Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан. Тұрғыны 10,6 мың адам (2006). Қргесі 1910 ж. қаланған. 1961 — 97 ж. көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда және округке қарасты Айқым, Еңбекші, Құмарал, Сауыншы, Тасқын және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. [1]
Страна Казахстан
Область Алма-атинская
Район Карасайский
Координаты Координаты: 43°22′39″ с. ш. 76°37′12″ в. д. (G) (O) (Я)43°22′39″ с. ш. 76°37′12″ в. д. (G) (O) (Я)
Часовой пояс UTC+6
Чемолган (Казахстан)