың тоннаға дейін көлемін арттыруға, яғни көшбасшылыққа ұмтылып отыр.  Аталмыш ойлар заңмен рассталуы тиіс. Еуроатом және қазақстандық министрлікпен арадағы парафирленген құжат, ең алдымен, 2004 жылғы келісімді негізге ала отырып, ядролық қауіпсіздікті қадағалайды; 2003 жылғы келісімге сәйкес ядролық синтезге бақылау орнату саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар медицина, өнеркәсіп және т.б. салаларда атомдық энергия қолдану бойынша контактілер.

         Келісімде ядролық материалдарды тек бейбіт мақсатта ғана қолдану- осы саладағы ынтымақтастықтың басты шарты екендігі анық көрсетілген.

         Еуропалық мемлекеттер басшылары мен Еуроодақтың сарапшыларының ойы бойынша, Қазақстан олар үшін тек энергоресурстардың қайнар көзі ретінде стратегиялық маңызға ғана емес, ауқымды мағынада да маңызға ие: ҚР Орталық Азияның (ОА) тұрақтандыру күші ретінде де маңызды рөл ойнайды. Саясаткерлердің ойы бойынша, Ауғанстандағы кішкене ғана тұрақтылық Талибандардың мүмкін болар күшеюінен кейін ыдырауы мүмкін, яғни аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырады және өз артынан түзетуге келмейтін салдарға әкеп соғады.

         Оған қоса, ОА-ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда христиан халқының саны басымырақ және географиялық жағынан Еуропаға жақынырақ территорияға ие. Ол ЕО-пен құрлық және теңіз шекарасын орнатуға қызығушылықтарын білдіріп отыр. Сонымен қатар, қазақстандық қоғам ЕО мемлекеттерімен көптеген ұқсастықтары бар: нақты қызмет, білім, бай мәдени капитал, зайырлылық, жалпы адами құндылықтарды қайта қалыптастыру деңгейі.

         Дәл осы себептермен Батыстың көп бөлігі екі жаққа да стратегиялық маңызы бар көп бағыттардағы көршілік саясат арқылы Қазақстанның Еуропаға ауқымды кірігуін қолдап отыр.

         Осындай саясатты белсенді қолдайтын Еуропарламент мүшесі, халықаралық қатынастар бойынша координатор орынбасары Чарльз Тэннок. Ол Қазақстан  ЕО-ны тек энергетикалық және қауіпсіздік саласындағы мәселелер ғана емес, «біздің көршіміздің көршісі» ретінде маңызды көтеретін және тығыз қатынастарды тереңдететін іс-әрекеттер жоспарын міндетті атқару механизмімен де қызықтыратындығын атап өтті.

         Карнеги фондының посткеңестік кеңістігін зерттейтін Бағдарлама директоры Андерс Ослунд WashingtonPost газетінде Еуропалық одақтың кеңейтілуіне арнап мақала жазды. Материал «кеңейтіліп жатқан Еуропадағы құлдырау» деген атпен шықты, ал мақаланың басты бөлімінде : «ЕО- экономикалық аутсайдер. Егер сізді даму қызықтырса, Қазақстанға билет алыңыз» делінген  [73].

         Егер посткеңестік кезеңдегі алғашқы жылдары ОА мемлекеттеріндегі ЕО қызығушылықтары, көбінесе, энергетикалық, сонымен қатар даму саласы аспектілерін қамтитын болса, 2001 жыл 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Брюссельде аймақтың қауіпсіздігі мәселелеріне айрықша көңіл бөліне бастады.

         ОА-да келесідей шешілмеген мәселелер кездеседі, ЕО ойы бойынша олар бірінші реттік маңызға ие:

      Аймақтағы жағдай тұрақтылығы, көбінесе, акцент жергілікті басшылардың саяси әлсіздігі мен террористер тарапынан болатын қауіптерге қойылады;

      Ұжымдық қылмыспен күрес, көбінесе,  заңсыз қару айналымы мен психотропты заттар жұмыстарында байқалады;

      Көрші аймақтағы соғыс қимылдарының жалғасуы (Ауғанстан)

         Шынымен де, ОА аймағының тұрақтылығы барлық жағынан да үстірт және анық зерттеген сайын әлсіз екенін байқауға болады. ОА елдерінің ішкі әлсіздігін ескеру қажет. Еуропалық саясаткерлер тек ОА елдерінің ішінен тек Қазақстан ғана мемлекеттік құрылымында, әлеуметтік саясат пен инфрақұрылымда  (state-building) нәтижелерге қол жеткізе алды. Сонымен, ОА мемлекеттерінің күшеюі ЕО Орталықазиялық саясатының басты бөлігі болып табылады. Бірақ, қазіргі кезде ЕО ОА-дағы мониторинг өткізуге және ОА-да дестабилизацияға әкелетін жағдайға байланысты тек шектеулі ғана ортақтықты иеленеді. ЕО ең бірінші міндеті- ОА мемлекеттерінде ЕО-ның саяси ролін күшейту болып табылады.

         ОА-да дағдарыс жағдайларында сөзсіз құрал ретінде Жалпы Еуропалық Қауіпсіздік және Қорғаныс Саясаты ЕО Арнайы Өкілдігімен бірге шығады. Өткір дағдарыс жағдайларында екінші таптырмас құрал ретінде  Дағдарысты Елеу Отряды (CrisisResponseTeams) шығуы мүмкін. Төтенше жағдайлар орын алып қалар болса, Еуропалық Комиссия 2001 жылы құрылған, ТАСИС-тен басты айырмашылығы фондтарды тез арада шығаратын Жылдам Елеу Механизмін (RapidReactionMechanism) іске қосуы мүмкін. Бұл механизмдер ЕО-ның Қырғызстанға сайлау кезінде көмек ретінде қолданылған болатын.

         Өз мақсаттарын іске асыруда тиімділікті арттыру үшін ЕО ОА елдерімен ынтымақтастықта әр түрлі бағдарламалар бекітті. Іске асқан бірінші бірлескен бағдарлама болып наша саласында ОА-ға көмек көрсету Бағдарламасы (CentralAsiaDrugAssistanceProgramme, Cadap) шықты, ол 1996 жылы іске қосылып, ОА елдері арқылы тасымалданатын наша ЕО елдеріне қауіпті деген сенімділік базасына негізделген. Алайда, бағдарламаның толық функционалдануы 2001 жылға дейін кешіктірілді, ал 2002 жылы наша саласына байланысты іс-әрекеттер Жоспары (ActionPlanonDrugs, Apd) ЕО және ОА елдерінің төртеуі арасында жасалды (Түркменстаннан басқа).

         ОА-ға наша саласы бойынша көмек көрсету Бағдарламасының кейінгі жалғасы ретінде, ең алдымен,  2001 жылы 11 қыркүйектен кейін мақсаттары ауқымды 44 млн евроға бағаланатын 2004-2009 жылдары жүргізілген  ОА шекараларын қорғау туралы Бағдарламаны (Border Management Programmein Central Asia, Bomca) көре аламыз. Бұл бағдарламаның басты мақсаты ОА елдерінің шекараларының, ең алдымен Ауғанстаннан, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алайда, бұл бағдарлама тәжік шекарасын бақылап отырған  ресейлік күштермен ешқандай да ынтымақтастықты қарастырмайды. Ауған-тәжік шекарасынан ресейлік күштердің кетуіне байланысты ОА шекараларын қорғау Бағдарламасы бұл секторды да өз қызығушылықтарының қатарына қосты.

2 Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

2.1 «Еуропаға Жол» атты Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен ынтымақтастықтағы приоритеттері

         2009 жылы 22 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев дипкорпуспен кездесуі барысында сөйлеген сөзінде «ҚР сыртқы саясатындағы негізгі орын Еуроодақ елдерімен қатынасты ары қарай дамытуға бағытталады» деп айтты [235 ]. Мемлекет Басшысының бұл мәлімдемесі Үкімет, министрліктер мен ҚР ведомстволарын одан әрі еуропалық мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және 2010 жылы 22 желтоқсанда «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық көтерілу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде өз жоспарларын іске асыруға тиянақты қарауын талап етеді.

         Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды орын Шығыс Еуропа мемлекеттерімен сыртқыэкономикалық ынтымақтастыққа тиесілі. Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния және Болгария сияқты мемлекеттер дамудың өтпелі кезеңін бастан кешіріп, қайта құрылу жолына ертерек түсті, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді шешуде үлкен тәжірибе жинақтап, нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа табысты жете білді. Қазақстан және Шығыс Еуропа елдерінің мемлекеттері үшін де  халықаралық қатынастар саласында негізгі міндет әлемдік қауымдастыққа біртіндеп ену болып табылады.

         Шығысеуропалық аймақ елдері тарапынан Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістіктегі тек бай табиғи ресурстарымен ғана емес, сонымен қатар демократиялық құқықтық мемлекет құруда айқын прогреспен, экономикалық қайта құрулар, сонымен қатар ішкі саяси тұрақты жағдаймен көзге түскен көшбасшылардың бірі ретінде қарастырылады. Шығыс Еуропа елдері аймағының іскер және өнеркәсіптік топтарының Қазақстанға деген қызығушылықтары артқандығы байқалады, сенімді серіктестер табу және ұзақ мерзімді іскерлік қатынастарды орнату талпыныстары да қалыптасты.

Қазақстан ЕО-ның жаңа  Орталық Азиямен ынтымақтастық бағдарламасына жауап ретінде 2008 жылы басты мақсаты Қазақстанның барлық қызмет ететін өмірлік салаларын бәсекеге қабілетті ортаға шығару, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту, ұлттық рухани потенциалды арттыру, патриотизмді бекіту, азаматтық қоғам қалыптастыруды тездету болып табылатын «Еуропаға Жол» атты мемлекеттік бағдарлама қабылдағаны белгілі.

Бағдарламаның бір міндеті- Қазақстан мен Еуропа елдері арасында технология, энергетика, транспорт, шағын және орта бизнес және т.б. салалары бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту әрі тереңдету. Қазіргі күні қабылданған Бағдарламаның іске асуының бірінші фазасы сәтті аяқталғандығын атап өту қажет.

         Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария сияқты елдермен екіжақты және көпжақты қатынастарды дамыту Қазақстан үшін халықаралық аренада өз позициясын бекітудің сүбелі факторы болып отыр. Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен үкіметтік деңгейдегі қарым-қатынастары  республиканың еуропалық сыртқы саясатының приоритетті бағыты ретінде қарастырылады.

         2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (әрі қарай -ЕҚЫҰ) төрағалық етуі қарсаңында Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға Жол» атты Мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаны дайындау кезінде экономикалық даму мен Қазақстан қоғамын демократияландыру , еуропалық мемлекеттермен тарихи қалыптасқан байланыстарды күшейту, Еуропалық Одақтағы интеграция және институционалдық-құқықтық реформалар тәжірибесіне жүгіну сияқты көкейкесті міндеттерді шешуге аса зор көңіл бөлінді.

         Бағдарламаның приоритетті  бағыттары технологиялық, энергетикалық, транспорттық, сауда - инновациялық және мәдени - гуманитарлық ынтымақтастық, алдыңғы қатарлы еуропалық технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту, заң мен мемлекеттік басқару механизмін жетілдіру болды.

          «Қабылданған құжаттың басты мақсаты- еуропалық елдермен сауда айналымын анағұрлым көбейту, транспорттық жүйелерді дамыту, техникалық регламенттер мен стандарттарды ЕО елдері талаптарына сай реттеу, еуропалық нормаларды ескере отырып, қазақстандық заңды жетілдіру және т.б. іс-әрекеттерден көрініс табатын  алдыңғы қатарлы еуропалық елдермен стратегиялық ынтымақтастықта еліміздің жаңа деңгейге көтерілуі»,- деп президент Н.Назарбаев атап өтті. 2008 жылғы Еуропаға Жол бағдарламасы.

         Көптеген сарапшылар мен мамандардың тоқтамы бойынша «Еуропаға Жол» Бағдарламасы, нәтижесінде, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында саяси ынтымақтастықтың интенсификациясына өз ықпалын тигізеді. Атаулы Бағдарлама 1990-жылдардағы Қазақстанның посткеңетік өркениетаралық демократиялық бейнесінен үшінші мыңжылдыққа тиесілі алдыңғы қатарлы өркениетті еуропалық елдердің даму үлгісіне көшу эволюциясы және заңдық салдары болып есептелді.

         2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан Республикасының төрағалық ету шешімі осы Бағдарламаны дайындау мен қабылдануына итермелегенін атап өту қажет.

         Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-дағы төрағалыққа жауапты миссия да маңызды орынға ие. 2009 жылы 22 желтоқсанда Ақордада дипломатиялық корпус алдында сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев «Республиканың ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету постына тағайындалуын еуропалық және әлем тарапынан көрсетілген сенім куәлігі ретінде қарастырамын»,- деп мәлімдеді. Әрі қарай «Бүгін ЕҚЫҰ қызметінің барлық үш – қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық себетінің таразысы тең болуын қамтамасыз ету қажет»,- делінді. Әскери-саяси өлшем туралы Президент ««Корфу үдерісінің» мұрагерлігін қамтамасыз етуде Қазақстан барлық күш-жігерін салады. Бұл контекст астарында Ванкуверден Владивостокқа дейін кеңістікте қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыруға деген жақсы мүмкіндік жатыр»,- деп баса айтты [262 ].

         Гуманитарлық өлшемге Қазақстанның салымы туралы ҚР Президенті «ол конфессия және ұлтаралық келісім саласында біздің елдің тәжірибесіне сай келеді, әрі ЕҚЫҰ-дағы төрағалықта қазақстандық доминанттың бірі ретінде шығады»,- деп айтқан болатын.

         2010 жылы 29 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауы кезінде қорытынды ретінде ҚР Президенті  Н. Назарбаев «Мен Саммитте ЕҚЫҰ жауапты зонада қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, Ауғаныстандағы жағдай мен толеранттылық сұрақтарын талқалуды ұсындым. ЕҚЫҰ-дағы біздің төрағалығымыз қауіпсіздікті дамыту мен бүкіл әлем халықтарының гүлденуіне бағытталады», - деп мәлімдеді  [263 ].

         Қазақстанның ЕҚЫҰ - да төрағалық етуге таңдалу факті бүкіл әлем қауымдастығының орасан зор қызығушылығын тудырып, өзіне үлкен назарды аудартты. «Бұл - заңдылық, өйткені тәуелсіздік алған уақыттан бастап біздің еліміздің халықаралық аренада өз орнын табуға үлкен көлемдегі жұмыстар атқарылды. Республика танымастай зайырлы, заманауи мемлекетке айналды, бұл өз кезегінде мемлекеттік тәуелсіздікті күшейтудегі біздің сөзсіз жетістігіміз» [264 ]. 

         Сонымен, ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің соңғы сөйлеген сөзінде алдағы онжылдық - 2020 жылға  арналған Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының басты приоритеттерін атап, барлық қазақстандықтарды осындай масштабты жоспарларды орындау үшін тапжылмай еңбек етуге шақырды және жоспарлар іске асатындығына өз сенімін білдірді.

         Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты, бастапқыдан-ақ, геосаяси факторларды ескеріп жасалды және мемлекеттің ішкі табиғи ресурстар потенциалы мен көрші елдердің позицияларына негізделді. Олардың барлығы, жалпы алғанда, республиканың сыртқы саясатының сипаты мен бағытына объективті ықпал етті және көпвекторлы ынтымақтастық пайдасына таңдауды анықтады.

         Қазақстанның сыртқы саясатында арадағы байланыстар дәстүрлі тұрақты әрі болжамды сипатқа ие Шығыс Еуропаның алатын маңызы зор. Геосаяси фактордан бөлек, бұл қоғамдық - саяси даму және халықтың әлеуметтік-экономикалық дәулеттілігінің ұқсастығымен де түсіндіріледі.

         Сол үшін де қазіргі заңдық және маңызды кезеңде Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен қатынасты дамыту Бағдарламасын жасау, ынтымақтастықтың перспективаларын анықтау, шығысеуропалық нарықтарда қазақстандық өндіріс орындарының орналасуы және Шығыс Еуропа елдерінде  инвестициялық саясатты кеңейтуге арналған шараларды жандандыру қажеттілігі туындап отыр.

         Атаулы бағдарламаның маңызды бөліктерін қарастыра отырып, автор аймақ елдерімен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтардың мүмкін перспективаларын анықтап, шығысеуропалық елдердің саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін қарастыру орынды деп санайды. Қазіргі халықаралық қатынастар жағдайын ескере отырып, автор Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы сыртқы саяси байланыстарды келесі бағыттар бойынша дамытуды ұсынады:

1. Еуропалық кеңістікте біздің еліміздің бренді мен ұлттық сауда маркаларын әйгілеу;

2. Еуропалық қауымдастықта жағымды Астана имиджін тартумен айналысу, мәдени- ағартушылық және ұлттық-этникалық бірлескен жобаларды ұйымдастыру;

3. Ғарышты бейбіт игеру саласындағы ынтымақтастық;

4. Біріккен білім, ғылым және технологиялық жобалар;

5. Шығыс Еуропа елдерінде энергетикалық қауіпсіздік саласы бойынша ынтымақтастық;

6. Қазақстандық тарап жағынан бақылау пакеттері бар бірлескен өндіріс орындарын (корпорация) салу арқылы шығысеуропа мемлекеттері экономикасына қазақстандық капиталдың интеграциясы мен енуі;

7. ЕҚЫҰ форумдарында қабылданған мәселелер бойынша өзара әрекет жасау, бұл өз кезеңінде Қазақстанға әлемдік қауіпсіздік пен сенімділік шаралары бойынша инфрақұрылымға кірігуге мүмкіндік береді;

8. Ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша бірлескен позицияларды қалыптастыру;

9. Өндіріс орындары, заводтар, фабрикалардың халықаралық дағдарыс жағдайында болжамды табыс пен жақын арада 5-7 жылға және ұзақ уақыт 10-12 жылға арналған перспективалардан экономикалық эффектті ескере отырып, қолайлы бағаларға ие болғаннан кейін Шығыс Еуропа елдеріне қазақстандық капиталдың инвестициясы;

10. Шығыс Еуропа елдеріндегі қазақстандық диаспораларға қаржылай және дипломатиялық көмек;

11. Өзара тиімді жағдайларда Шығыс Еуропа елдерімен екіжақты визасыз режимді орнату туралы келісімдерді жалғастыру;

12. Халықаралық бейбіт операциялар мен миссиялар шеңберінде ынтымақтасу;

13. Халықаралық қаржылық жемқорлыққа қарсы тұру және «ақжағалылық» қылмысымен күрес;

14. Трансұлттық қылмыспен, соның ішінде халықаралық терроризм, наркотрафик, адам саудасы, қарудың заңсыз сатылуы, заңсыз миграция және т.б. түрлерімен күрес бойынша бірлескен қызметті ұйымдастыру.

Сонымен, сыртқы саяси ынтымақтастық үшін біз барлық шығысеуропалық елдермен өзара қимылдың ортақ векторын ұсындық. Сонымен қатар, саяси ынтымақтастық базасы динамикалық экономикалық контактілер болып табылады, автор Қазақстанның әрбір шығысеуропалық аймақ мемлекеттерімен бөлек ұлттық экономикаларын ескере отырып, экономикалық қатынастарының перспективаларын ескеруі - атаулы контактілер спектрлерін объективті анықтауға мүмкіндік береді. Автор Қазақстан мен шығысеуропалық елдер аймағының экономикалық байланыстары ортаазия аймағында интеллектуалды, мәдени, экономикалық және ғылыми-техникалық потенциалдағы консервациядан құтылуға көмек беретін республиканың ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады деген тұжырымдаманы айтады.

Польша

         Қазіргі Польша аграрлы-индустриалды мемлекет болып табылады. Польша экономикасының ұлттық табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі жеткіліксіз және, көбінесе, импортқа тәуелді. Польша, әдетте, Ресейден газ бен мұнайды импорттайды. Сонымен қатар, оның қара металлургия дамуындағы ең басты проблемасы-  темір рудасына толық түрде тәуелділігі.  Темір рудасының басты тұтынушылары 15 кішігірім және 3 ірі металлургиялық комбинат, әсіресе, Краковта орналасқан «Новая Гута» комбинаты. Дәл сол кезде Қазақстандағы темір рудасының қоры 16,6 млрд. тоннаны құрайды , яғни, бүкіләлемдік қордың 8%-ы орналасқан, оның 8800 млн. тоннасы барланған және өңдеуге дайын тұр. Дәл осы сала Польша мен Қазақстан арасындағы екіжақты қызығушылық саласына айналуы мүмкін. Қазақстан үшін экономикалық қызығушылық тудырта алатын- Польшадан еуропалық сертификацияға ие, сапасы және жағымды бағасымен ерекшеленетін тоқыма өнеркәсібі импорты болуы мүмкін. Қазақстан-Польша байланыстарының жанасу нүктесі ретінде қазақстандық мақта мен мақта-мата жартылай фабрикаттарының жеткізілуі санала алады. Польша Қазақстанмен ынтымақтастықта «Одесса - Броды –Гданьск» мұнай құбырының салынуына қызығушылығын білдіріп отыр, бұл жоба Польшаның сыртқы саясатының приоритеттерінің бірі және осы жобаға қатысу арқылы Қазақстан Еуропаға көмірсутегі шикізатын тасымалдау үшін қосымша экспорттық маршрутты қамтамасыз ету арқылы ұтымды жағдайда қалады.

Венгрия

         Венгрияның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі бойынша аймақта орташа орынға ие. Ел экономикасы құрылымының ерекшелігі болып материалдық емес салада жұмыспен қамтылған халық санының жоғары пайызын- 45% (салыстырмалы үрде өнеркәсіпте  – 35%, ауыл шаруашылығында – 20%) атауға болады. Венгрия өте жоғары деңгейде энергетикалық ресурстардың: мұнай, табиғи газ, көмір мен электроэнергия импортына тәуелді. Бүгінгі күні энергоресурстар жетіспейтін заманда Венгрия жергілікті уран қорын пайдаланып, атомдық энергиясын белсенді дамытып жатыр. Энергоресурстардың шектеулі әрі нақты дефициті алюминий өнеркәсібін дамытуға тежеуші факторға айналып отыр, оған қоса Венгрия Еуропа мемлекеттері ішінен металлургиялық өнеркәсіпті дамытудың тұрақты бөлігі болып табылатын боксит қоры бойынша ең бай мемлекет екенін ескеру қажет. Автордың айтуы бойынша, энергетикалық салада Венгрия мен Қазақстан ынтымақтастығы диверсификациясы өзара тиімді : бір жағынан, Қазақстан энегеоресурстарды жеткізудің сенімді серіктесіне айналуы мүмкін. Басқа жағынан, екі мемлекеттің ынтымақтастығының перспективті бағыты ретінде атомдық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануға бірлескен зерттеулер мен жобалар жүргізу болуы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстан үшін Венгриямен транспорттық құралдарды, медикаменттер мен медициналық аппараттарды сатып алу саласы бойынша  экономикалық ынтымақтастық қызықты болуы мүмкін. Венгрияның соңғы жеңіл өнеркәсібінің белсенді даму тенденциясын негізге алып, мемлекетте қайта өңделген мақта, жүн, тері өнімдерін импорттауға мүмкіндіктер туындады. Қазақстан венгрлік өнеркәсіптерге өзара тиімді және перспективалы ынтымақтастықты ұсына алады. Венгрия дамыған экспортқа бағытталған аграрлы саласы бар мемлекет және Қазақстан онымен серіктесе отырып, ауылшаруашылығында аграрлы-индустриалды диверсификациясын іске асыра алады.

Чехия

         Дамыған индустриалды-аграрлы мемлекет. Чехия жоғары дамыған көлікқұрылыс саласы бойынша аймақта басым орынға ие. Көлікқұрылыс пен метал өңдеуге елдегі өнеркәсіп өнімінің 1/3-і тиесілі. Бұл жиынтықтың басты сипаты ретінде өндірістің жоғары диверсификациясы, күрделі, әдетте, кіші сериялық машиналарды дайындау сипаты бола алады. Бұл қатынаста Қазақстан үшін бейімделу және қазақстандық экономикаға ену салдарымен жылжитын мақсатта жоғары чехиялық технологиялар трансфері саласындағы ынтымақтастық перспективті болып табылады. Чехия өндірісінің концентрациясы көрсеткіші аймақта ең жоғары, сол үшін ресми Прага үшін қосымша маманданған жұмыс күшіне әрқашан белгілі бір қажеттілік туындайды. Осы бағытта да жұмыс күшінің қысқа уақытты және ұзақ уақытты миграциясын іске асырумен техникалық мамандар мен инженерлік кадрлерді жоғары маманданған жұмысшылыққа үйрету мен дайындау перспективасы бойынша бірлескен жобалар енгізу арқылы Қазақстанда Чехиямен қатынастарын дамытуға мүмкіндігі бар.

Словакия

         Әлемдік жіне еуропалық нарықта Словакия рекреациялық және өнеркәсіптік ресурсымен ерекшеленеді. Темір рудасының жеке толық емес күйде өңдеу - металлургиялық комбинатты қанағаттандырады, сол үшін де Словакия темір рудасының импорттауына қызығушылық танытады. Қазақстан үшін экспорттың бұл бағыты Словакиямен өзара табысты қатынас даму жолының негізіне айналуы мүмкін. Словакияның көлікқұрылыс саласында электроника мен электротехника (теледидарлар, тоңазытқыш, кір жуатын машиналар өндіру), сонымен қатар ауылшаруашылығы машиналарын өндіру маңызды орынды иеленеді. Сол үшін де, автор ойы бойынша, өндірілетін тауарлар жоғары еуропалық сапа мен жағымды бағаға жауап беретін болса, Қазақстанның Словакиямен осы салада белсенді сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндігі бар. Оған қоса, Қазақстан мен Словакия жақын жылдарды аймақтық және континенталдық өтіс және қызмет нарығына шығу үшін транзит-транспорттық потенциалды дамыту үшін қолданады.

 

 

         Болгария

         Өзінің әлеуметтік және экономикалық дамуы бойынша аймақта ортаңғы орындардың бірін иеленеді және индустриалды-аграрлы мемлекет болып есептеледі.  Болгария абсолютті түрде керекті энергоресурстар импортына тәуелді: мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, тас көмір және электроэнергиялар. Сол үшін де Қазақстан Болгариямен бірігіп энергоресусртарды жеткізу саласы болсын, техникалық қайта өндіру бойынша да энергетикалық жобаларды дамыта алады. Бұған қатысты Қазақстан қайта өңдеу және энергожинақтайтын технологиялар трансферіне қатысты Болгарияға коммерциялық ұсыныс жасай алады. Сонымен қатар, қазақстандық тарап үшін Болгариямен туризм және рекреация саласында ынтымақтастықты дамыту қызықтыруы мүмкін.

Румыния

Шаруашылықтың аграрлы-өнеркәсіптік құрылымын ұстанатын аймақтың орташа дамыған мемлекеті. Шығыс Еуропада Румыния энергоресурстармен жоғары деңгейде қамтылған жалғыз ғана мемлекет. Осы уақытқа дейін мемлекет Батыс Еуропа мемлекеттеріне өзінің мұнай өнімдерін белсенді экспорттады. Бірақ, осы күні румындық үкімет өз ресурстарын үнемдеу (сақтау) саясатын жүргізіп отыр, өйткені мұнай өнімдерінің белгілі мөлшері азияттық елдерден импортталады. Автордың көзқарасы бойынша, мұнай өнімдерімен өзара табысты сауда бағытын дамыту- қазақстан-румындық қатынастардың жақсаруына септігін тигізуі мүмкін. Көлікқұрылыс саласы бойынша Румыния ауылшаруашылық техникасын өндіруге маманданған. Румындық дәстүрлі ұлттық экономикасы орман дайындау және ағаш өңдеуден құралған, бұл бағытта Румыния аймақта бірінші орынды иеленеді. Қазақстандық экономикада жоғарытехнологиялық ауыл шаруашылық техникалары мен ағаш өңдеу саласы өнімдері жетіспеуде. Сол үшін де, осы салаларда қазақстан-румындық қатынастар белсенді жандануы мүмкін.

         Трансшекаралық ынтымақтастық, стратегиялық транзит, энергоқауіпсіздік, аймақаралық ынтымақтастық, халықаралық қылмыспен күрес, экологиялық және мәдени ықпалдасуы, экономикалық салалардағы өзара табысты жобаларды кеңейтуге деген өзара объективті қызығушылықтар Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы конструктивті қатынастарға қосымша түрткі бола алады.

         Г қосымшасында Қазақстан Республикасы үшін экспорт пен импорт сияқты экономикалық құрылымдардың перспективті позицияларын жеке шығара отырып, Қазақстанның шығысеуропалық елдермен ынтымақтастықтың мүмкін болар бағыттарын бейнелеп көрелік.

         Г қосымшасында ынтымақтастыққа сөзсіз мықты негіз салатын саяси байланыстар және басқа да салаларда, әсіресе, экономикалық байланыстар көрсетілген.

         Қазіргі Қазақстан Республикасы мен шығысеуропалық елдер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық жағдайы Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық векторының қосымша бөлігі болып табылатын шығысеуропалық вектор қалыптасқан деп түйін жасауға болады. Бұл толқынды ғылыми-технологиялық прогресс, саяси үдерістердің жаппай ақпараттандырылуы және ғылымның сіңірілу (көбінесе, нанотехнологиялар) технологияларының ролінің өсуі заманында соңғы қорытындыға, яғни ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің маңызды бөлігі болып табылады.

         Еуроодақ өзінің ортақ кеңістігінде өнеркәсіптің едәуір бөлігі, соған байланысты қолданылатын жоғары технологиялардың, көбінесе,  жұмыс күші мен табиғи ресурстар есебінен ЕО жаңа мүшелері территориясына қарай жылжуы Батыс Еуропадағы бағалармен салыстырғанда біршама төмендетті.

         Салыстырмалы түрде жұмыс күшінің арзандығы мен табиғи ресурстарды пайдаланып, Қазақстан жақын арада  өнеркәсіптің бірқатарын өз территориясына жылжыта алады. Өндіріспен қатар, өтіс нарығының толық қамтылғандығын да ескеріп, керекті технологияларды алуға болады.

         Одан басқа, Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен позитивті іскерлік және саяси-мәдени байланыстарын ескере отырып, көңіл аз бөлінетін жақтарды анықтап, мемлекеттердің ынтымақтастық саласында мәселелерді алға тарту қажет.

         Қазақстан- шығысеуропалық қатынастарды тұрақсыздандыратын және өз тарапынан қандай да бір қауіпті әкелетін әлсіз тұстар келесідей мәселелер жатады:

- Қазақстан мен Шығыс Еуропа арасындағы ынтымақтастықтың төмен деңгейі, көбінесе, саудаға адамның араласуы арқылы кедергі келтіретін құқық қорғау органдары ведомстволарын атауға болады. Қазақстан өзінің құқықтық базасын шығысеуропалық мемлекеттермен Қазақстанды эффективті түрде өз құқығын, еркіндік пен шетелдегі өз азаматтарының  заңдық қызығушылықтарын қорғауға мүмкіндік беретін бағытта кеңейтуі қажет. Бұл күні Қазақстанның мемлекеттік органдары толық түрде адам саудасы жағдайларын осы бағытта шаралар қолданылғанына қарамастан шеше алмай отыр;

- Қазақстандық экспорттың шикізаттық бағытталуы ұлттық экономиканы өндіруші және технологиялық артта қалуына әкеліп соғуы мүмкін. Нәтижесінде, қаржылық дағдарыс толық түрде осындай экономикалардың сыртқы факторлерге тәуелді және осал екеніндігін анықтап берді;

- Қазақстандық өнеркәсіптің шикізаттық емес секторына құйылатын инвестицияның әлсіз динамикасы. Инвесторлар үшін Қазақстанның ең қатты қызықтыратын салалары ретінде мықты минералды-шикізаттық база мен ауыр өнеркәсіп саласы белгілі. Сол уақытта басқа өндіріс салаларын, мысалы, адам ресурсы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, ғылымды қажет ететін, көлікқұрылыс және т.б. салаларға инвестициялық жобалар жоқтың қасы.

- Қазақстанның қаржылық, бюджеттік және сыртқыэкономикалық көрсеткіштерінің жылу - шикізаттық комплекс пен энерготасымалдаушы өнімін бағасына тәуелділігі балансының жоғары деңгейі. Олардың ауытқуы әлеуметтік те экономикалық саясатты да сыртқы факторларға шектен тыс босаң әрі тұрақсыз етеді. Сол үшін де Қазақстан Республикасы үкіметі ұлттық экономиканың экспорттық бағытталуы мен өнеркәсіптік саласын әртараптандыруға көп күш жұмсауы қажет.

- Шығысеуропалық мемлекеттер ақпараттық технология ендіру бойынша Қазақстаннан бірнеше саты алды, сол үшін де ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тең серіктестік деңгейінде ғана емес, паритетті табыс табу үшін бірлескен жобалар ойластыруға аса көп көңіл бөлу керек.

- Мемлекеттік «Қазақстан брендінің» шығысеуропалық аймақта мәдени және гуманитарлық деңгейде әлсіз танылуы. Позитивті Астана имиджінің Шығыс еуропа елдері халқы арасында және дипломатиялық шеңберлерде кірігуінің жетіспеушілігі қатты байқалады.

         Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасында өзара табысты және тұрақты қатынастарды тұрғызу мен дамытуға ықтимал қауіптердің деңгейі мен әсер ету мүмкіндеріне эксперттік баға берелік.

         Жағдайдың бағасын анықтау үшін PEST-талдау  (P-саясат, E-экономика, S-әлеуметтік мәдениет, T-технология) матрицасын қолданамыз, оның ішінде ынтымақтастықты қалыптастыру үдерістеріне тікелей әсер ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторлар сарапталынады.

         Эксперттік пікір бойынша 0 ден 10-ға дейінгі балдар қойылады, 0-ден 4-ке дейін- төмен көрсеткіш, 5-тен 7-ге дейін- орташа көрсеткіш, 8-ден 10-ға дейін- жоғары көрсеткіш болып бағаланады.

         Әрі қарай әр факторға бөлек мүмкін болар іс-әрекет бағдарламасы тезис түрінде беріледі.

         Талдаудың қорытынды бөлімінде барлық факторлар қосылады және жинақталған бал санына байланысты қауіп пен мүмкіндіктер жүзеге асырылу мүмкіндігінің деңгейі анықталады.

         PEST- талдау нәтижесінде жинақталған қорытынды балдар санын бағалай отырып, біз Қазақстан- Шығыс Еуропа қатынастар жүйесінің жалғыз негативті, бірақ бұл жоспарда мәндес емес фактор деп әлемдік қаржылық дағдарысты атай аламыз. Сонымен қатар, бұл фактор қарым-қатынастардың сипатына тікелей әсер етпейді, алайда ол тек байланыстар динамикасын тежейді.

         Одан басқа экономикалық және дипломатиялық құралдарды дұрыс қолдану белгілі бір деңгейде бұл ықпалды өз пайдасына шешуге және Қазақстанның еуропалық континентте саяси, экономикалық және ұлттық қызығушылықтары мәселелерінде Шығыс Еуропадағы экономикалық  дағдарыс құбылыстарын пайдалануға мүмкіндік береді.

         Біз әсер ететін фактордың жоғары мүмкін көрсеткішін байқап отырмыз (121 балл), бұл Қазақстанның шығысеуропалық елдермен ынтымақтастықтың жоғары динамикалық және көпжақты негізіне себепкер болады. Көрсетілген факторлардың тиімді тұстарын және олардың Қазақстан-Шығыс Еуропа елдері (129 балл) қатынастары үшін маңызының жоғары көрсеткішін ескере отыра, біз Қазақстан басшылығы үшін саяси, Қазақстанды халықаралық ынтымақтастық пен әлемдік танылудың сапалы жаңа дәрежесіне шығуға мүмкіндік беретін экономикалық, технологиялық және әлеуметтік-мәдени факторларын есептеп, комплексті ынтымақтастық Бағдарламасының құрастырылуы кейінге шегерілмейтін міндет деп білеміз.

         Автор Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен саяси-экономикалық байланыстарының жандандырылуы қазіргі заманда білім мен ғылым саласындағы қатынастардың интенсивті дамуынсыз мүмкін емес екендігіне сендіруде.

         Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта халықаралық жастар білім жобалары табысты жұмыс істеп, жақсы нәтижелер беріп жатыр, нақтылы:

- Халықаралық ынтымақтастық бойынша WROCLAW SOLIDARITY BRIDGE бағдарламасы – бағдарламаның мақсаты - белсенді жастарға Еуропалық Одақтың демократиялық қайта құрылуларымен азаматтық қоғамның функциялануы саласы бойынша тәжірибе жинауға деген мүмкіндіктер қалыптастыру болып табылады;

- «Болашақ» Президенттік бағдарламасы – бұл бағдарлама мақсаты қазақстандық студенттердің Польша, Венгрия, Чехияның жоғары білім мекемелерінде жоғары білім алуы мен тәжірибе жинақтауы болып табылады.

- Жеке қазақстандық ЖОО-да Венгрия, көбінесе, Орталық-еуропалық университеті (CEU, Венгрия), ашық қоғам Институты (OSI, Венгрия) сияқты  білім орталықтары, ғылыми кеңестері және ғылыми-өндірістік орталықтарымен ынтымақтастық.

         Шығыс Еуропа елдерінде Қазақстанның экономикалық және мәдени қызығушылықтарының эффективті енуі және жүзеге асырылуы, автордың айтуы бойынша, қазақстандық тараптың өз өнімін, көрмелер шеңберінде қызметі мен мүмкіндіктерін, халықыралық дәрежедегі форумдар мен дөңгелек үстелдерді Шығыс Еуропа елдерінде өткізу арқылы ғана қол жеткізіледі.

         Е қосымшасында Шығыс еуропа елдерінде өткізілетін аса маңызды және масштабты жыл сайынғы іс-шаралар келтірілген.

         Шығысеуропалық аймақта Қазақстанның саяси және ұлттық қызығушылықтарын қамтамасыз ететін «Еуропаға Жол» атты Мемлекеттік бағдарламаны және Стратегиялық жоспар-2020 атты бағдарламаны іске асыру аясында автор ынтымақтастықтың басым бағыттарын ұсынған, Қазақстанның ұлттық қызығушылықтарын жүзеге асыратын жүйе берілген. Бағдарламаның мәні келесі маңызды ынтымақтастық бағыттарына бағдарланған.

2.3  Ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі

Келешегі

Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі туралы жаңа келісім жасалды, ол саяси, экономикалық және стратегиялық өзара қатынастардың нығаюына себеп болады, сонымен қатар тараптар арасындағы тауар айналымы мен инвестицияны қамтиды. Брюссельде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕК басшысы Жозе Мануэл Барроза қатысуымен Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы мен серіктестігінің кеңеюі туралы жоба келісімдерінің аяқталуы мен құжатқа қол қою рәсімі өтті, сонымен қатар республика мен ЕО арасында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шеңберіндегі екіжақты келісімдердің аяқталғандығы хабарланды. Қазақстанның Президенті келісімнің іске асуы Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық байланыстардың кеңеюіне септігін тигізеді деген сенім білдірді. Жаңа келісім – қазақстандық және еуропалық кәсіпкерлердің ұтымды қызметтеріне жақсы жағдай жасайтын тәжірибелік құрал. Сонымен қатар, ол біздің азаматтарымыз арасындағы байланысты күшейтеді. Қазақстан 2050 жылға дейін даму стратегиясын қабылдады. Әр түрлі салаларда Еуропалық Одақтың ауқымды потенциалы мен бірден-бір тәжірибесін ескере отырып, біздің мемлекет алдында тұрған амбициялық мәселелерге қолдау көрсететініне үміт артамыз,- деп Н.Назарбаев тоқталып өтті, оның сөздері хабарламада берілген. 

Қазақстан президенті жаңа келісімнің басты аспектілерінің бірі болып модернизацияланған Сауда бөлімі табылатындығын айрықша көрсетті. Ол Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына Қазақстанның кіруі шеңберінде қабылданып жатқан шараларды, сонымен қатар Кедендік Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ Келісімі шеңберінде қабылданған құжаттармен санасады.

Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастың ерекше көзге түсер ерекшелігі ретінде біздің тараптар арасында визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ реадмиссия туралы Келісімді атап өткім келеді,- деп мемлекет басшысы айтқан болатын. Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы екіжақты келісімдерге қол қойылды. Екі құжат та біздің еліміз үшін аса маңызды. Ең алғаш біз жаңа келісімді дайындау туралы мәселені 2006 жылы көтерген едік. Соңғы 3-4 жылда осы бағытта келісімдер белсенді жүргізілді және жеңісті аяқталды. Қазақстан – ЕО-мен екінші ұрпақ келісімін жасайтын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

Бұл қатынастардың жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігіне себепкер болады және біздің серіктестігіміздің стратегиялық сипаты мен кемелденгендігін көрсетеді,- деп Н.Назарбаев атап өтті. Ол Қазақстан мен ЕО арасында салалардың кеңейген спектрлерінде ынтымақтастықты қарастыратын мықты құқықтық платформаны қалыптастыру керектігіне көңіл бөлді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ықпал беретін саяси диалог, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, инновациялар енгізуді қарастырады. Біз ынтымақтастықты құқықтық салада, сондай-ақ терроризмге қарсылық көрсету, ұйымдастырылған және трансұлттық қылмыспен және жемқорлықпен  күрес саласында күшейтуге дәмеліміз,- деп Президент айтып өтті.

Мемлекет басшысы Ж.М.Баррозамен кездесу барысында аймақтық жоспардағы ауқымды мәселелер шеңбері талқыланғандығын хабарлады. Бізді Украинада болып жатқан оқиғалар мазаландырады. Біз осы мемлекетте шиеленіскен тараптар мен толығымен әлемдік экономиканың да дамуына нұқсан келтіретін қазіргі санкциялардың біртіндеп алынып тасталуына негіз болатын жағдайдың тұрақтануына көмек беруге дайынбыз,- деп елбасымыз атап өтті. Өз кезегінде Ж.М.Барроза Қазақстан қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың тек сауда-экономикалық айналым саласында ғана емес, сонымен қатар аймақтың тұрақтануы мен бейбітшіліктің енуіне ықпал жасай алатын серіктесі екендігін айтты. ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі туралы жаңа келісім саяси, экономикалық және стратегиялық өзара байланыстардың күшеюіне ықпал береді және біздің тараптарымыз арасындағы тауар айналымы мен инвестицияларды қамтиды,- деп Ж.М. Барроза атап өтті, оның сөздері хабарламада берілген.

Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі туралы жаңа келісім жасалды, ол саяси, экономикалық және стратегиялық өзара қатынастардың нығаюына себеп болады, сонымен қатар тараптар арасындағы тауар айналымы мен инвестицияны қамтиды. Брюссельде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ЕК басшысы Жозе Мануэл Барроза қатысуымен Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы мен серіктестігінің кеңеюі туралы жоба келісімдерінің аяқталуы мен құжатқа қол қоюрәсімі өтті, сонымен қатар республика мен ЕО арасында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шеңберіндегі екіжақты келісімдердің аяқталғандығы хабарланды. Қазақстанның Президенті келісімнің іске асуы қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық байланыстардың кеңеюіне септігін тигізеді деген сенім білдірді. Жаңа келісім – қазақстандық және еуропалық кәсіпкерлердің ұтымды қызметтеріне жақсы жағдай жасайтын тәжірибелік құрал. Сонымен қатар, ол біздің азаматтарымыз арасындағы байланысты күшейтеді. Қазақстан 2050 жылға дейін даму стратегиясын қабылдады. Әр түрлі салаларда Еуропалық Одақтың ауқымды потенциалы мен бірден-бір тәжірибесін ескере отырып, біз біздің мемлекет алдында тұрған амбициялық мәселелерге қолдау көрсететініне үміт артамыз,- деп Н.Назарбаев тоқталып өтті, оның сөздері хабарламада берілген.  Қазақстан президенті жаңа келісімнің басты аспектілерінің бірі болып модернизацияланған Сауда бөлімі табылатындығын айрықша көрсетті. Ол Қазақстанның дүниежүзілік Сауда ұйымына Қазақстанның кіруі шеңберінде қабылданып жатқан шараларды, сонымен қатар Кедендік Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ Келісімі шеңберінде қабылданған құжаттармен санасады. Қазақстан мен ЕО арасындағы қатынастың ерекше көзге түсер ерекшелігі ретінде біздің тараптар арасында визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ реадмиссия туралы Келісімді атап өткім келеді,- деп мемлекет басшысы айтқан болатын. Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы екіжақты келісімдерге қол қойылды. Екі құжат та біздің еліміз үшін аса маңызды. Ең алғаш біз жаңа келісімді дайындау туралы мәселені 2006 жылы көтерген едік. Соңғы 3-4 жылда осы бағытта келісімдер белсенді жүргізілді және жеңісті аяқталды. Қазақстан – ЕО-мен екінші ұрпақ келісімін жасайтын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

Бұл қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігіне себепкер болады және біздің серіктестігіміздің стратегиялық сипаты мен кемелденгендігін көрсетеді,- деп Н.Назарбаев атап өтті. Ол Қазақстан мен ЕО арасында салалардың кеңейген спектрлерінде ынтымақтастықты қарастыратын мықты құқықтық платформаны қалыптастыру керектігіне көңіл бөлді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ықпал беретін саяси диалог, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, инновациялар енгізуді қарастырады. Біз ынтымақтастықты құқытық салада, сондай-ақ терроризмге қарсылық көрсету, ұйымдастырылған және трансұлттық қылмыспен және жемқорлықпен  күрес саласында күшейтуге дәмеліміз,- деп Президент айтып өтті.

Мемлекет басшысы Ж.М.Баррозамен кездесу барысында аймақтық жоспардағы ауқымды мәселелер шеңбері талқыланғандығын хабарлады. Бізді Украинада болып жатқан оқиғалар мазаландырады. Біз осы мемлекетте шиеленіскен тараптар мен толығымен әлемдік экономиканың да дамуына нұқсан келтіретін қазіргі санкциялардың біртіндеп алынып тасталуына негіз болатын жағдайдың тұрақтануына көмек беруге дайынбыз,- деп елбасымыз атап өтті. Өз кезегінде Ж.М.Барроза Қазақстан қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың тек сауда-экономикалық айналым саласында ғана емес, сонымен қатар аймақтың тұрақтануы мен бейбітшіліктің енуіне ықпал жасай алатын серіктесі екендігін айтты. ҚР мен Ео арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі туралы жаңа келісім саяси, экономикалық және стратегиялық өзара байланыстардың күшеюіне ықпал береді және біздің тараптар арасындағы тауар айналымы мен инвестицияларды қамтиды,- деп Ж.М. Барроза атап өтті, оның сөздері хабарламада берілген.

 

Еуропалық Одақ пен Қазақстанның ынтымақтастығының басымдықтары мен перспективалары.

Еуропалық Одақ пен Орталық Азия жақындасуының аймақаралық тәжірибесі көңіл аударуға тұрарлық және стратегиялық ынтымақтастықтың дамуы барысында сыналуға да лайықты. ЕО - ҚР ынтымақтастығы перспективасы екіжақты қатынастардың, ең алдымен, іске асырылып жатқан бағдарламалар мен сауда-экономикалық саладағы қатынастардың  басты тенденцияларын талдау негізінде қарастырылады,

 

1.ЕО пен ОА арасындағы қатынастардың өзгермелі контексті.

         Екіжақты қатынастардың дамуы «жаңа ынтымақтастық» түсінігі арқылы берілген ЕО мен Қазақстанның стратегиялық мақсатқа жетуге бағытталған ортақ бағытын білдіреді. Бірнеше жыл бұрын сыртқы байланыс пен көршілік Еуропалық саясаты бойынша  ЕО бұрынғы Комиссары  Б. Ферреро-Вальднердің «Орталық Азия елдері- көршілеріміздің [шығыс] көршілері» [1], атты бейнелі сөйлемі тез арада саяси және дипломатиялық лексикаға енді. «Қазақстан ЕО мен ОА үшін маңызды серіктес. Біз демократиялық және экономикалық реформаларды қолдаймыз, энергетика саласында біздің жақсы дамыған сауда қатынастарына негізделе отырып ынтымақтастықты бекітеміз және Орталық Азияда аймақтық тұрақтылыққа бірігіп көмек беру үшін жаңа жолдарды іздейміз» [2].

 

Орталық Азия өзінің бай табиғи ресурстарымен- Қазақстан, Түркменістан және Өзбекстанның мұнайы мен газы, сонымен қатар Тәжікстанның су ресурстары- әртүрлі халықаралық жобалардың, соның ішінде еуропалық та жобалардың салынатын орны ретінде қарастырылады. Бұл ауқымды транспорттық және энергетикалық магистральдар жүйесін құру бойынша жобалар, мысалы, трансконтиненталды жоба «Батыс Қытай - Батыс Еуропа», «Солтүстік - Оңтүстік», «Солтүстік ағын», «Оңтүстік ағын» және т.б. жобалары.

ОА елдері өзінің жеке субъектілігін қалыптастыруға, ОА ресурстарына қызығушылық танытып отырған сыртқы ойыншыларға қатысты жеке энергетикалық саясат ұстануға талпынуда. Ал ресурстар аймақтағы сыртқы және ішкі үдерістерді реттейтін өршіту факторы ретінде шығады.

Еуропа ОА-да жеке стратегиялық сызығын ОА-дағы қауіптерге қатысты  әлдебір қорқынышпен және сол уақытта АҚШ, Ресей және Қытай сияқты ірі акторларға қатысты сақтықпен жүргізеді. Энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне қарамастан, ЕО-да олардың тасымалдану жолдары шешімін созып жатыр («Набукко» жоспары).

Сонымен, аймақтағы «шынайы саясат» келесідей, ЕО мен ОА арасындағы аймақтық маңызды байланыстар фонында сындарлы қызығушылықтар басымдыққа ие. Орталық Азияға қатысты ЕО саясатын мен либералдық прагматизм ретінде, ал Орталық Азия елдерін ЕО қатысты «ілескен» прагматизм, яғни олардың қызығушылықтарын бекітетін саясат ретінде қарастырушы едім. Н.Назарбаевтің айтуы бойынша «Қазақстан ЕО-ның Орталық Азияға «қақпасы» ретінде болуға дайын» [3].

Өз тарапынан ЕО орталық-азиялық мемлекеттерді олармен ынтымақтастық пен серіктестік арқылы «тұрақты, әділ және ашық қоғамды дамыту мен нығайту» ретінде көрініс тапқан еуропалықтардың аймақтағы  міндеті дәстүрлі артикуляциялануда [4].

 

2.ЕО орталықазиялық Стратегиясындағы Қазақстан орны: жобалар мен бағдарламалар.

Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатында Еуропалық Одақ Ресей, Қытай және АҚШ-пен қатар, маңызды приоритет ретінде қалады. Қазақстанның қызығушылықтары ЕО-ның әлемдік экономика мен саудадағы басым ролі, оның ұтқыр интеграциялық саясаты негізінде анықталады. Қазақстан үшін ДСҰ мен Еуропа Кеңесіне енуге байланысты, ЕҚЫҰ-да өкілдік етуге барысында өз қызығушылықтарын ендіру үшін ЕО қолдауы маңызды.

ТАСИС бағдарламалары өткен онжылдықта экономикалық және әлеуметтік салаларда реформалар жүргізуге, шағын және орта кәсіпкерлікті, банктік жүйені дамытуды реттейге мүмкіндік берді. Қазақстан басқа еуропалық бағдарламалар- ИНКАС, КОПЕРНИКУС, Европартенариат, ТЕМПУС, ТРАСЕКА, ИНОГЕЙТ және т.б.бағдарламаларының мүшесі болды. 1991 жылдан бастап ЕО Қазастанға 300-ден аса жобаларға, € 140 млн-ға жуық ЕО тікелей қаржыландыратын қомақты қаржы есебінде қолдау көрсетті.

 «ЕО-ҚР» бағдарламаларының дамуы қазақстандық «Еуропаға Жол» (Path to Europe, 2008)  атты бағдарламасымен және ЕҚЫҰ-да қазақстанның соңғы қызмеімен күшейтілген. Атаулы контекстіде Қазақстан Еуропалық Одақпен экономикалық реформалар, мемлекеттік және қоғамдық өмір реформаларын тереңдету бойынша диалогті жүргізуге дайын екенін білдірді.

ЕО жобаларының ішінен екі аймақтық инициативалар өз шешімін тез тапты: ОА үшін Еуропалық Білім беру Инициативасы және ОА үшін Еуропалық Басшылық Инициативасы. Аймақтық көзқарас шекарааралық ынтымақтастықты атқаруды талап ететін маңызды аймақтық міндеттерді қарастырады.

Маңызды бағыттар мен жобалар бүгінгі күні «Орталық Азиямен жаңа ынтымақтастық үшін ЕО стратегиясы.2007-2013» (одан әрі -Стратегия) шеңберінде жүзеге асады [5]. Бұл Стратегия Р.Проди-Н.Назарбаевтың 2000 жылы комплексті құжат ретінде ұсынылған және 2007 жылы ЕО Кеңесінде Германияның 27 мүше-мемлекеттерге басшылығымен қабылданған Орталықазиялық аймақты дамыту туралы ортақ доктринаны қалыптастыру инициативасы артынан бес жыл көлемінде дайындалды.

Стратегияда еурокомиссия мен мүше-мемлекеттер құралдары арасын реттеу қажеттілігі көрсетілген. Италия экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бойынша ұсыныстарды бастама етті (Рим, 2007), ал Германия су ресурстарын басқару саласын қарастырды (Берлин, 2008). Стратегияны толықтыра отыра, ЕО басшы мемлекеттері ОА қатысты нақты бағыттар бойынша «мамандандырылады»

Сонымен, Италия қоршаған ортаны және су ресурстарын басқару саласындағы ЕО Комиссиясында «басты координатор» ролін алды («Платформа сотрудничества в сфере окружаю­щей среды и водных ресурсов»).  Румыния қазіргі Шығыс еуропа, Кавказ және ОА (ВЕКЦА) бойынша су ресурстарын басқару саласында потенциалды дамыту мақсатымен ЕО Су Инициативасы Жұмыс тобын басқарды. Германия ОА-да трансшекаралық су ресрстарын басқару бойынша «Берлиндік үдеріске » € 15 млн-нан аса қаржы бөлді. Ол Еуропалық Комиссия мен басқа да донор-ұйымдар жобаларымен тығыз үйлесімде іске асырылуда [6].

ИНОГЕЙТ (1995 жылдан бастап) мұнай мен газды тасымалдау мемлекетаралық бағдарламасы энергетика, тиісінше Каспий теңізі мен Қара теңіз арқылы энергоресурстарды Еуропаға эффективті тасымалдауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған. Энерготасымалдағыштарды транспорттау мәселесінің көпжақты шешіміне Қазақстанның оң көзбен қарауы жобаның маңызын арттыра түседі. ИНОГЕЙТ бірнеше байланысқан мақсаттардан тұрады: энергетикалық нарықтарды жақындастыру, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, энергоресурстарды рационалды өндірілуіне қолдау көрсету, энергетикалық жобаларға инвестиция тарту.

2006 жылдың өзінде Ж.М.Барроза мен Н.Назарбаевтың «саяси диалогы» күн тәртібінде энергоресурстарды мультимодальді транспорттық жүйесі арқылы жеткізу мәселесі тұрды. Алайда, аталмыш жоба ҚХР-мен болған және басқа да жобалар сияқты қажет дамуына жеткен жоқ. ЕО Набукко жобасын ұсынудан жалықпайды және оның іске асырылуын қолдайды. Ал ҚР мен ЕО арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум әлі күнге дейін келісімдік формаға ие болмады, ол дегеніміз нақты қадамдарға негіз бола алмағанын білдіреді.

Энергетикалық ынтымақтастық, сауда транспорттың қажетті жүйесінсіз өзінің дамуына жете алмайды, сол үшін елдің ішінде және елдер арасында автомобиль және теміржол жолдарын салу приоритет болып табылады.

Мемлекетаралық ТРАСЕКА бағдарламасы (Еуропа- Кавказ- Азия атты халықаралық транспорттық дәліз)  халықаралық тасымалдау жүйесін жақсарту арқылы Қара теңіз аймағын, Кавказ және Орталық Азия аймағында саяси және экономикалық дамытуға бағытталған. Мақсаттардың ішінде – аймақта сауданы дамыту мен жақсарту, «ТРАСЕКА» атты халықаралық транспорттық дәліздің Транс-еуропалық транспорттық жүйесі (TENs) интеграциясы. Қазіргі күні Еуропа-Азия сызығында талшықты- оптикалық кабель төсеу жоспары іске асырылып жатыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау мақсатындағы аймақтық кооперация келсі бір приоритеттердің қатарында. Бастамалар Central Asia Invest аймақтық бағдарламасы және SMEs сияқты жобалардан бастау алады.

Нашақорлықпен күрес және басқару шекараларын жақсарту үшін ЕО екі бағдарламаға бастама жасады. Бұл жерде осы салаға қатысты ЕО алдыңғы қатарлы тәжірибесі негізге алынатын аймақтық стратегия қарастырылды. Орталық Азиядағы нашаны таратудың алдын-алу бағдарламасы (КАДАП) ЕО алдыңғы қатарлы тәжірибесі негізінде жұмыс істейді және ЕО-да наша саясатына қатысты ұтқыр халықаралық тәжірибеге біртіндеп бейімделуге бағытталған.

Энегетикалық сала, сауда және т.б. салалардағы ынтымақтастық Орталық Азияда (БОМКА) шекараларды басқару бойынша Бағдарламамен бекітілген, ол шекараларда қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету және заңды сауда мен транзитке (басты, көбінесе, Тәжікстанда таралады) бағыт алған.

Қазақстанда білім беру мен ғылым саласында еуропалық бағдарламалар- ТЕМПУС және Erasmus Mundus бағдарламалары жұмыстарын жалғастыруда. Бағдарламалар оқытушылар мен әкімшілік құрамның мобильділігіне көмек береді. 2009 жылы жоғары жылдамдықты интернет-байланыс негізінде, университеттер мен зерттеу орталықтарын қазіргі заманғы IT технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету және он-лайн режимінде қашықтықтан ынтымақтастыққа қолдау көрсететін  жаңа аймақтық ОА Ғылыми-білім жүйесі шақырылды.

Қазақстан үшін екі аймақтық су ресурстары мәселелерін бағытталған Қоршаған ортаны Қорғау бағдарламалары өте маңызды. Олар 2009-2012 және 2010-2013 жылдарға жоспарланған.

Кең танымал ТАСИС бағдарламасы (1991-2006) 2007 жылы демократияны нығайту жобаларын орындауға ықпал ету мақсатымен Ынтымақтастықты Дамыту Құралымен (DCI) алмастырылды. Қазақстанға DCI-дың бірнеше тақырыптық бағдарламалары ұсынылды. Олардың ішінде «Адамдарға инвестициялау» Бағдарламасы, алты басты бағыт бойынша қызмет етеді: денсаулық, білім және икем, мәдениет, жұмысбастылық пен әлеуметтік ауызбірлік, гендерлік теңдік, жастар және балалар. «Қоршаған орта және энергетиканы қосқандағы тұрақты табиғат пайдалану» Бағдарламасы қызмет етіп жатқан жобаларды толықтырады және серіктестік байланыстарға қатысты икемділікпен ерекшеленеді.

 «Мемлекеттік емес субъектілер және биліктің жергілікті органдары» Бағдарламасы үш бағытты қарастырады: дамушы елдер мен аймақтардағы қызмет, даму бойынша Еуропадағы хабардарлық пен білімділікті арттыру, азаматтық билік пен жергілікті билік жүйесі арасындағы координацияға көмек беру шаралары. «Миграция мен баспана» Бағдарламасы ОА миграциялық ағындарының барлық аспектілерін басқаруды жақсартуға бағытталған.

DCI-мен қатар аймақта және Қазақстанда қолданылатын бірнеше ынтымақтастық құралдары бар: демократия мен адам құқығы саласындағы Еуропалық құрал (ЕИДПЧ); Ядролық қауіпсіздік саласындағы құрал; тұрақсыздандыру эффекті бар нақты жаһандық және аймақаралық қауіптерді жою мен дағдарысқа қарсы іс-шаралар ретіндегі тұрақтылық құралы (IFS).

ЕО мен Орталық Азияның жаңа ынтымақтастығы XXI ғасырда нәтижелерін беруде. Орталық Азия елдері тарапынан, шынымен де, ЕО-мен ынтымақтастыққа қызығушылық барлық деңгейде және іс жүзінде барлық салада дамуда.

 

3. Сауда және экономика, инвестициялық ынтымақтастық.

         ЕО мен Қазақстан сауда қатынастары динамикалық түрде дамуда.   Қазақстан Еуропаның барлық мемлекеттері және территорияларымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жүргізуде.

         ЕО ұзақ уақыт бойы Қазақстан үшін номер бірінші сауда серіктесі болып келеді, оның үлесіне елдің сыртқы саудасының 47%-ы (2010 жылғы мәліметтер) тиеді, сол арқылы Ресей мен Қытайды басып озды [7].

2009 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 28,8 млрд. АҚШ долларын құрады және 2008 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда қысқарған (39,1 млрд. АҚШ доллары), өйткені дәл сол уақытта әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс орын алған болатын [8]. ЕО үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 40%-ы тиеді. Қазақстан ЕО-ның 29-шы ірі сауда серіктесіне айналды (2008).

Қазақстан ОПЕК-ке мүше емес елдер, яғни Ресей мен Норвегиядан кейін Еуропаға энерготасымалдағыштардың үшінші ірі жеткізушісіне айналды. ЕО кейбір мемлекеттерінде қазақстандық мұнайдың жеткізілген үлесі өте жоғары. Мысалы, Румыниямен ол 30%, Австриямен-25 % құрайды, ал  Швейцариямен біз екінші орында тұрмыз. Қазақстан ЕО елдеріне энергия импортының жалпы көлемінің 20%-ын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның бүгінгі экономикалық потенциалын көрсетейік: ЖІӨ көлемі бойынша Қазақстан 46 еуропалық мемлекеттер арасынан 23-ші орынды иеленеді. ХВҚ мәлімдеуінше, 2015 жылға қарай ҚР ЖІӨ Украина, Венгриядан алға шығып, Португалия, Финляндия, Ирландия және Румынияға жақындайды. Сондай-ақ қазақстандық мұнайдан өндірілетін жанармай мен дизельдік отынды еуропалық автокөліктердің 52 млн-ы қолданады.

ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар ынтымақтастық пен серіктестік Келісімі (СПС, 1999) арқылы реттеледі. Келісім пұрсатталмаған сауда келісімін қарастырады, ол арқылы тараптар бір-біріне тарифтерге қатысты «ең жақсы қолайлы жағдай» режимін пайдалануға берді, сол уақытта екіжақты саудада сандық шектеулеріне тыйым салынған.

Қазақстан ЕО пұрсаттық бойынша Бас жүйесі (GSP), ЕО ортақ нарығына экспортталатын тауарларға жеңілдікті кедендік салықтарды қолдануды қарастыратын екіжақты сауда келісімдері басымдықтарын қолданады. Қазіргі күні еуропалық мемлекеттердің импорты, көбінесе, мұнай мен газ (2009 жылы 89%-дан жоғары) басымдыққа ие энергетика секторы өнімі ретінде белгілі. Экспорттың басты өнімі болып өнеркәсіптік құрылғылар мен транспорт (57.4 %, 2008) табылады, олар, көбінесе, Қазақстанда жұмыс істейтін  еуропалық мұнай мен газ компанияларына негізделген.

Сауда-экономикалық қатынастардың эффективтілігі ЕО Бас пұрсаттық жүйесін қолдануға, экономикалық өндіріс пен экспорт диверсификацияға тәуелді. 3 млрд. долларға жуық импорт өнеркәсіптік тауарларды иемденуге бағытталған. Осындай пұрсаттылық тізімінде халық арасында көліктер, дәрілік препараттар, жуу құралдары, жиһаз, косметика, алкогольдік сусындар, кондитер өнімдері көшбасшылыққа ие. Еуропа елдеріне қазақстандық жеткізілімдер ішінде өнімнің үш басты түрі басымдыққа ие: энергетика (96 млн тонн), кен, металдар мен химикаттар (13,3 млн тонн), ауыл шаруашылық өнімдері (901,5 тыс тонн).

Халықаралық қаржылық институттар ЕО-ның ОА-дағы экономикалық және әлеуметтік құралдар есебінде қызмет атқарады: Бүкіләлемдік банк, Еуропалық Қайта құру мен Даму банкі (ЕБРР), Еуропалық инвестициялық банк (EIB) және т.б.

2009 жылы Н.Назарбаев пен Еуропалық Инвестициялық банк Президенті (ЕИБ) Филипп Майштадт ҚР мен ЕИБ арасындағы Жиекті келісім орнатты. Бұл келісім маңызды еуропалық институттардың бірінің біздің ел территориясындағы қызметін реттейді. Енді ЕИБ Қазақстан экономикасына, әсіресе инфрақұрылымдық жобаларға (шамамен € 1 млрд) инвестиция тарту бойынша маңызды серіктес ретінде белгілі.

Еуропалық Одақ Қазақстандағы ең үлкен шетелдік инвесторы болып қала бермек, оның үлесіне 2007 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың шамамен 54%-ы тиеді. Инвестициялардың үштен екісі табиғи ресурстарды өндіруге, ал төрттен бірі олардың барлауына бағытталған. Мұнай мен газдан басқа, ЕО ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, қызмет көрсету, қаржы және транспорт секторларына инвестицияланады. 56 млрд. АҚШ долларына жуық (шетелдік капиталдың жалпы санының үштен бірі) қаржыны Қазақстан экономикасына ЕО мүше-мемлекеттері инвестиция құйды. Өз кезегінде Қазақстан ЕО экономикасына 10 млрд АҚШ долларына жуық қаржы салды.

ҚР мен ЕИБ арасындағы ынтымақтастыққа «Жол картасы» ұсынылды: бұл нақты ұзақ уақыттық жобалар мен орта және ұзақ уақыттық перспективалар [10]. ЕО-ның Қазақстандағы басты инвесторлары есебінде Ұлыбритания, Нидерланды, Германия және Италия қалуда.

ЕО-мен сауда қатынастарындағы басты бағыты ДСҰ-ға кіруге дайындық болып қала бермек, жобалардың кейбіреулері аяқталған, кейбіреулері жалғасуда. Аяқталған жобалардың ішінде- техникалық реттеу мен техникалық регламенттерді ДСҰ талаптарына сәйкес өңдеу (2004-2005); Қазақстанның ДСҰ-ға кіру салдарларының экономикалық талдауы (2005-2006); жеке инвестицияларды жылжыту мен ынталандыру жүйесі (2005-2006); сауда мен бәсекелестікті дамыту үшін тарифтік емес кедергілер (2006-2007); Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне көмек; техникалық регламенттер мен стандарттарды үйлестіру (2005-2007). Ағымдағы ЕО жобалары ішінде Қазақстан үшін аяқталу кезеңінде: экспорттық мүмкіндіктерді қалыптастыру (2008-2010).

4. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық перспективалары.

«ЕО-Қазақстан» стратегиялық ынтымақтастығы төрт жыл көлемінде елеулі импульс алды. Жаңа Стратегияның мүмкіндіктері әлі іске аспаған, ынтымақтастық потенциалы, әсіресе, еуропалық жобалар мен екіжақты бастамалар тамамдалмады. «Тұрақтылық факторы» Қазақстандағы реформалардың іске асуын қамтамасыз етеді, аралық нәтижелерге қол жеткізілді, алайда олар жиі сынға түсіп, алдағы нақтылықты талап етеді.

     

ЕО-ҚР ынтымақтастығының келесі салалары мен бағыттары позитивті бағаланады:

-       Саяси диалог жоғары деңгейде тұрақтылық негізде екіжақты немесе көпжақты форматта күшейген, әсіресе Барроза мен Назарбаевтың 2006 жылы келісімдерінен кейін жақсарды.

-       ОА-да энергетикалық және транспорттық байланыстардың диверсификациясы бойынша тығыз ынтымақтастығы принципиалды келісіміне қол жеткізілді.

-       Қазақстандық «Еуропаға Жол» (мемлекеттік бағдарлама) іске асырылып жатыр: ЕҚЫҰ-дағы белсендік Еуропа елдері және ЕО құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге алып келді.

-       ДСҰ-ға кіруге дайындық процесі ҚР мемлекеттік бағдарламасына сай және ЕО кеңестік қолдауы негізінде іске асырылады.

-       Қазақстанда ЕО көмегімен соттық және құқықтық реформаларының іске енуі іскерлік және инвестициялық климатының жақсаруына, жемқорлыққа қарсы шаралардың күшейтілуіне алып келеді. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және заңдардың біртіндеп орындалуы- қалаулы мақсат.

-       ЕО-мен Адам Құқықтары бойынша құрылымдық Диалогта мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерді қосу. Стратегия бойынша Ұлттық Координатор тағайындалған.

-       ҚР-да конфессияаралық және этносаралық диалогын (Қазақстан халықтар Ассамблеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер съезі және т.б. форумдар) ендіру. Қазақстан ислам сұрақтары бойынша саяси  «толерантты» алаң ретінде ұсынылды.

-       XXI  ғасырда қауіптерге қарсы халықаралық саясатта Қазақстанның қатысуы ең алдымен, нашақорлықпен күрес, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және т.б. әрекеттер ЕО қауіпсіздік саласына оның жалпы сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясатының қосымшасы ретінде кіруге мүмкіндік берді.

5. Стратегияның сын қабылдануы. Еуроодақтың Орталық Азиядағы қызметінің эффективтілігі Стратегияның нәтижесіне қатысты асыра сілтеушілік, сондай-ақ аяғына дейін жеткізілмеген бағдарламаларға тәуелді. Жағымсыз сыртқы жағдайлар (әлемдік қаржы дағдарысы және оның салдары) объективті түрде Стратегияның жүзеге асуына негативті фон тудырады. Осы жерден Стратегияның эффективтілігіне септігін тигізе алатын кейбір ұсыныстар:

 

  -      ОА-да ЕО-ның басқа осы аймақта қызығушылығы бар акторлармен салыстырғандағы белсенділігі аймақта еуропалық вектордың нығаюына кері әсер береді. European «Real Policy» Қытай, Ресей, Үндістанның «Real Policy», әсіресе бизнесті алға бастыруда орын береді.

  -               ОА-да болып жатқан проблемаларға ЕО-ның салғырт қарауы, осы жерден ЕО-ның аймақта қатысуы «аз байқалады». Ортақ ЕО қызығушылық білдіруде бірліктің болмауы, тиісінше, ОА-ға қатысты ортақ саясаттың болмауы ОА елдерін басқа серіктестер іздеуге мәжбүрлейді.

    -   Күшейтілген «ЕО-ҚР» саяси диалогы «ЕО-бес ОА республикалары» диалогтық форматының қосымша бөлігі бола алмады. ОА-да «аймақтық бірлік» және шынайы интеграцияға талпыныс жоқ. ЕО-ның тереңдетілген интеграциялық тәжірибесі қажет.

    -    ЕО-да Стратегия жобалары бойынша шешімдердің баяу қабылдануы.

    -   Проблемалар мен ұсынылған жобалар арасындағы келіспеушіліктер. Тиісті бақылаусыз жоба эффективтілігінің төмендеуі.

    -         ЕО «бастамаларының» форматы (ОА-дағы билік құқығы, адам құқығы, мемлекеттік басқару, демократизация сияқты салаларға ЕО-ның арнйы бастамалары) эффективті бола алмайды. Егер Франция мен Германия осы бастамаларды дайындаубастамаларының көшбасшы координаторлары болса, олар ҚР билік органдарымен осы бастамалардың орындалуы бойынша келісуде көп басымдыққа ие болушы еді.

    -     Нормативті-құқықтық және келісімдік база стратегиялық ынтымақтастық этапында ескірді. 2009 жылғы ЕО мен ҚР арасындағы келісімді оңтайландырып, жаңа СПС қабылдануына көшу қажет.

    -     ЕО-да ОА авторитарлық басшылары мен саяси режимдер туралы теріс түсініктің қалыптасуы: ащы сыннан жарамсақ пен саяси диалогқа дейін. Азаматтық қоғамның даму процесі жапа шегуде.

    -     Стратегияның бақылануы мен жүзеге асуы бойынша икемді механизмдер қажет.

    -     Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Брюссельде көп жағдайда саяси бастама сияқты қабылданады.

    -     ЕО әлі күнге дейін Қазақстанды дамыған нарықтық экономикалы мемлекет деп таныған жоқ. ЕО-да келісімдер 2011 жылы аяқталады. Стратегияның мақсаты- Қазақстанның жаһандық сауда мен әлемдік экономикалық жүйесі және ДСҰ-ға қосылу сияқты әрекеттермен «интеграциясын тереңдету»- әлі күнге дейін орындалған жоқ.

    -     Экспорттық жолдардың диверсификациясы Қазақстанның  Транскаспийлік-трансқаратеңіздік энергетикалық дәлізін құру бойынша қатысуы оның ЕО-ның басты серіктесіне айналуына өз септігін тигізеді.

    -    Еуразияда Трансазиаттық дәлізді құру бойынша ЕО-ның Транспортты Стратегиясы Қазақстанның серіктестік негізінде ауқымды қатысуы арқылы ғана мүмкін болмақ.

    -    ЕО-ның қарсылықты саясаты аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты қарсылықты дәмесінен туындайды.

    -    ЕО-ның білім беру бағдарламалары (ERAS­MUS, TEMPUS, MUNDUS және т.б.) қоғамның барлық таптарын қамтымайды. Бұл бағыт білім арқылы мүмкіндіктерді теңестіру, кедейшілікке қарсы тұруға көмек бере алмайды және ұдайы қаржыландыруды қажет етеді.

    -    ЕО-ның эконологиялық жобалары аймақтық кіреберіс пен приоритеттерді саналы таңдау, әсіресе су ресустары саласы мен ресурстар тасымалдануының диверсификациясы саласында эффективті.

    -    Стратегияның жобалық бағытын іске асыруда бюджет жетпейді. Әрбір мемлекетпен жеке және аймақпен жалпы ынтымақтастықтың ауқымды қамтылуы үлкен қаржылық және техникалық шығындарға алып келеді. Сондай-ақ ғылымға қатысты жобалар шектеулі немесе минимумға дейін түсірілген.

 «ЕО-Қазақстан» қатынастарының сыни талдау аспектісі екі тезисте көрінуі мүмкін: ЕО үшін экономика мен демократизация салаларындағы приоритеттер арасында таңдау мен теңестіру саясаты. Қазақстан үшін- Ресей, Қытай, АҚШ-пен немесе ЕО-мен жақындасуы бойынша «көпвекторлы» қызығушылықтары арасында балансты сақтау.

Оған қоса, Еуропа қазақстандық халықаралық көшбасшылық амбицияларын бекіту үшін де маңызды.  «ЕО-Қазақстан» жаңа серіктестік стратегиясын іске асыру ағымындағы позитивті алға тартулардың потенциалы және сәтті жалғасын табуға перспективасы да бар.

 

Добавила

Ынтымақтастықтың барлық салаларында келесі жоғарыланған этапты бекіту мақсатымен Қазақстан мен ЕО арасындағы базалық Келісімнің өзектендіру қажеттігіне байланысты, Тараптар жаңа базалық екінші ұрпақ келісімін орнатуға уағдаласты. 2011 жылы маусым айында Брюссельде ҚР-ЕО кеңейтілген ынтымақтастығы мен серіктестігі жөнінде жаңа Келісім туралы келіссөздерге ресми бастама берілді. 2011 жылдың маусымынан 2014 жылдың шілдесіне дейін жаңа Келісімнің мәтініне қатысты 7 ресми келіссөздер раунды жүргізілді. Ақырғы раунд Астана қаласында 2014 жылдың 9-11 қыркүйегі аралығында өтеді, одан кейін пұрсаттау, қол қою және ратификация рәсімдері жүргізіледі. 

Сауда-экономикалық қатынастар дамуының жоғары темптеріне қол жеткізілді. ЕО Қытай мен Ресейді басып озып, Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. ЕО үлесіне қазақстандық сыртқы сауда айналымының жартысы және Қазақстан экономикасына тартылған шетелдік капиталдың 49%-ы тиесілі. Қазақстанның ЕО елдерімен  сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 53,4 млрд. АҚШ долларын, 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында -28,4 млрд. АҚШ долларын (импорт-4,1 млрд. АҚШ доллары, экспорт-24,3 млрд. АҚШ доллары) құрады.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері 2014 жылдың I-ші тоқсанына дейінгі аралықта ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция мөлшері 92,7 млрд. АҚШ долларын (барлық тартылған 189,7 млрд. доллардан) құрады. Басты инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары ЕО-ның сенімді және жауапкершілігі мол энергетикалық серіктесі ретінде орнықты. Қазақстан Еуропаға ОПЕК-ке мүше емес елдер- Ресей мен Норвегиядан кейінгі үшінші ірі энерготасымалдаушы ретінде танымал.

Ынтымақтастықтың жаңа форматы - тараптарды қызықтыратын тақырыптар бойынша толық кеңестерді қарастыратын салалық диалогтар (энергетика, транспорт, қауіпсіздік, миграция, адам құқықтары диалогы және т.б.).

Парламенттік ынтымақтастық Комитеті отырысы жылына бір рет өткізіледі (Еуропалық парламент- ҚР Парламенті). 2013жылдың қарашасында Брюссельде Қазақстан-ЕО парламенттік ынтымақтастық Комитетінің 12-ші отырысы өтті.

ҚР-ЕО өзара байланысының институционалдық жүйесінде маңызды ролді жыл сайынғы ынтымақтастық Кеңесі отырыстары иеленеді. Кеңестік шешімдердің имплементациясы үшін ынтымақтастық Комитеті мен екі профильді ынтымақтастық шағын комитеттер : сауда, инвестиция, транспорт және энергетика бойынша; әділеттілік пен заңдық тәртіп бойынша шағын комитеттер жұмыс істейді.

2013 жылдың маусымында Еурокомиссия Басшысы Ж.М.Баррозаның ҚР-ға ресми сапары біздің ынтымақтастығымыздың кеңеюі мен тереңдеуіне септігін тигізді, сонымен қатар Астана мен Брюссель арасындағы көпдеңгейлі қатынастың дамуына екіжақты қызығушылықтарын тағы да бекітті.

Қол жеткізілген келісімдердің тәжірибе жүзінде іске асуын ескере отырып, 2014-2015 жылдары ҚР-ЕО саяси диалогының интенсивтілігі күтілуде.

2. Еуропа елдеріндегі елшіліктерде қызмет атқарған бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев Қазақстанның сыртқы саясатындағы кейбір векторлар «ауырлағандығын» айтты. Ол Еуразиялық экономикалық одақ келісімінде екіжақты сыртқы саясат қарастырылғандығына аса көңіл бөледі. Алайда, Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, Қазақстан ресей-украиналық шиеленісте  Қырымды Ресейдің бөлігі екенін мойындамады, керісінше, бейтараптылық сақтап қала алды.

Алайда, Астанада Еуропалық Одақ пен Ресей арасындағы осындай нейтралдық позицияны сақтап қалу оңайға соқпайды. 2008 жылы қабылданған «Еуропаға Жол» бағдарламасы ұмытылып та қалды.  2009-2011 жылдарға арналған осы Бағдарламаға сәйкес, сайлау жүйесі, мемлекеттік қызмет, сот жүйесі және тағы да басқа салалар  бағыттары бойынша жұмыс еуропалық тәжірибеге сүйеніп жасалуы қажет еді. Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-да өкілдік етуінен кейін бұл бағдарлама күн тәртібінен алынып тасталған сияқты. Бірақ, Қазақстанға Брюссель қаласында ұсынылған ЕО-мен ынтымақтастық туралы келісім және Чехия, Швейцария және Францияның басшыларының сапарлары бұл саяси-экономикалық диалогты қайта жаңғыртуы мүмкін.

Маман Қазбек Бейсебаевтің айтуы бойынша, Франция президенті Франсуа Олландты желтоқсан айындағы Астанаға және осыдан кейін жалғасқан үйге қайту жолындағы қысқа аралық Мәскеуге сапары Қазақстанның халықаралық аренада көпжақты сыртқы саясатты жалғастыратындығын тағы да дәлелдеді.

 

3. Қазақстан мен ЕО

Мақаланың бірінші бөлімі.

 

Қазіргі күні Брюссельде Қазақстанның қоғамдық және саяси эволюциялық процестермен және Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде белсенді қатысуын арттырумен экономикалық дамуын жетілдіру мақсатында ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынастарды тереңдетуге бірден-бір мүмкіндіктерге жол ашылуда.

Еуропалық мамандардың айтуы бойынша, ҚР билік жүйесі - комплексті құрылым және әртүрлі приоритеттері бар бірнеше топтардан тұрады. Оған қарамастан, мемлекет басшылары мемлекеттік модернизациясына көз тіккен, ал мультивекторлы сыртқы саясат еуропалық бағытты да қарастырады, осыдан  Қазақстан барлық күш-жігерімен көрші елдерден, Ресей мен Қытайдан  тәуелділіктен құтылғысы келетіндігі айдан анық.

Еуропалық Одақпен ынтымақтастық мақсаты – Қазақстан Республикасының еуропалық алдыңғы қатарлы елдермен стратегиялық ынтымақтастығының жаңа деңгейге көтерілуі.

 

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі салдар  қарастырылады:

 

1) Қазақстан Республикаларының Еуропа елдерімен барлық бағытта, экономикалық (оның ішінде энергетикалық), әлеуметтік және саяси аспектілер, қауіпсіздік мәселелері мен гуманитарлық салада ынтымақтастығы;

 

2) еуропалық позитивтік тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалды-құқықтық базасын күшейту;

 

3) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы өкілдік етуін ұтымды пайдалану.

 

Жаңа стратегиялық мақсаттар ЕО басшыларынан көршілермен өз қатынастарының барлық спектрлерін қайта қарастыруды талап етеді. Бұл ең алдымен шығыс кеңістік - Ресей мен Орталық Азияны қосқандағы ТМД елдерін қамтиды. Осы мақсаттардан бастау алып, ЕО Мәскеумен өз қатынастарын жаңа форматқа ауыстыруға әрекет жасап көрді, яғни «көршілік саясатын» (Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Еуропа) жүргізу және Орталық Азияға қатысты стратегияны дайындау.

Каспий аймағы мен Орталық Азия елдерін Еуроодақ өзінің энергетикалық тылы ретінде қарастырады. ЕО стратегиялық мақсаты- Еуроодақ экономикасын жеке ресурстық база ретінде алып, ресей мен еуразиялық потенциал интеграциясын құру.

Дәл сол уақытта ТМД елдерінен келетін көмірсутегі тасымалдануына бақылау орнату үшін ЕО-ның бұрынғы және жаңа мүшелері арасында қарсылықтар мен бәсекелестіктер орын алды. Дәстүрлі және альтернативті ресурстар қойнауына бақылау орнату бойынша Еуроодақ өз стратегиясында сыртқы бәсекелестер- Америка Құрама Штаттары, Жапония, Қытай және Үндістанмен қарсылықтарға тап болуда және ол жалғасын табуы әбден мүмкін.

Барлық аталған факторлар Еуроодақтың өз стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету құралдары мен әдістеріне , басқа да елдер немесе аймақтармен, оның ішінде Орталық Азиямен де ынтымақтастығына өз ізін қалдыруда.

2007 жылы 31 мамырда дайындалған, «ЕО және Орталық Азия: жаңа серіктестік үшін стратегия» атауын алған және 2007-2013 жылдарға жоспарланған құжатқа сәйкес ЕО-ның аймақтағы мақсаттары келесі бөліімдерден тұрады:

 

1)        елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 

2) мыңжылдық даму Мақсаттары контексінде кедейшілік деңгейін қысқарту мен өмір сүру деңгейін жақсарту;

 

3)   Орталық Азия елдері арасында болсын, осы елдер және ЕО арасында да, әсіресе, энергоқамтамасыз ету, транспорт, жоғары білім мен қоршаған орта салаларындағы аймақтық интеграцияға барынша қол ұшын беру.

 

Қазақстандағы адам құқықтары туралы диалогтар үшін бағдарлама шеңберінде Еуроодақ Астанадан келесідей шарттардың орындалуын талап етуге ынталы: қамауға ордер (қамауды қолдау) беру процедурасын қиындату; құқықтық салаға мемлекеттің араласпауы; сотқа дейінгі анықтауларда адам құқықтарының қорғалуы; «жәбірлеу» мен «ғайбат» түсініктерін қылмыстық құқықтан алып тастау; жиындардың еркіндігі заңнамасын дамыту және  ассоциациялар еркіндігі туралы халықаралық нормаларға сай заңнамалар дайындау; ой еркіндігін қалыптастыру, БАҚ туралы заңнаманың либерализациясы, омбудсмен институтын бекіту.

Қазақстан мен оның азаматтары үшін визалық режимді максималды  жеңілдету қажеттілігі туындап отыр. Сауда қатынастарында қазақстандық тарап Қазақстан үшін өз экспорттық тауарларының (болат, уран және т.б.) анықталған номенклатуралары бойынша тиімді етіп, ЕО-ның тарифтік саясатының өзгеруіне қол жеткізуі қажет. Бұл сұрақты Қазақстанның энергетикалық саясаты саласында ЕО-мен белгілі бір қадам және жеңілдіктермен ұштастыруға болады. ҚР-дың Еуроодақтағы экономикалық қызығушылықтарының кейбір бөлігі Дүниежүзілік Сауда Ұйымы аясында іске асыруға болатынын ескеру қажет.

Еуропалық институттар тарапынан сын мен демократиялық дотациялардан толығымен құтылу мүмкін емес екенін есте ұстау қажет. Алайда, осындай шабуылдарға көңіл бөлмейтіндей, барлық салада (тек саяси және экономикалық емес, демократиялық жағынан да) нығаюды  алға мақсат ету керек.

Маңызды сұрақ болып келесі мәселе қалуда : Еуропалық Одақтың Қазақстан және Орталық Азияға  геоэкономикалық ықпалы қаншалықты мықты болуына байланысты Қытай ықпалы мен Ресейдің аймақтағы бақылауын қайтарғысы келетін әрекеттеріне қарсы тұру, сондай-ақ АҚШ-тың бұл аймақтағы белсенділігін жансыздандыруға да мүмкіндік бар.

Қазақстан ЕО тарапынан аймаққа қызығушылықтың артып келе жатқанын ескере отыра, өзінің қуатты серіктесіне ықпалдасудың әртүрлі құралдары мен әдістерін қолдануы қажет:

 

–Орталық Азияға қатысты еуропалық стратегия мен саясаттың әлсіз тұстары мен кемшіліктеріне еуропалық серіктестерінің назарын аударту қажет. ЕО Ауғанстаннан және Оңтүстік Азияның оңтүстігінен келетін бүкіл аймаққа тиесілі қауіптерге (діни радикализм, нашақорлық, заңсыз миграция және т.б.) байыппен қарамайды.

 

– ЕО-ның орталықазиялық стратегиясында экономикалық емес, саяси көзқарас басымдыққа ие екеніне серіктестердің көңілін аудырту қажет. Демократияны құру мәселелерінде ЕО приоритеттері жиі өзгеріп тұрады және бір-біріне қарама- қайшылықтар болып та жатады. ЕО дәстүрлі түрде демократиялық қайта құрылым моторы ретінде азаматтық қоғамның потенциалын  арттырады және осы сұрақтарда мемлекеттің ролін толық бағаламайды.

 

– ЕО-ның Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова және Украинамен байланыстары «Еуропалық көршілік пен ынтымақтастық құралы» құжаты шеңберінде орнатылады, ал Орталық Азиямен қаынастары «экономикалық ынтымақтастық пен даму жұмыстары ынтымақтастығы құжатымен» құрылған. Осыған сүйеніп, Азияның орталығында «Азия» ретінде де, «еуропалық көрші» ретінде  де қарастырылмайтын арал қалыптасады, бұл Қазақстанның ақталмаған қызығушылықтарының шектелуіне негіз болады.

 

– Қазақстан өз азаматтары үшін визалық режимнің барынша жеңілдетілуіне қол жеткізу керек.

 

– Сауда қатынастарында қазақстандық тарап Қазақстан үшін өз экспорттық тауарларының (болат, уран және т.б.) анықталған номенклатуралары бойынша тиімді етіп, ЕО-ның тарифтік саясатының өзгеруіне қол жеткізуі қажет. Бұл сұрақты Қазақстанның ЕО-мен энергетикалық саясаты саласында белгілі бір қадам және жеңілдіктермен ұштастыруға болады.

ЕО-мен барлық саяси және сауда-экономикалық қатынастар комлексінде Қазақстанға қызығушылық танытып отырған әрбір ҚР мекемелері арасында іс-қимылдардың қатаң координациясын қалыптастыру қажет. Ең бастысы- дипломатиялық қатынастарды жалғастыру және келісімдік процестің сәтті өтуі үшін Қазақстанға , әсіресе, Еурокомиссиямен жұмыс атқарған, оның құрылымы мен компетенция шегін, жұмыс механизмі, шешімдердің дайындалуы мен қабылдануын  білетін аудармашылар қажет. Оған қоса, еуропалық құқық саласы бойынша салалық эксперттер мен мамандар да артықшылық етпейді.

Посткеңестік кеңістікте, әсіресе Орталық Азияда ЕО ықпалы объективті түрде ұзақ уақыттық сипат алып, ұзақ перспективада сақталады деген түсінік бар. Сонымен, ЕО Орталық Азияның болашағы мен қауіпсіздігін анықтайтын маңызды геосаяси және геоэкономикалық актор болып қалмақ.

Еуроодақпен қатынаста Қазақстан Еуразияда басты экономикалық орталық атанған ЕО-ның басым позициялары өз күшін жоғалтуы мүмкін екенін ескеруі қажет. Оған қоса, ЕО мемлекеттері сыртқы миграция объектісіне айналып отыр. Бұл жерде әлеуметтік құрылым мен өнеркәсіпте терең трансформациялық процестер орын алуда. Сол уақытта ЕО-ның еуразиялық энергия көздеріне тәуелділігі әлі ұзақ уақыт сақталады.

Қазақстандық «Еуропаға Жол» бағдарламасы, яғни ҚР мен Еуроодақтың максималды мүмкін саяси және экономикалық интеграциясы- қазіргі қалыптасқан жағдайда іске асу мүмкіндігі өте аз.

Бұл ЕО-ның саяси мәдениетінің ерекшеліктерімен, геосаяси және географиялық императивтерімен, ең бастысы- посткеңестік кеңістіктегі елдерге қатысты қате ұғыммен қамтылған. Бұл қатынас ЕО-ның Ресеймен және басқа да ТМД елдерімен байланыспен көрнекі үйлеседі.

Қазақстан, Ресей және басқа да ТМД елдері үшін басты проблема- егемендік принциптерімен басқарылатын мемлекеттердің Еуроодақтың «бюрократиялық империализмі» бар интеграциялық машинасымен жүйелік үйлесімсіздігі. 

Жалпы ЕО Қазақстанның Еуропалық Кеңеспен өз қатынасын дамытуға және Парламенттік Ассамблеяда қатысушы ретінде, Еуропа Кеңесінде толыққанды мүшелігін қосқанда, байыпты саяси реформалар мен адам құқықтарының көп жағдайда қадағалануына негізделіп  қатысуын белсенді қолдайды. Қазақстандағы ЕО-ның білім беру бастамалары Қазақстанды болондық процесс нормаларына жақындастыру бойынша сәтті жұмыс жүргізіп жатқан ТЕМПУС бағдарламасының шегінен асу қажет. Еурокомиссия тек шәкіртақы бөлумен шектелмей, Астанадағы жаңа техникалық университеттің жұмысына еуропалық институттардың қатысуын қолдауы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии (0)Просмотров (1008)


Зарегистрированный
Анонимно